Photo: Ayazhan (https://www.pexels.com/@ayazhan-3173683) / Pexels
- 15 сәу. 2026 01:00
- 27
Ақтауда Бекет атаға баратын жол ақысы өзгерді
Ақтау қаласынан киелі Бекет атаға баратын жол жүру ақысы мен кестесінде өзгерістер енгізілді. Бұл туралы «Каспий Авто Парк» ЖШС баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жаңа бағалар 21 наурыздан бастап күшіне енді. Енді ересектер үшін бір жаққа жол жүру құны 1500 теңгеден 2500 теңгеге дейін өсті. Ал 12 жасқа дейінгі балалар үшін бұл сома 750 теңгеден 1250 теңгеге көтерілді.
Автобустар аптасына төрт рет, яғни сейсенбі, бейсенбі, сенбі және жексенбі күндері сағат 07:00-де «Сары базар» автотұрағынан қатынайды.
Қосымша ақпаратты 8 (777) 550 26 66 телефоны арқылы білуге болады.
-
Директор столичной школы Акмоншак Нуртазакызы одержала победу в проекте «Алтын ханым», организованном продюсером Баян Алагөзовой, и планирует направить приз на социальные инициативы.