depositphotos.com
- 09 ақп. 2026 17:31
- 48
Қазақстанға 30 градустық аяз қайта оралады
Қазақстанның солтүстік, солтүстік-батыс және орталық өңірлерінде 10-11 ақпан күндері ауа температурасы түнде 22-30 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі. Бұл туралы Қазгидрометтің болжамына сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.
Қазгидромет синоптиктері 10, 11 және 12 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Ел аумағында батыс циклоны мен атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтілуде. Әсіресе, 10-11 ақпан күндері солтүстік, солтүстік-батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және орталық аудандарда, 11 ақпанда шығыс өңірлерде қатты жауын-шашын болады.
Республика бойынша көктайғақ, бұрқасын және екпінді жел болады.
Температураның өзгеруі
Ақпанның соңында батыс антициклонының әсерінен жауын-шашын тоқтап, температура төмендейді:
Бұған дейін синоптиктер ақпан айына арналған ауа райы болжамын жаңартқан болатын. Онда ақпан айының климаттық нормадан 1-2 градус жылырақ келетіні, ал жауын-шашын мөлшері орташа болып, республиканың басым бөлігінде температура нормадан жоғары болатыны айтылған еді.