Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Геометриялық фигуралар
Мұғалім: Байдилдаева М. Ш
Пәннің аты: математика
Сабақтың атауы: Геометриялық фигуралар (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тік төртбұрыш, текше, шар)

Мақсаты Білімділік: 10 көлеміндегі сандарды тура, кері санауды қайталау. Сандар құрамын бекіту. Балаларға үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тік төртбұрыш, текше, шар туралы түсінік беру. Қоршаған ортада сәйкес пішіндегі заттарды табуға үйрету.
Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау қабілеттерін және сөйлеуге дағдыландыру. Ойын арқылы танымдық қабілеттерін, логикалық ой - өрістерін дамыту.
Тәрбиелік: Тапсырманы ұқыпты, таза орындауға тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: Көркем әдебиет
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: қайталау, түсіндіру, ойын.
Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз. Оқушылар шеңберде жиналып, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту Паровозға артылған вагондар саны 10. Жолаушыларды тапсырманы дұрыс орындап, вагондарға отырғызайық.
1 - вагон 2 - 1=1 Арыстан
2 - вагон 4 - 2 = 2 Піл
3 - вагон 0+3 = 3 Керік
4 - вагон 5 - 1 = 4 Түлкі
5 - вагон 2+3= 5 Қоян
6 - вагон 3+3= 6 Мысық
7 - вагон 8 - 1= 7 Қасқыр
8 - вагон 6+2= 8 Ит
9 - вагон 5+4= 9 Маймыл
10 - вагон 7+3=10 Аю
Тапсырманы дұрыс орындаған балалар мадақталады.
Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып, ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану
Ертеде математика елінде, геометриялық фигуралар қамалында сиқырлы геометриялық денелер өмір сүріпті.
Бір күні олар: «Бәрінен де кім күшті?» - деп өзара айтысып қалыпты.
Сол кезде текше былай депті: « Мен бәрінен де күштімін. Өйткені менің бұрыштарым көп» - деп мақтаныпты.
Мұны естіген шар: «Босқа мақтанба, сенің бұрыштарың кімге керек? Мына менде бұрыш жоқ. Мен үнемі дөңгеленіп, көңілді жүремін. Менің басым да аяғымда жоқ» - депті.
Осы кезде цилиндр келіп, былай депті: «Босқа айтыспаңдар. Мен бәріңнен де күштімін. Менің арқамда адамдар ауыр заттарды үстіме қойып, итеріп, қозғалтады. Сондықтанда мен күштімін» - депті.
Қызу айтысты естіп тұрған пирамида былай депті: «Неге босқа айтысып тұрсыңдар. Біз барлығымыз адамдарға өте қажетпіз. Біз әрбір үйден табыламыз. Адамдар бізді балабақшадан бастап танып біледі. Сондықтан адамдарға әрдайым қажетпіз. Олар бізді жақсы көреді» депті пирамида.
Осы кезден бастап геометриялық денелер өздерінің адамдарға қажет екендіктерін түсінді.
- Балалар, ертегі ұнады ма сендерге?
- Ертегі нелер туралы екен?
- Дұрыс айтасыңдар.
- Осы геометриялық денелер туралы толық түсінік беріп өтейін.
- Назарларыңды экранға аударыңдар.
/ экранда алдын - ала дайындалған слайд көрсетіледі./

Оқулықпен және дәптермен жұмыс.

Сергіту сәті
Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?
Ой сергітеді, шаршағандары басылады

Ой толғаныс
Шығармашылық тапсырма:
Суретпен жұмыс. тақтада көрсетілген геометриялық фигураларды атау, түстері мен ерекшеліктерін ажыратып айту.

Үйге тапсырма: Геометриялық фигуралар жасау. Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама