- 24 қаң. 2018 00:00
- 344
YouTube-тегі ең көп табыс табатын үздік он блогер
Forbes 2017 жылы өз әріптестерінен басып озып, көп табысқа кенелген блогерлердің рейтингін жариялаған болатын, сол тізімді назарларыңызға ұсынамыз.
Тізімдегі көшбасшылардың басым бөлігі онлайн ойын ойнаушылар мен түсінік берушілер, деп жазады Forbes.
Деректерді YouTube, Social Blade және Captiv8, сондай-ақ блогерлердің менеджерлері, агенттері мен заңгерлері ұсынған.
1. Даниэл Миддлтон (DanTDM) – $16,5 млн. Жазылушылары - 16,8 млн. Minecraft-тағы ойындарымен танымал.
2. Эван Фонг (VanossGaming) – $15,5 млн. Жазылушылары — 21 млн. Call of Duty, Grand Theft Auto ойындарын ойнайды, ойындардағы күлкілі сәттердің топтамасын жасайды.
3. Dude Perfect тобы – $14 млн. Жазылушылары — 24 млн. Күлкілі және қорқынышты спорттық видеоларды түсіреді.
4. Марк Фишбах (Markiplier) – $12,5 млн. Жазылушылары – 56 млн. YouTube-тегі ойындарға түсінік беріп, пікір білдіріп отырады, хоррор жанрына маманданған – оның арнасынан Amnesia, Слендермен және басқа да ойындарды тамашалауға болады.
5. Logan Paul – $12,5 млн. Жазылушылары – 4 млн.
6. Феликс Чельберг (PewDiePie) – $12 млн. Жазылушылары – 58 млн.
7. Джейк Пол (Jake Paul) – $11,5 млн. Жазылушылары – 12 млн.
8. Smosh – $11 млн. Жазылушылары – 22 млн.
9. Ryan ToysReview – $11 млн. Жазылушылары – 10 млн.
10. Lilly Singh (IISuperwomanII) – $10,5 млн. Жазылушылары – 12 млн.