Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 19 минут бұрын)
«Атамды сағындым»: Назарбаевтың шөбересі Лора Әлиеваның видеосы жұртшылықты елеңдетті

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шөбересі Лора Әлиева TikTok әлеуметтік желісінде белсенді контент жариялай бастады. Оның жазбалары жұртшылықтың назарын аударып, талқыланып жатыр.

Лора Әлиева – Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен немересі Нұралы Әлиевтің қызы. Нұралы Әлиев – Дариға Назарбаеваның ұлы және марқұм Рахат Әлиевтің баласы.

TikTok-тағы соңғы видеоларының бірінде Лора марқұм атасы Рахат Әлиевті сағынышпен еске алды. Ол «Атамды сағындым. Венаға барып келейін» деп жазып, Австрия астанасында түсірілген кадрларымен бөліскен. Бейнежазбада Венадағы зираттардың бірінде орналасқан Рахат Әлиевтің қабірі де көрінеді.

Бұл жарияланым әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр. Кейбіреулер мұны жеке естелік пен сағыныштың көрінісі деп бағаласа, енді бірі танымал әулет өкілінің әлеуметтік желідегі белсенділігіне назар аударды.

Жаңалықтар

Жарнама