Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Қырғызстанда тоқтатылған жүргізушілер жол ережесінен сол жерде емтихан тапсырады

Қырғызстанда тоқтатылған жүргізушілер жол ережесінен сол жерде емтихан тапсырады,-деп хабарлайды Infohub.kz.

Қырғызстанда жол ережесін бұзған жүргізушілерге қатысты жаңа талап енгізілді. Енді тәртіп бұзған көлік жүргізушілері жол сақшыларының көзінше сол жерде жол қозғалысы ережелерінен емтихан тапсырады. Егер жүргізуші емтиханнан өте алмаса, оның жүргізуші куәлігі уақытша алынады.

Бұл өзгеріс 90-шы жылдары жүргізуші куәлігінің жаппай сатылуынан кейін орын алған жол қозғалысындағы мәселелерді шешуге бағытталған. Сол кезеңде көптеген адам жол ережелерін толық меңгермесе де, жүргізуші куәлігін алған болатын.

Жаңа ереже Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың тапсырмасымен 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама