- 05 нау. 2024 01:26
- 239
Жаңа достар
Сабақ тақырыбы: Жаңа достар
Сабақтың мақсаты.
1. Білімділік мақсаты: оқушылардың қазақ әдебиетінің классигі, көркемсөз зергері Ғ. Мүсірепов туралы мәліметтерін кеңейту, "Жаңа достар" әңгімесін таныстыру, мағынасы қиын сөздерге көңіл бөлу.
2. Дамытушылық мақсаты: оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, көркем оқу шеберлігін, тілін, ой - өрістерін дамыту, прозалық шығарманы талдау дағдыларын дамыту, қосымша деректер арқылы дүниетанымдарын кеңейту.
3. Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдісі: көркем оқу, әңгімелеу, сұрақ - жауап, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: Ғ. Мүсіреповтің портреті, шығармалар жинағы, үлестірме қағаздар, карта, сызба, суреттер.
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру.
Оқушылармен сәлемдесу; оқушылардың сабаққа қатысын тексеру; оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару; оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы хабарлау.
II. Үй тапсырмасын тексеру. (Карточкамен жұмыс)
1. С. Мұқановтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет.
2. Дабылды қалай пайдаланады, мәтін бойынша әңгімеле.
3. Саятшылық дегеніміз не?
4. Қаз бен дуадақтың лашынға қарсы қылатын әрекеттері қандай?
5. Ахмет құс аулауға неге шілде айынан кейін шығады, одан бұрын неге шықпайды?
6. Лашын құсты қалай аулайды екен?
III. Жаңа сабақ.
Ғ. Мүсірепов туралы оқушыларға түсінік беру. Оның шығармашылығын С. Мұқановтың шығармашылығымен салыстырту. (Салыстыру кестесі)
«Жаңа достар» әңгімесі туралы айту.
«Қазақ солдаты» романы
1950 жылы толықтырылып басылған бұл роман алғашында «Қазақ батыры» деген атпен 1945 жылы жарыққа шыққан. Романға негіз болған оқиға өмірде болған Кеңес Одағының батыры Қайырғали Смағұлов (романда ол Қайрош Сарталиев деген атпен берілген). Неміс басқыншыларына қарсы ауыр да қаһармандық күресті суреттеген тұңғыш шығарма.
Кейіпкерлер:
Негізгі кейіпкер - Қайрош.
Балалар үйіндегі құрбылары: Шеген Бораш.
Сүйген қызы - Ақбота.
Майдандас достары: қатардағы жауынгерлер: Семен Зонин, Владюя Толстов, Василий Гришин, Петр Ушаков, Самед Абдуллаев, командирлер: политрук Ревякин, майор Русаков, капитан Мирошник
Әңгіменің мәтінін көркемдеп оқыту. Әңгімені төмендегідей сұрақтар бойынша талдау
1. Шығарма оқиғасы кімнің атынан баяндалады?
2. Шығарма қай кездегі өмірді суреттеп отыр?
3. Қайрош қалаға кімнен және неге қашып келеді?
4. Жайық өзені, Каспий теңізі көріністері мен Қайроштың көңіл күйінде қандай ұқсастық бар? (Картамен жұмыс)
5. Қайрош Шеген және Борашпен қалай танысты? (Танысу диалогын оқыту)
6. Балалар күнкөріс жолында не істеді?
7. Шеген Қайрошқа неге сеніммен қарайды, қандай қамқорлық жасады?
8. Оған қандай шарт қойды? (Уәде диалогын оқыту)
Мәтіннен Шеген мен Бораштың портретін табу, дәптерге жазу.
1. Портрет дегеніміз не?
2. Пейзаж туралы түсінік беру. (жаңа термин) Көркем шығармада суреттелетін табиғат көрінісін пейзаж дейді.
3. "Жаңа достар" үзіндісінен пейзажды табу.
... Күн де батты. Теңіз үстіне қорғасындай басқан бір ауыр тұман да көтерілді. Қара тұманның ауырлығынан теңіз беті қайысып, төмен түсіп кеткендей сезіледі...
Шығармадан жазушы қолданған мақал - мәтелдерді теріп жазу.
"Әліпті таяқ деп білмейсің". "Өлімнен ұят күшті". "Қарға баласын аппағым деп сүйеді".
ІҮ Сабақты қорыту:
- Шығармадан алған әсерің.
- Шығармадан өзіңе не түйдің?
Ү. Үй тапсырмасын беру.
Шығарма бойынша "Менің сүйікті кейіпкерім" тақырыбына мәтін жазу.
YІ. Оқушылардың жауаптарын бағалау.