Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Ең қымбат байлық

Күндердің бір-күні адаммен адамның бір-біріне ісі түсетіні анық.  Қанша жерден бірін-бірі жек көрсе де, жаулассада барар жері бір. Кейбір адамдар қабірде құрт жейтін түрімен көкірегін көтеріп, тәкәппарланады. Өзгеге жақсылық жасауды қойшы, жақсы сөзде айта алмайды  ғой.  Тағы бар болғырлар, кісімсініп аң патшасы арыстандай айбаттанады мыс. Енді басқа не істеуін.  Қолынан одан басқа ештеңе де келмейді.  Өзінен басқаларды көрер де емес.  Бұл жалғандағы байлықты ақша немесе түр әлпет деп ойлайды ау шамасы.  Кім білсін мүмкін олардың да өткен өмірі өкінішке толы шығар.  

Анау бір күні бір адамды көзім шалды. Кездейсоқ емес әрине, әдейі. Өзім іздедім. Ғаламтордың бір жақсысы осы ғой,  керек адамды әп сәтте табасың. " Бала сатамын" деген хабарландыруды арнайы қарап шықтым. Құдай ау әлгіні көріп, жағамды ұстадым. Бір кісіден сұрадым. 

— Сәлеметсіз бе! Мен хабарландыру бойынша қабарласып отырмын.  Батаңызды қаншаға саудалап отырсыз? Қанша жаста? 

— Сәлеметсіз бе! 2 миллион деп отырмын. 1 жастан асып жатыр.  

— Отбасылық жағдайларыңыз қалай? Не себепті баланы сауғалап отырсыздар? 

— Отбасылық жағдайым төмен. Күйеуімнен айрылғанмын. Шыныменде баланы аламысыз? Әлде тексеріп отырғызба?

— Мына заманда баладан артық жан барма? Ертеңгі күніңізді қалай елестетпексіз? Ар-ожданыңыз мазаламайма?" дегеніміз сол еді телефон тұтқанын қойып қойды. 

Бірнеше жылдан соң жас келіншек қоңырау соғып тұр. Тыңдап тұрсам сол әйел. Маған алғысын білдіріп жатыр. "Міне жаңа өмір бастадым.  Сол түні әрі ойланып бері ойланып бір шешімге келдім. Бұл пәниде баламнан басқа арқа сүйерім жоқ екенін түсіндім. Сөйтіп бір күні жаңа жолдасымен танысып,  жаңа өмір бастадым.

Менде қуаныштымын. Ана мен баланы қауыштырдым. Ол әйелдің ендігі 1 ұл бір қызы бар. Өмірден сабақ алып, ең қымбат қазынасын тапты. 

Асанова Ақбота


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама