- 20 жел. 2016 00:00
- 267
Бауыржан Халиолла – басына бақ қонған жан
Бүгін, 20 желтоқсанда Атырау қаласында белгілі айтыскер ақын Бауыржан Халиолланың “Мөлтек әлем мөлдірі” атты әдеби-сазды шығармашылық жыр кеші өтті. Қазақстан жазушылар және журналистер одағының мүшесі, халықаралық ақын-жыршылар мен айтыскерлер одағының мүшесі Бауыржан Халиолла – 3 кітаптың авторы.
Жыр кешіне облыс тұрғындары мен қонақтары, Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев және республикалық БАҚ-тардың бас редакторлары қатысты. Кешті айтыскер ақын Талант Арғынғали жүргізіп отырды.
Әдеби шарада ақынның “Тұсаукесер”, “Жүрек сөзі”, “Қатимоллаға арнау”, “Досыма хат” сынды әндері шырқалып, өлеңдері оқылды.
“Соңғы жыр кешімді осыдан бір жыл бұрын өткіздім. Бір жыл ғұмырым үшін секундтай ғана болса да, мен үшін бұл ұзақ уақыт өтті. Алдарыңызға шер тарқатып, сырласайын деп, шығармашылымдағы жаңалықтарды таныстырайын деп шығып отырмын. Осынау кештің өтуіне себеп болған аймақ басшысы Нұрлан Ноғевқа ерекше алғыс айтамын”, – деді ақын сөз алғанда.
Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев мәдениет пен өнерді әрқашан қолдайтынын айтып, ақынның шығармашылығына табыс тіледі.
“Адамға ақындың өнердің бітуі – басына қонған бақпен тең. Бұл бақ Бауыржан Халиоллаға да бітті. Енді бұл өнерді елдің мәдениетін көтеріп, жан-дүниесін дамытуға жұмсау керек. Кез келген мамандық иесінің қоғамдағы өз орны бар десек, өнер адамдарының жөні тіптен бөлек”, – деді Нұрлан Ноғаев.