Instagram арқылы тауар сату: интернет-дүкендер қалай жұмыс жасайды
E-commerce үшін жүз мыңдаған әлеуетті тұтынушылар, визуалды маркетингтің шексіз мүмкіндіктері – Instagram-ның көмегімен сатылымды ұлғайтудың мінсіз шарты болып табылады.
Бұл мақалада Instagram арқылы «көтерілген» табысты 8 интернет-дүкен жайлы қарастырамыз.
Не үшін Instagram?
Facebook, ВКонтакте немесе миллиондаған басқа да маркетингтік каналдарды зерттеп, бос әуреге салынбаңыз. Сатылымды қалай арттыруға болады деп бас қатырмасаңыз да болады. Жарнамаға көп ақша жұмсағаныңызбен, ол өзін ақтамай жатады.
Барлығы керемет сияқты ма? Мынаған назар салыңыз:
- Instagram қолданушыларының 50%-ы кем дегенде бір брендтің жаңалықтарын қарап отырады;
- Олардың 75%-ы жазбадағы CTA тетігін (әрекетке шақыру) басады;
- Бұл әлеуметтік желі басқаларға қарағанда 70%-ға көп конверсия алып келеді;
- Адамдардың Instagram-ды қолдануы Facebook-пен салыстырғанда 10 есе жоғары.
Instagram-да миллион доллар табысқа кенелген интернет-кәсіпкерлер не істейді? Алайда, олар аталмыш әлеуметтік желідегі жарнамаға аса көп жүгінбейді)
Шындығына келер болсақ – Instagram-ның бизнестің қозғалтқышы еткен қулықтар мыналар.
Сілтемесі бар профиль
Қолданушылар кез келген аккаунттан сатып алып немесе тапсырыс беруді қаламайды. Алғашқы әсер де рөл ойнайтыны белгілі. Егер профиль қызықсыз болса, олар ары қарай өтіп кетуі ықтимал.
Жарқын түстермен безендіру арқылы тұтынушылар санын арттыруға болады. ShopMatina сияқты смайликтер қолданыңыз, жеңілдіктер ұсыныңыз, тегін жеткізіңіз және басқа да артықшыларды пайдаланыңыз:
«Филиппиндік дизайнерлердің ұсынған жоғары қарқынмен дамып келе жатқан киім интернет-дүкені. Жазылушыларға 10% жеңілдік. АҚШ пен Канадаға жеткізу тегін».
Профильге өніміңіздің парақшасының сілтемесін, әрекетке шақыратын лэндингтер жариялаңыз. Акциялар мен жаппай сатылым өткізген кезде оны жаңартып отыруды ұмытпаңыз.
Промо-жазбалар
Кейбір аккаунт иелері профильге интернет-дүкеннің мекенжайын қыстырып, күтіп отырады... Кейін неге жұмыс істемейді деп таңқалады.
Мәселе мынада: адамдар профильге жазылған кезде және одан кейін тек 1-2 рет қана қарап қоя салады. Олар қалған уақытта тек таспадағы жаңалықтарды оқып отырады.
Instagram-дағы №1 қателік – сатуға итермелейтін жазбалар жарияламау. Дәл осылар мақсатты әрекетке шақырады.
Өніміңіздің суретін жариялап, оны не үшін сатып алуға болатынын жазып қойыңыз. Маңызды сәт – әрбір промо-жазбада профилидегі сілтеме туралы еске салып отырыңыз.
ShopMatina оны қалай жасайды:
«Біз үшін әр жол - подиум. Киімнің барлық түстерін профильдегі сілтемеден қараңыз».
Қолданушыларды тартатын контент
Instagram-дағы №2 қателік – тек сататын жазбаларды жариялау. Адамдар интернет-дүкендерге бара алса, әлеуметтік желіде не үшін сізге жазылуы тиіс?
Аккаунт-витрина – бұл, әрине, керемет, бірақ жазылушылар кейде басқа контентті де қалайды.
Бренд туралы қызықты оқиға жазыыз, сурет немесе видеоматериал жариялаңыз. Аудиторияны қызықтыратын кез келген дүние салыңыз.
Тіпті бұл туралы алпауыт ритейлерлер де хабардар, мысалы, Madewell әйелдер киімдерінің дүкені:
«Жаңалықтар, оқиғалар оқыңыз, суреттерді бағалап, хэштегтерге өтіңіз».
Егер сіздің жазылушыларыңыз Madewell-дікі тәрізді көп болмаса, промо-контенттің 25%-ына жариялаңыз.
Рефералдармен достық
Instagram-да бұл өте аз уақыт ішінде жаппай сатылым әкеледі.
Ондаған және жүздеген мың әлеуетті клиенттерді бақылап отыратын аккаунттармен «достық» жасау аудиторияның ең белсенді сегментіне жетуге мүмкіндік береді.
Сондай аккаунттарды тауып, солармен тығыз жұмыс істеңіз:
- S4S (support for support, «сен – маған, мен – саған») – Instagram-ның белсенді қолданушылары пайдаланатын өзара пиар жасау әдісі.
- Рефералға сіздің жарнамаңызды өз аккаунтында жариялағаны үшін төлем жасау (бұл әдетте 100 доллардан аспайды).
Ал енді, бұл әдістерді кімнің қалай қолданатынына тоқталайық. Кейбір брендтермен таныс болуыңыз бек мүмкін.
Portland Gear спорттық киім бренді
Instagram-дағы шынайы табысқа жету оқиғасын білгіңіз келе ме?
Portland мен PortlandGear брендтерінің иесі Маркус Харви өз брендін жетілдіру үшін әлеуметтік желіні қолданған. Алғашқы күні-ақ 5 000 долларға зат сатқан. Рефералдарсыз, тәжірибесіз және жарнамаға бір тиын жұмсай-ақ!
Қазір оның жазылушылар саны 300 мыңнан асады, халықаралық деңгейде танымал болды. Ол үшін Instagram-ға рахмет!
Оның аккаунтында – өмір стилі туралы жазбалар, өнімдерді тұтынған бақытты қолданушылардың суреттері, анонстар, промо-контент:
«Фирмалық саптыаяқтан кофе іше отырып, жексенбілік таңнан ләззат алыңыз. Онлайн тапсырыс беріңіз. Күндеріңіз жақсы өтсін!»
Егер сіз бірегей тауарларыңызды нөлден бастап алға жылжытқыңыз келсе, сіз үшін таптырмас кеңес болмақ.
Coconut Bowls эко-ыдысының интернет-дүкені
Интернет-дүкен ашқыңыз келсе, бірақ маркетингті қалай ұйымдастыруды білмейсіз бе? Coconut Bowls-тен шабыт алыңыз.
«Кокос жаңғақтарының қабығынан жасалған эко-ыдыстар. Бір рет қана қолдануға арналған. Көтерме сату. Әлем бойынша жеткізу бар».
Алғашқы 6 айда олар тек Instagram-ды қолданған.
Сонымен, нәтижесі қандай?
- сайтты бірегей қолданушылар саны 3 000;
- олардың 4% – 5%-ы сол сәтте сатып алады;
- тек қана Instagram-нан аптасына 100 тапсырыс түседі;
- кірістің 40%-ы әлеуметтік желі қолданушыларынан түседі;
Блогерлер мен рефералдармен ынтымақтастық жасаудан күніне 100 адам кіреді. Бір түнде 60 тапсырыс жасау – рекордтық көрсеткіш!
Серіктестік бағдарлама бойынша, рефералдар аудиторияға брендті таныстырса, оның орнына өнімді тегін жеткізуге ие болды.
Instagram-дағы №3 қателік: сатылымды түрлендіру үшін суреттер мен хэштегтер жеткілікті. Шынтуайтында, қолданушылар үйрену және дұрыс ақпараттың арқасында мақсатты әрекет жасайды.
Бұл мысалы тағы бір рет дәлелдейтін нәрсе: жарнама «кез келген бұрыштан» айқайлап тұруы міндетті емес. Бір ғана маркетингтік арнаға фокусталуға да болады.
Kettle & Fire сүйек қосылған сорпа өндірушілері
Сіздер Instagram-да тек киім-кешек пен әшекейлерді жарнамалауға ғана болады деп ойлайсыздар ма? Олай емес. Kettle & Fire компаниясы да тұрақты трафик пен сатылымды түрлендіруден хабардар.
Олар өнімдерінің суреттерін, олардың сипаттамалары мен лендингке сілтемені салады, парақшаларын танымал ету үшін рефералдарды тартады, айырбасқа олар өнімге жеңілдік алады.
Мысалы, Whole30 Approved-тің жұмыс нәтижесі: 374 рет кірген және 21 рет сатқан, орташа чек – шамамен 95 доллар:
Бұл ақылы жарнамаға қарағанда, әлдеқайда арзан және тиімді.
Prep Obsessed аксессуарлар мен сәнді әшекейлердің интернет-дүкені
Instagram-дағы №4 қателік: «Біздің жазылушыларымыздың саны аз, сондықтан Instagram бізге пайдасыз».
Бірақ Prep Obsessed интернет-кәсіпкерлердің қалыптасқан аталмыш таптаурындарын жоққа шығарды. Бренд Facebook-тен бастаған. Алайда, олар Instagram-ға тіркелгенде тек 1 700 фолловерлері болды.
Компанияның Facebook-те 25 мың жанкүйері болса да, Instagram оларға Facebook сияқты пайда әкелген – айырмашылығы тек 10 доллар болды.
«Жарты бағасына сатамыз. Сыйлыққа сыра беріледі. Науқан аяқталмай тұрып, асығыңыздар».
Prep Obsessed Soldsie-ды қолданды – Facebook-тегі брендтердің парақшасын электрондық витринаға айналдыратын электрондық коммерция сервисі.
1 - Сіз өз профиліңізді Soldsie-дағы аккаунтқа байланыстырып, тіркейсіз;
2 - Таймлайндқа тауарлардың суреттерін сипаттамасымен бірге жүктейсіз;
3 - Қолданушылардың біреуі осы жазбалардың бірінің астына «Сатылды» деген пікір қалдырғанын күтесіз;
4 - Soldsie тетігіинтернет-дүкенде тапсырыс рәсімдегендей, барлық әрекетті өзі жасайды;
5 - Төлемді қабылдап, тауарды сатып алушыға жібересіз.
