
- 26 нау. 2025 11:29
- 88
Еуропада аспанда жұмбақ спираль тәрізді құбылыс байқалды
Еуропада аспанда жұмбақ спираль тәрізді құбылыс байқалды,-деп Infohub.kz хабарлайды.
25 наурызға қараған түні Еуропаның бірнеше елінде ерекше аспан құбылысы тіркелді. Ұлыбритания, Германия, Ресей және Украина тұрғындары көк-ақ түсті жарқыраған спиральды бақылаған.
Куәгерлердің айтуынша, спираль бірнеше минут бойы көрініп, кейін баяу жойылып кеткен. "Бұл галактика тәрізді немесе жасанды түрде жасалған құбылысқа ұқсады", – деп сипаттады оқиғаны көргендер.
The Sun басылымы бұл құбылыс SpaceX зымыранынан қалған отын ізі болуы мүмкін деп болжайды. Мұндай спиральдар ғарыш аппараттарының ұшырылуы кезінде отын бөлшектері мен жарықтың атмосферадағы әсерінен пайда болуы ықтимал.