Білімді ұрпақ ел тірегі
Тақырыбы: «Білімді ұрпақ – ел тірегі»
Түрі: Сайыс.
Мақсаты: Оқушылардың математикаға деген қызығушылықтарын арттыру.
Барысы:
Математика ғылымдар патшасы деп,
Мойындаған бар ғылым жер шарында.
Сол қағида тағы да дәлелденбек,
Бүгінгі кеш бағдарлы жоспарында.
Болашақ білім – ғылым тұтқасында,
Мұны әркім әрқашан ұстасында.
Заманның компьютердей кезеңінде,
Математика тағы тұр көшбасында.
деп, бүгінгі 8 – 9 класс аралығында өткелі тұрған сайысқа қош келдіңіздер.
Бүгінгі сайысымыздың бөлімдерімен танысып өтейік.
І тур: «Кім жылдам»
ІІ тур: Сапалы білім. Блиц турнир
ІІІ тур: Ойымды жалғастыр. (Мақал – мәтелдер жалғастыру)
ІҮ тур: Қимылды ойын.
Ү тур: «Шығармашыл жастар»
Берілген парақ қағаздардан өз шығармашылығыңды жаса.
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары әділ шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты
демекші топтардың еңбектеріне әділ баға беретін әділқазыларымызбен таныс болайық.
Өмірді тану сан – салалы,
Жолдары математикадан басталады.
Болашақ білімнің тұтқасы бұл
Бағынар бар ғылым басқалары.
Керек ғылым маған да,
17 мың ғаламда, саған да
Ел – жұртымыз аманда,
Болсын білім әманда санаңда.
Ғылым сырын ұғына,
Шығып білім шыңына.
Қаныңыздар сусындап,
Математика сырына.
дей келе сайысымызды бастаймыз.
І тур: Екі топ бір – бірден асық таңдайды. Топтар бірінші әріптен басталып екінші әріптен аяқталатын математикалық термин сөздер айтып жарысады.
ІІ тур: І топқа қойылатын сұрақтар:
1. Р әрпінің математикалық және физикалық мағынасы (периметр, қысым, салмақ)
2. Геометрияныңжазықтықтағы фигуралардың қасиетін қарастыратын бөлімі. (планеметрия)
3. у=х3 функциясының графигі (1 – ші және 3 – ші ширекте орналасқан куб парабола)
4. Бұрыш дегеніміз (бас нүктесі ортақ екі сәуледен құралған жазықтықтың бөлігі)
5. 1 кг мақта ауырма, 1 кг темір ауырма (тең)
6. 28 күн неше айда бар?
7. Класта 18 оқушы бар. Пән бойынша «5» - ке 4 оқушы, «4» - ке 5 оқушы, қалғандары «3» - ке оқиды. Кластың білім сапасы неше пайыз деп ойлайсың?
ІІ топқа қойылатын сұрақтар:
1. S әрпінің математикалық және физикалық мағынасы (аудан, жол – орын ауыстыру)
2. Пифагор теоремасы қандай үшбұрыштар үшін қолданылады.
3. Вектор дегеніміз не?
4. Тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасы 25см кіші катеті 7 см болса екінші катеті қанша?
5. 24 – тің квадраты
6. Геометрияның кеңістіктегі фигураларды оқытатын бөлімі (стереометрия)
7. Төртбұрыш дегеніміз не?
ІІІ тур:
Мен зерттедім қазақтың мақалдарын,
Әр мақалда байқадым сандар барын.
Не деген дана болған ата – бабам,
Есепке жүйрігіне қайран қалдым.
Мақалды қолданамыз, мән бермейміз,
Сайрап тұрған сандарды біз көрмейміз.
Компьютердің заманы келген кезде,
Ұрпақтар сол сандарды білсе дейміз.
1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі ілім біл)
2. Білекті бірді жығады (білімді мыңды жығады)
3. Досыңды үш күн сынама (үш жыл сына)
4. Бір елі ауызға (екі елі қақпақ)
5. Жүз сомың болғанша (жүз досың болсын)
6. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды)
7. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)
8. Бір кісі қазған құдықтан (мың кісі су ішеді)
9. Алты жыл аш болсаң да, (ата салтыңды сақта)
10. Бір күндік жолға шықсаң (үш күндік азық ал)
11. Алтау ала болса ауыздағы кетеді, (төртеу түгел болса төбедегі келеді)
12. Ердің екі сөйлегені өлгені (емшінің иілгені сынғаны)
ІҮ тур:
Қалжыңдалық, қатты ойналық,
Күлгенді де, ілгенді де қоймалық.
Қай – қай кезде айту үшін жаралған
Бірақ соны айту керек ойланып.
Бұл бөлімде командадан екі адам шығып, берілген тапсырманы орындау керек.
Әр қолда - өзінің ісі. Тапсырма бір мезгілде сол қолмен үшбұрыш, оң қолмен шеңбер сызу керек.
Сол қолмен римше оң қолмен латынша цифрларды салу керек 1 – 5 ке дейін
Ү тур:
Асыл тастан, өнер жастан
Шығады деп дарынды.
Халық айтса қалт айтпайды,
Әр қашанда нанымды.
- деп соңғы шығармашыл жастар бөлімін бастаймыз, бұл бөлімде топтар берілген парақ қағаздардан түрлі нәрселер жасау қажет өз шығармашылықтарымен.
Ең бастысы, орын емес жарыста
Терең білім, жеңу шарты сайыста.
Тапқырлықпен ізденісте болсаңыз,
Өмірде де жетерің хақ, табысқа
Ендігі сөзді әділқазыларымызға береміз.
Көңіл бөліп бұл кешке,
Келгендерге көп рахмет.
Шын сезінген көрерменге,
Мың рахмет, мың рахмет.
Осымен біздің сайысымыз аяқталды бәріңізге рахмет сау болыңыздар.