sn.kz
- 21 сәу. 2026 06:30
- 25
Блогер Мөлдір Анарбаева: Атақтылармен бірге түскен суреттерді жариялау – адамдыққа сын
Белгілі ақын Мұхтар Шаханов өмірден озғаннан кейін, көптеген танымал әншілер мен блогерлер онымен бірге түскен суреттерін әлеуметтік желілерде бөлісе бастады. Алайда, блогер Мөлдір Анарбаева бұл әрекеттің дұрыс еместігін айтып, жеке парақшасындағы жазбасында сынға алды.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Анарбаеваның айтуынша, адамдардың қайтыс болған тұлғалармен түскен суреттерін жариялауы – жасандылық пен адамгершілікке жатпайтын әрекет.
«Фотоны пайдалану үшін түсіп алатындарды түсінбеймін»
«Ертең өмірден өтсе пайдаланамын, деп арнайы атақты қарт кісілермен фотоға түсіп алатындарды еш түсінбеймін. Қайтыс болғаннан кейін бірге түскен фотоларын жариялау сәнге айналғаны өкінішті. Хәл үстінде жүрген жандармен түскен суреттеріңіз жаныңызда болғаныңызды дәлелдегенімен, адамдығыңызға сын екенін ескертіп тұрады», – деп жазды блогер.
Мөлдір Анарбаеваның бұл пікірі желіде қызу талқыға түсті. Кейбір оқырмандар оның ойын қолдап, мұндай әрекеттің ұят екенін айтса, енді бірі блогерді түсіністікпен қарауға шақырды.
-
Усиленные полицейские рейды привели к ажиотажному спросу на обязательные автомобильные аксессуары в Казахстане. Цены растут, товары исчезают с полок.