Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 14 минут бұрын)
«Біз тоқтаған үйдің артына ракета түсті»: Жанболат пен Жазираның ұлы Дубайдағы қауіпті сәтті бастан кешкенін айтты

Қазақстандық танымал әншілер Жанболат пен Жазираның ұлы Қазбек Дубайдағы соңғы сапары кезінде бастан өткерген күтпеген оқиғалар туралы әлеуметтік желіде бөлісті. Оның айтуынша, демалыс кезінде қауіпті жағдайға тап болып, кейін елге оралу жолында да қиындықтарға тап болған.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазбек Дубайда жүргенде қалаға ракеталар ұшырылғанын айтып берді. Ол «Бурж Халифаның сау кезінде түсіріп алайын» деп сақтаған қысқа кадр туралы айта келіп, бір сағаттан соң өздері тұрған үйдің артындағы қонақүйге ракета түскенін жеткізді. Сол кезде олар үйде болуы керек еді, бірақ достарымен кездесуге шығып кеткен. Осыдан кейін жарылыстар бірінен соң бірі болып, олар заттарын алмай, тек киімдерімен қазақ достарының үйіне барып, үш күн бойы сол жерде жасырынған.

Стресске толы үш күн

Қазбектің айтуынша, бұл үш күн отбасы үшін өте стрессті болған. Көз алдында ракеталар жарылып, жерге түсіп жатқанда, сағат сайын аспаннан дыбыстар естіліп отырған. Тойға дейін азуы керек еді деген ойлары, уайыммен азып кетуге әкелген. Мұндай сәтте дұрыс шешім қабылдаудың қиындығын да атап өтті.

Қауіпсіздік іздеген отбасы

Отбасы қауіпсіз жерге кетудің бірнеше нұсқасын қарастырған: тыныш Оманға бару, жағдайдың тынышталуын күту, Дубайдан ұшақпен кету немесе мемлекеттен көмек күту. Ақыры олар Оманға баруды жөн көрген.

Омандағы қиындықтар мен елге оралу

Оманға жеткенімен, қонақүй айналасындағы жөндеу жұмыстары мен шудан да шошынып жүргендерін айтты. Одан кейін елге қайту да оңай болмаған. Аэропортта адамдар көп, бір апта бойы билет таба алмай жүргендер де болған. Отбасына жеткілікті билеттің болмауы немесе бағасының тым қымбаттығы да қиындық тудырған. Мысалы, Индияға бір билет 500 мың теңгеге бағаланса, Тайландқа 1 миллион теңгеден басталған. Бірақ олар 7 адам болғандықтан, тек 1-2 билет табу мүмкін болған. Ақыры, бір күнде үш рет ұшақ ауыстырып, елге аман-есен жеткен.

Қазбек бұл сапардан кейін әрқайсысының өмірге деген көзқарасы өзгергенін айтты. Анасы өзіне қарауды, өмірдің рахатын көруді ойласа, өзі қымбат билеттерден кейін Flyarystan-ның арзан билеттерін іздейтінін айтып, әзілдеді.

Қазір Қазбек пен отбасы елге оралып, жағдайдың жақсы екенін айтты. Ол ата-анасының көңіл-күйі мен оларды елге тез жеткізу туралы уайымдағанын да қосты.

Жаңалықтар

Жарнама