Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі құқықтық жауапкершілігі
Сабақтың мақсаты: Ата - аналарды Қазақстан мемлекетінің негізгі құқықтарымен таныстырып, ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімдегі шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыруда, өз құқықтарын терең сезінуге ықпал ету.
Түрі: Бетпе – бет, кездесу.
Көрнекіліктер: Слайд, кітап көрмесі, үйдің макеті, ақ қағаз.

І. Ұйымдастыру кезеңі:
Мұғалім: - Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ата - аналар! Бүгінгі біздің «Ата - аналардың бала тәрбиесіндегі құқықтық жауапкершілігі», атты бетпе - бет кездесуімізге қош келдіңіздер!
Кездесуімізге 7 «а» сынып оқушыларының ата - аналары, Көкпекті аудандық жасөспірімдер инспекциясының инспекторы, М. Әуезов атындағы орта мектептің құқық пәнінің мұғалімі қатысып отыр.

Кездесуімізді психологиялық тренингтен бастасақ,
менің қолымда (ақ парақ, дәл ортасында дөңгелек қара ноқаты бар) сіздер не көріп тұрсыздар? Соны суреттеп берсеңіздер. Әрине, бұл жерде ақ қағазға қарағанда қара түс тез көзге шалынады, сол секілді бала бойындағы кемшіліктерді ғана көре бермей жақсы қасиеттерін де көре білуіміз керек. Жақсы қасиет әрине тікелей тәрбиеге байланысты.

ІІ. Кіріспе сөз: Ендеше, жас ұрпақты тәрбиелеп, білім беріп, қоғам мүддесіне жарату ата - аналар мен ұстаздар қауымы үшін кезек күттірмейтін мәселе.
Бала тәрбиесі - бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абройлы міндеті.
Кезінде Әл - Фараби бабамыз: «... Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі...» демеп пе еді

Кез - келген ата - ана баласының әдепті, білімді болып өсуін армандайды. Қазіргі қоғамда ата - ана сол арманына жету үшін баласын қалай тәрбиелейді? Бақытты жанұя қандай болмақ? Бүгін біз сіздермен осы тұрғыда сөз қозғаймыз.
Бүгінгі заманда әрбір адамның өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласы бойынша мағлұмат алғаны дұрыс. Енді, құқық жөнінде жалпы не білеміз?

Құқық дегеніміз - мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі. Ал, міндет – адамдар бұлжытпай орындауға тиіс тәртіп пен қарым - қатынасқа қойылатын талап.

Біздің елімізде адам құқықтары Ата Заңымыз –
• Қазақстан Республикасының конституциясында көрініс тапқан, ол 9 бөлім, 98 баптан тұрады.
• « бала құқығы туралы Конвенция» 1998 ж. БҰҰ бекіткен.
• Адам құқықтары жөніндегі декларация.
• 2002 ж. 8 - тамызда бекітілген « ҚР - ның бала құқығы туралы» заңы
• « Неке және отбасы» заңы, осындай құжаттарда адам құқықтары, бала құқықтары орын алған және адамдар өмірінің түрлі салаларын реттеуге бағытталған.
Мұғалім: осы заңдардың мақсаты не деп ойлайсыздар? Құқық пәнінің мұғалімі ---------------------сөз берсек.

Құқық пәнінің мұғалімі: Балаларды қорғауға олардың шығармашылық белсенділігін дамытуға, азаматтыққа тәрбиелеу, ұлттық сана - сезімін
қалыптастыру т.б.
Мұғалім: Балалар мүдделерін мемлекеттік қорғау дегенді қалай түсіндірер едіңіз?
Құқық пәнінің мұғалімі:
Өмірге баланың келуі, яғни тууы олардың ата - аналарының арасында әртүрлі құқықтар мен міндеттердің туындауына алып келеді. Заң баланың қандай құқықтарын реттейді?
Құқық пәнінің мұғалімі:
Мұғалім: Ал, енді балалар құқығы туралы айтсаңыз, ата - аналардың балалар тәрбиесіне байланысты құқықтар мен міндеттері туралы не айтар едіңіз?

Шығыс Қазақстан облысы, Тассай ауылы,
М. О. Әуезов атындағы орта мектептің
физика пәні мұғалімі Смагулова Б. А.

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама