Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Бәріміз бірдейміз-кемсітуді білмейміз!
Дүниежүзілік адамзаттың психикалық денсаулығын қорғау күніне арналған мерекелік ертеңгілік.
Өтетін күні
Өтетін уақыты
Жүргізуші:
Бойында бар адамдық пен тектілік,
Болашаққа жетелеген отты үміт.
Бармысыздар сабырлы алтын ағайын,
Армысыздар жиналған жұрт көпшілік!

10 қазан Дүниежүзілік адамзаттың психикалық денсаулығын қолдау күні. Айналасындағылардың ықыласына бөленгенді жаны сүйетін, сәлемдесіп, көңіл аударғанның өзін үлкен мәртебе санайтын мүмкіншілігі шектеулі жандар үшін бұл күн маңызды.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен 1993 жылдан бастап 10қазан Мүмкіншілігі шектеулі жандарды қолдау күні деп белгіленген болатын. Содан бергі уақытта осы атаулы күн барлық жерде ұйымдасқан түрде атап өтілуде. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды. Мүмкіншілігі шектеулі жандарға мейірімді болайық!
Құттықтау сөз мекеме директорының әлеуметтік істер жөніндегі орынбасарына беріледі.

Жүргізуші:
Тіршілікте оқ атпайтын қару бар,
Жылы сөзден жүрекке ем - дәру бар.
Бөленіңдер бейбіт күн шуағына,
Құлпыратын гүлдей нәзік балалар!- деп Курумбаева Меруерттің Армандар орындалады әнін қабыл алыңыздар!
Жүргізуші:
Біздің халық өнерге мол, бай тегі
Әнші депте, биші депте айт оны.
Биге сенің қанша икемің бар еке,
Көріп алып жалғастырсаң қайтеді!- деп ортаға Ибраева Райгүл, Қалиасқарова Арайлым, Бейсенбаева Баян «бүйтіп биле» қазіргі заман биін қабыл алыңыздар!
Жүргізуші:
Кездерімде анамнан туылмаған,
Әкем бәлкім тыңдатқан күйін маған.
Өлең, өлең өзің кеп дарығанда,
Бірінші боп бозторғай шырылдаған!- деп Биболатов Төлеуханның «Қапаланба» өлеңін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
Жақсылықты ақ жүрекпен қабылдап,
Самға биік, жалын атып жүр алда,
Жігерің мен сеніміңді оттық қып,
Жас қырандай қанат қағып қиянға!- деп Муфтиева Назым мен Аккозин Мақсаттың үнді биін тамашалаңыздар!
Жүргізуші:
Күн нұрындай көңілім,
Даламдай кең пейілім,
Жүрегім толы мейірім,
Бәріне ортақ пейілім!- дей келе әлеуметтік қызметкер Хаджиякпарова Анардың «ойна жастар» әнің қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
Қазір балалардың мерекеге арнап жаттап келген тақпақтарын тыңдаңыздар.
Альмира
Қайырымды күз келді
Тартуы көп тиісті.
Шабдалы бар алқызыл
Алмасы қош иісті.
Владик
Алтын сары қызыл көк
Алуан - алуан жапырақ
Дильяра:
Алма, алмұрт, құлпынай, қарақат
Нұрсұлтан:
Ей жарық күн нұрыңды шаш далама
Шаш нұрыңды қарттарға жас балаға
Ызғар сінген жеріме шуақ керек
Сәулеңменен себеле мұқтаж жанға.
Жүргізуші
Ән сыңсып бар денемді балқытады,
Ән бұлт қып аспанда қалқытады.
Ән, ән шіркін керемет қой,
Бойды балқып, көңілді шалқытады!- деп Бөлекбаев Мадиярдың аспанға қараймын орындауындағы әнді қабыл алыңыздар.!
Жүргізуші:
Күлімде жаным күлімде,
Құт қонақ өзің үйімде.
Қуаныш сыйлап халқыңа,
Әнімде саған биімде!- деп Жолжігітова Толқынның орындауындағы тамаша әнді қабыл алыңыздар!
Жүргізуші:
Кетсін дағы шарықтап алысқа үнім,
Қонақтасын ырыс пен табыс күнім.
Ұл - қыздары көтерсін қол ұстасып,
Қазағымның елдік пен намыс туын.
Жарқырасын шуақ болып алғашқы үміт.
Жүректерді жүрекпен жалғастырып.
Адамдарға бірлік бер, тыныштық бер,
Ынтымақтан туындар бар жақсылық!- деп бүгінгі мерекелік ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Кездескенше аман - саулықта болайық.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама