Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 19 минут бұрын)
Астанада наурыз айындағы ауа райына қатысты синоптиктер болжамы жұртты таң қалдырды

Наурыз айының басында Астана тұрғындарын күшті аяз күтіп тұр. Айдың алғашқы күндерінде түнде температура –19…–24°С дейін төмендейді. Кейіннен ауа райы жылынып, түнде –8…–13°С, күндіз –3…+2°С болады. Алайда, бұл жылымық ұзаққа созылмай, қайтадан суытып, түнде –13…–18°С, күндіз –3…–8°С дейін төмендеуі мүмкін.

Айдың ортасында күн жылына бастайды. Түнде температура –13…–18°С-дан 0…–5°С-ға дейін, ал күндіз –3…–8°С-дан +5…+10°С-ға дейін көтеріледі. Кей күндері көктемгідей жылы ауа райы орнайды.

Айдың соңында ауа райы тұрақсыз болып қалады. Синоптиктердің мәліметінше, түнде температура 0…–5°С-дан –8…–13°С-ға дейін, күндіз +5…+10°С-дан –3…+2°С-ға дейін ауытқиды. Кей күндері плюс температура байқалса, кей күндері шағын аяз қайта оралуы ықтимал.

Ай бойы жауын-шашын мөлшері қалыпты болады, шамамен 20 мм. Күн жылымықпен қатар қар, боран, жаңбыр немесе қар жаңбыры да болуы мүмкін. Кей жерлерде көктайғақ болады.

Наурыз айында жел күшейіп, екпіні секундына 15–20 метрге жетуі ықтимал. Кейде тұман да түсуі мүмкін.

Жаңалықтар

Жарнама