Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Неге рентгенге түсу қауіпті

Рентген — ауыр сырқаттарды диагностика жасау үшін (денсаулыққа болар) зиянды пайдаға айналдырған өнертабыс. Рентген сәулесінен пайда болған зиянға қарамай науқастар да, дәрігерлер де ағзаны үнемі тексеруден өткізіп тұруға кеңес беруден бас тартпайды. Рентген осы күнге дейін обыр мен туберкулез кеселдерін анықтау үшін ең пайдалы және қарама-қайшы әдістердің бірі болып отыр.

Сәулеленудің қандай қауіп-қатерлері бар?  

1. Рентгеннің жыныс ағзалары мен қан жасушаларына қатты кері әсер ететіні дәлелденген. Сол себепті процедура барысында дененің бүкіл құрсақ бөлігін қорғау үшін, қорғасыннан құйылған арнайы қорғаныш құралдары пайдаланылады. Дәл осы құралдар тін-ұлпаларды зиянды сәулеленуден сақтайды.

2. Балалар үшін рентген пайдалану дұрыс емес, тек басқа диагностика әдістері мүмкін болмаған жағдайда ғана пайдаланылады. Процедура (ем-диагностика шаралары) барысында баланың денесін түгелдей арнайы пердемен, киімдермен және қорғасын пластиналармен жауып қойып қорғайды, өйткені баланың организмі әлі қалыптасып біткен жоқ, сәулелеуге қарсы тұру үшін әлсіз.

Ғалымдар рентгеннің сәулелену мүмкін болған деңгейінің нормасын есептеп шығарды — медициналық орталықтарда жиі болмайтындар үшін жылына 5 миллизиверт. Ал жүйелі түрде дәрігерлерге қаралып тұратындар жылына 1 миллизиверттен артық мөлшерде сәуле алмауы тиіс. Алынған сәуле дозасын есептеудегі қателік адамның хал-жағдайы мен имммундық жүйесінің қызметін нашарлатып жіберуі мүмкін.

Дәстүрлі рентгенге түсіру процедураларындағы зиянды сәуле мөлшері аз. 

Тісті рентгенографиялау 0,003 рентген сәуле мөлшерін қамтамасыз етеді. Асқазанды тексерткенде 0,176 рентген мөлшерін иемденесіз. Барлық негізгі ағзаларды томографиялау дозасы 1 рентгенді құрайды. Бұл қалыпты жағдайда рентген дұрыс қолданылса, адам организміне залалы болмайды деген сөз.

Дене ағзаларын томографиялау ең зиянды болып табылады, ал басқа процедуралардан айтарлықтай нұқсан келмейді. Сол себепті дәрігерлер науқасты томографиядан өткізер алдын, дәл осы процедураның алдын қашан болғанын міндетті түрде тексереді.

Жүктіліктің соңғы кезеңінде медиктер рентгенография белгілеуге тәуекел етпейді, себебі рентген сәулесінің баланың жетілуіне тигізер нақты әсері осы күнге дейін белгісіз. Әрине, құрсақ тұсын арнайы фартукпен немесе қорғасын пластиналармен жауып қоюға болады, бірақ өте қиын жағдайда ғана жасалады — жүктінің өміріне қауіп төнгенде.

Оқуға кеңес береміз:

Қорылдың себептері және одан құтылу жолдары

Жаныңызда ешкім жоқ кезде қақалып қалсаңыз не істеу керек

Естен тану

Белді қорғаудың 10 жолы

Салауатты өмір салты үшін кеңестер

Терінің қартаюын баяулататын коллаген қосылған 10 өнім


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама