Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 26 минут бұрын)
Еркін Нұржановтың әкесі инсульттен кейін жақсаруда

Белгілі әнші Еркін Нұржановтың әкесі Шымкенттегі №2 қалалық аурухананың инсульт орталығында ем қабылдап, жағдайы жақсарды. Бұл туралы ақпараттық портал QazaqToday.info хабарлайды.

Аурухана дәрігері Руслан Тастанбеков әлеуметтік желідегі парақшасында бұл жаңалықты бөліскенде, әншінің әкесінің жағдайы жақсарып келе жатқанын және Еркін Нұржановтың алғысын білдіргенін атап өтті. «Ағамыз алғысын айтып жатыр. Ата-аналар ауырмасын, әрқашанда аман болсын!» — деп жазды дәрігер.

Желі қолданушылары қарияның тез сауығып кетуін тілеп, ізгі тілектерін жаудыруда. «Алла шипасын берсін», «Сауығып кетсін» деген сияқты пікірлер көптеп жазылуда.

Жаңалықтар

Жарнама