Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 58 минут бұрын)
Атыраудағы қанды оқиға: Марқұмдардың туысы жүрек ауыртар мәлімдеме жасады

Атырау облысындағы қайғылы оқиғаға байланысты марқұмдардың туысы Шалқар Мұқанғалиевтің айтқандары көпшіліктің жүрегін ауыртты. Күдіктілер ұсталып, елге жеткізілгені туралы хабарды естігенде, отбасы соңғы сәтке дейін тірі қалуына үміттенген.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Қылмыскерлер ұсталды, елге әкелді деген кезде бір үміт болған еді. Бәлкім, тірі шығар дедік. Бірақ кеше сүйектері табылды дегенді естігенде оңай болған жоқ. Сабыр етуден басқа амал қалмады», - деді ол.

Шалқар Мұқанғалиевтің айтуынша, жақындарының сүйектерінің табылуы отбасы үшін үлкен мәнге ие болған. «Сүйектің табылуының өзі біз үшін жақсы жаңалық. Өмір бойы іздеп, «қайда кетті, тірі ме?» деген белгісіздікте жүргеннен гөрі, ендігі мақсатымыз – оларды елге апарып, жерлеп, жаназасын шығару. Сол парызымызды орындаймыз», - деп қосты марқұмдардың туысы.

Жаңалықтар

Жарнама