Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Ғабит Мүсірепов "Жапон балладасы" 6-сынып
Сабақтың тақырыбы Ғ. Мүсірепов «Жапон балладасы» (слайдымен)
Мақсаты 1. Әңгіме тақырыптарының идеясын, мәнін ашу, түйінін ұғу
2. Оқушылардың қоғамдық саяси көзқарастарының қалыптасып өрбуіне ықпал ете отырып мәтін барысында өз ойын еркін жеткізе білуге, ой қорытындысын жасауға дағдыландыру.
3. Оқушылардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, адалдыққа, бауырмалдыққа бүкіл адамзатты сүйе білуге тәрбиелеу, қоршаған ортаға деген жанашырлықты ояту
Көрнекілігі Ғ. Мүсірепов шығармалар жинағы, Слайдтар. Буклет. Электронды оқулық. Интер белсенді тақта.
Сабақтың түрі Аралас.
Әдіс - тәсілі Сыни тұрғысынан ойлау әдісі. Проблемалық сұрақтар қою арқылы ой қозғау

Сабақтың барысы Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен жүздесіп амандасу
Сергіту сәті
Мұғалім сөзі: Балалар сөзі:
Әрбір адам? Туысым, досым жұрағат:
Әрбір сабақ? Үйрену, ұғу, ұлағат
Әрбір ісіміз? Тірлік, тірек, адамдық
Әрбір сөзіміз? Шындық, бірлік, адалдық

Сабақты түсіндіру. Сонымен балалар біз Ғ. Мүсіреповтың»Жапон балладасын» оқып таныстық. Ғ. Мүсірепов кім екен?
Жазушы, драматург
Қоғам қайраткері
Сыншы, публицист

Слайд: АҚШ. 2 Дүние жүзілік соғыстан кейін 1945ж 6 тамызда Хиросимаға, 9 тамызда Нагасакиге атом бомбасын тастады. Бомбаның күші 20 мың тонна тринитролуалға тең еді. Бомба түскен жерлер 2 км радиусте күлге айналды. Осы екі атом бомбасынан екі қалада 300 мыңнан астам халық қырылған. Әлі күнге дейін радиоактивті сәуле өткен адамдардың балалары, немерелері ауруға шалдығып, өмірмен қоштасуда.
Слайд - Жапония. Атом бомбасы.

Балалар сендерді осы балладаны оқу барысында қандай сезімдер биледі?
1. Қорқыныш. Үрей. Жан ашу сезімі. Аяныш. Уайым. Солқылдап жыладым. Мен сол адамдардың қырылып жатқанын көзіме елестетіп, еш көмек жасауға қауқарсыз екеніме өкіндім.

Балладаның басты кейіпкерлері кімдер?
Арқа. Көз. Тас. Суреттері (Слайд)

Сендер Арқаның әңгімесін оқып отырғанда көздеріңе қандай бейне елестеді?

Адамды. Тағы нені?

Арқасы географиялық карта тәріздес күйіп кеткен ер адамды елестеттім.

Көздің әңгімесін оқығанда ше?
Көз жанарынан айрылған қыз баланы
Ал тастың әңгімесін оқығанда ше?
Жан түршігерлік қаныпезерліктен тас екеш тастың да күңіреніп оған тіл біткендей болғанын сезіндік.

Арқа атом бомбасының жарылуын қалайша сипаттайды? Ал мәтіннен табалық
1 оқушы. 2 оқушы

Соғыс докторы АҚШ институтының адамдары ауру адамды шын жаны ашып емдеді ме? Әлде басқа мақсатта ма?
Арқаң Жапонияның картасындай деген сөздің мағынасын қалай түсінесің?

Арқалы адам 20жыл ішінде қандай зардап шекті?.

Қазір ол қандай адам?
Ақ қанды адам.

Интербелсенді тақтамен. Полеомелит - ақ қан ауруы туралы түсініктеме беріледі.
Көздің әңгімесіндегі атом бомбасының құрбаны болған жапон қызының сай - сүйегіңді сырқыратар қайғысы туралы кім айтады.

Үзінді оқу.
Көздің көрген соңғы суреттеулеріне тоқталайық

Тастың әңгімесінен қорқынышты мезет туралы көрініс тауып көріңдер.

Балалар, біздің Қазақ елі де осындай бомбаның зардабын көрді ме?
Иә, біздің қазақ та Кеңес Одағының құрамында болғанда осындай атом бомбасының зардабын шеккен халық.
Семей полигонында да жер асты сынақтарының зардабынан қаншама адам жапа шегуде. Олжас Сүлейменов секілді ұлы қазақ қайраткерінің атсалысуымен «Невада - Семей» қозғалысы осы іс - тәжірибе, жарылыстарды тоқтатты.

Слайд: Семей полигоны.
Екі жағдайда да Қазақстан елімен Жапония елінің зардап шегуіне не себеп? Әрине атом бомбасы.
Қазақ халқының басынан кешкен зардабын Елбасымыз бір ауыз сөзімен жеткізген.

Назарбаев сөзі.
Мен өз халқымның көнбеске көніп, шыдамасқа шыдай білетін төзімділігіне қайран қаламын. Мәңгіліктің қатігез тасқыны біржола үгіп, біржолата шайып жететіндей талай қилы кезең тұсында қиналса да, аман қала алыпты.

Мұғалім сөзі: Ендігі біздің тілегіміз жер бетінде соғыс болмасын!
Оқушы: Келмесін ол күн келмесін!
Төнбесін қатер төнбесін
Соғыстың өрті жанбасын
Сәбилер жетім қалмасын
Есігіне әр үйдің
Бесігіне сәбидің
Мәңгілік бақыт орнасын
Болмасын соғыс болмасын
Мәңгілік бақыт орнайды
Болмайды соғыс болмайды!
Хор: Ақ көгершін әні!

Білімдерін бағалау
Үйге: « Болмасын, соғыс болмасын!» тақырыбында ойтолғау жазу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама