Photo: Nothing Ahead (https://www.pexels.com/@ian-panelo) / Pexels
- 16 сәу. 2026 11:30
- 34
Атыраудағы қанды қылмыстың жай-жапсары: Күдікті әйелімен бірге Индонезиядан ұсталды
Атырау облысы Жангелдин ауылында орын алған отбасы мүшелерінің өліміне қатысты іс бойынша жаңа мәліметтер белгілі болды.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Күдіктілер Индонезияда ұсталды
Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, қылмыстық іс бойынша күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев пен оның бұрынғы жұбайы Ақбаян шетелдік әріптестермен бірлесіп жүргізген арнайы операция барысында Индонезиядағы Ломбок аралындағы Сенару ауылында ұсталған. Халықаралық іздеуде жүрген олардың ұсталуына жедел-іздестіру шаралары себеп болды.
Қылмыс алдын ала жоспарланған
Полиция мәліметіне сүйенсек, бұл қылмыс әу бастан жоспарланған. 2025 жылдың қараша айында күдікті Сәрсемәлиев ұзақ уақытқа созылған тұрмыстық жанжалдар мен пайдакүнемдік мақсатты көздеп, екі адамды қасақана өлтіруді жоспарлаған. Қылмысты жасағаннан кейін ол ізін жасыру үшін мәйіттерді шаруашылық құрылысының астына көміп, қан іздерін жойып, жәбірленушілердің мүлкі мен ақшасын иемденген.