- 30 қар. 2022 00:00
- 232
Елімізге қашықтан оқудың ұтымды тұстары болды ма?
Онлайн жүйеге көшу біз үшін үлкен тәжірибе болды
Тек біздің елімізде ғана емес жалпы бойынша тараған індетке байланысты әп-сәтте бұрын соңды білмеген қашықтан оқуға көшу тосын жайт болғаны рас. Алғашында үйрене алмағанымызбен, кейіннен онлайн түрде оқудың да ұтымды тұстарын таба білдік. Әрине тиімді тұстармен бірге зиян тұстары бары да мәлім. Мәселен, үйден шықпай уақытты тиімді пайдалана білгенімізбен, үнемі экран алдында отыру. Бұл біздің еліміз үшін, ұстаздар үшін, оқушылар үшін үлкен тәжірибе болды.
Цифрлы Қазақстанның деңгейі көтеріле бастады
Карантиндік шаралар мен қашықтан оқудың арқасында мемлекетіміздің цифрлық жүйеге толықтай көшуге дайын ба жоқ па аңғаруға болады. Интернет, wi-fi секілді жүйелер көптеген ауыл-аймақтарға да орнатылып, еліміздегі онлайн сервис те жақсара түсті.
Гаджеттердің жағымды тұстарын меңгердік
Бұрын соңды балалар ойын мен мультфильм үшін гаджеттерді қолдланса, онлайн оқудың арқасында іздену үшін, түрлі платформалар арқылы сабаққа қатысып, ақпарат ресурстарымен жұмыс істеуді үйренді.Сонымен қатар электронды кітаптар оқып, таным көкжиектерін кеңейте түсті. Бұл жасөспірімдер үшін ойын, фильм, мультфильмдерге қарағанда әлдеқайда пайдалы дүниелер.
Оқушылар жаңа методикалармен тапсырма орындап, мұғалімдерге жаңа қырынан ашыла бастады. Тізбектер болсақ бұл дүниенің зиянды тұстары да жоқ емес, дегенмен бір сәт жағымды тұстарын ескеріп, ұтымды жағынан пайдамызға жарата білейік!
Дана Абдрахим