Нәтижесінде қолданушылар жазбаға пікір қалдырғандай, оңай сатып алады.
Limelight Extensions шаштараз қызметі
Келесі бизнес – қызмет көрсету саласынан:
«Шашты бразилиялық кератин әдісімен сәндеу. 40% жеңілдік».
Олар өнімдерін өздерінің клиенттерінің «бұған дейінгі» және «кецінгі» суреттерін салу арқылы жарнамалайды, жаппай сату, жеңілдіктер туралы хабарлайды және қолданушыларды салонға жазылуға шақырады. 2 мың жазылушысы бар аккаунттың бір жазылымы 10 000 доллардан астам пайда әкеледі!
CIRCULR сағаттар бренді
Instagram-дағы №5 қателік: «Бұл тек әйелдерге арналған әлеуметтік желі және әйелдерге арналған тауарлар сатылады».
Осы аңыздың тереңіне үңілейік. Мысалы - CIRCULR, сағаттар бренді. Сатып алушылар арасында – әйелдер де, ерлер де бар.
Оның иесі CIRCULR бизнесін ашпай тұрып, Еуропадағы ірі интернет-агенттігінде жұмыс істеген. Ол тек Instagram арқылы 10 миллион доллар табыс табуға болатынына көз жеткізген! Оның пайымынша, ол брендті жасау және оны дамытуға мүмкіндік беретін қуатты канал. Оны пайдаланбаудың өзі күнә.
CIRCULR жаңа коллекциясын жарнамалау үшін өзінің аккаунтында мынадай көзтартарлық роликтерді салады. Мақсатты аудиторияға дем беру үшін де)
«Қабыл алыңыздар! Олег Крикетпен бірлесіп түсірілген ролик (орыс экстремал-паркуршысы, ол Батысты өзінің қорқынышты трюктарымен таңқалдырады). Төмендегі сілтеме бойынша коллекциядағы заттарды сатып алыңыз».
Оның құпиясы – бейжай қарамайтын жоғары сапалы контентінде. Оны бөлісіп, талқыға салады.
Beaufort Bonnet Company балалар киімі мен аксессуарлар бренді
Кәсіби суреттер айфонмен түсірілген миллион селфиге қарағанда көздің жауын алып, өзгеше көрінеді.
Той, саяхат, тамақ, үй жануарлары мен балалар – Instagram үшін керемет тақырыптар. Сонымен қатар, олармен байланысты эмоциялар да ерекше!
Beaufort Bonnet Company аккаунты – балалардың ең әдемі суреттері жинақталған парақша:
«Талғамы бар балаларға арналған сапалы киімдер».
Сатылымның 80%-ы Instagram арқылы жүргізіледі. Жаман көрсеткіш емес! Сіз бұдан да көп көрсеткішке қолжеткізе аласыз ба?
TruWood сағаттар мен көзілдіріктер бренді
Бір жылда миллион доллар, сатылым мен трафиктің 35%-ы әлеуметтік желіден – мұны барлығы осы бренд үшін Instagram-ды меңгерудің нәтижесі.
Олар Instagram-ға қалай келді?
- Басқа брендтердің табысқа жету оқиғасы (велосипедті қайта ойлап табудың қажеті не?)
- Кәсіпті бастаудың арзан жолы.
Әр постта – профилдегі сілтеме туралы еске салып отыру, себебі олардың мақсаты – Instagram-дағы жазылушыларды сайтқа шақыру.
Олар жазылушыларды сатып алушыларға айналдыру үшін уақыт қажет екендігін түсінеді. Сондықтан сабырмен база жинақтап, рефералдарға арнайы жеңілдіктер береді.
«Онлайн TruWood! Әр тапсырысқа 10 ағаш өсіреміз! Профилдегі сілтемені басыңыз».
Артықшылығы – жанды табиғатты сақтап қалу тақырыбына мотивация беру. Жақсы тәсіл.
Олардың ерекше суреттерін қараңыз:
«Ғажайып сәт – әдемі құс TruWood сағатын зерттеп жатыр. Әр тапсырысқа 10 ағаш өсіреміз! Профилдегі сілтемені басыңыз».
Р.S. Көріп отырғандарыңыздай, Instagram әртүрлі өнімдерге сай келе береді. Бастысы – оларды «әдемі» етіп беру. Тек қана хэштег пен сілтемені беру жеткіліксіз. Әртүрлі оқиғалар айтыңыз, жазылушыларды брендпен таныстырыңыз, видеолар жариялаңыз.
Сапалы суреттер туралы ұмытпаңыз – аталмыш әлеуметтік желіні тек қана мәнді мәтінмен «бағындыру» мүмкін емес.
P.P.S: Қызықты әрі пайдалы мәліметтерді жіберіп алмау үшін, біздің Instagram парақшамызға да жазылыңыздар: @bilim.all