Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Жылы жүрек - жақсы тілек
Пәні: Өзін - өзі тану
Тақырыбы: Жылы жүрек - жақсы тілек
Білім беру саласы: «Таным»
Пәні: Өзін – өзі тану
Тақырыбы: Жылы жүрек - жақсы тілек
Құндылығы: Сүйіспеншілік
Қасиеттері: Мейірімділік, ізгілік
Сабақтың мақсаты: Балаларды «жақсы тілек» айтуға үйрету, баулу
Міндеттері: жақсы тілектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру қайырымды қарым – қатынас жасау іскерліктерін дамыту ізгілікке, ізеттілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу
Көрнекіліктері: үнтаспа, жүрекше, оқулық, дәптер, суреттер т. б.
I. Сабақ барысы Ұйымдастыру кезеңі.
Тәртіп. Талап. Тынышты. Тазалық. Татулық
II. Тыныштық сәті - Қайырлы таң, балалар! Сендерді көргеніме қуаныштымын!
Қане, бәріміз біздің аспандағы нұрын шашып тұрған Күнге ұқсап отырайық.

Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.
• Мұғалім: Біз барша тіршілікке жылуы мен жарық шашқан күннің көзіне айналдық. Күннің көзі болып жарқыраған басымыз тек жақсылық ойлайды. Күннің жылуымен рахаттанған қолдарымыз тек жақсы істер жасайды. Жап - жарық сәуле шашқан аяқтарымыз тек дұрыс жолмен жүреді. Күннің жарығы аузымызға да кірді – ол тек шындықты айтады. Ал құлағымыз жақсы сөздерді естиді. Маңдайымызға жеткен жарық сәулемен бірге ең сүйікті адамдарға, отбасына, әлемге, жануарларға, табиғатқа жылы сәулемізді сыйлап, іштей жақсы тілектер тілейік. Қандай тілектер тілейміз?(ойланамыз). Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады. Кім өзінің әсерімен бөліскісі келеді?

III. Үй тапсырмасын тексеру
Үйге берілген тапсырма «Дос болайық бәріміз» тақырыбын 2 - 3оқушыдан түсінік сұрап барып сұрақтар қоямын.

1. Достықтың қандай түрлері бар?
2. Достықты, татулықты қалай түсінесіңдер?
3. Достарыңды ешқашан ренжітпеу үшін не істер едіңдер?

IY. Дәйексөз Жақсы сөз – жарым ырыс Халық мақалы
Мақалдың мағынасын сұрай отырып, түсіндіру, хормен айтқызу арқылы жаттату.

- Жақсы ой, жылы лебіз, жақсы тілек адамды шаттандырады, қуантады, бақытты етеді. Y. Әңгімелеу.(Мұғалім сыйы) «Алтын балық « ертегісін түсіндіру.

Сергіту сәті Балаларды барлық уақытта жақсы ой ойлап, жақсы тілек білдіріп жүруге дағдыландыру мақсатында сергіту сәтін ұйымдастырамын.

• Бәріміз орнымыздан тұрып, барша адамзатқа, айналамызға деген тілегімізді түрлі қимылдар жасай отырып, көрсетейік. Тілек.

Шөліркемей гүл тұрсын,(Сол қолын жайып көрсетеді)
Жерім жайнап құлпырсын.(Оң қолын жайып көрсетеді)
Нұрын сыйлап біздерге, (Екі қолын жоғары көтереді)

Көкте мәңгі күн тұрсын.(Екі қолын екі жаққа жаяды)
Ортақ бізге туыстық,(Екі қолын төбесіне көтереді)
Нұр сыйлаған күн ыстық.(Қолдарын жаяды)
Ыстық бізге кең өлке,(Оң жаққа қарайды)
Ыстық бізге тыныштық(Сол жаққа қарайды)

YI. Дәптермен жұмыс «Жылы жүректен шыққан жақсы тілектер күнделігін» арнап күн сайын өзіңнің өзгеге, айналаңа жасаған жақсы істерің мен олардың жақсылықтары мен айтқан жылы сөздерін, тілектерін жазып жүріңдер.

YII Шығармашылық жұмыс. Балаларды 4 топқа бөліп алып, әр топ басшысы суретті таңдап алады да, әр топ өздері тілек айтады.

1 - топ»Досына»тілек айтады. 2 - топ «Ата - анасына» тілек айтады.
3 - топ «Халқына» тілек айтады.
YIII Топпен ән айту Әрқашан күн сөнбесін әнінің әуенімен

Күн әлемі, біз әдемі,
Жақсылық біз жасауға Кең пейілді, мол мейірімді
Болайықшы әрқашан
Әрқашан нұр төгілсін
Жақсылық күнде болсын
Ата - анам бірге болсын
Бір болсын барша адам
- топ «Мектебіне» тілек айтады.

Оқушы шығармашылығы
Өзін - өзі тану менің жан досым,
Үйретеді көңілдегі ән сырын.
Оқисың да жалықпастан әндетіп,
Жырлы көңіл жарық әнді көрсетіп.
Өзін - өзі тану сенің мұңдасың,
Көңілдегі жарық жұлдыз сырласын
Одан ақыл көбейтуге болады
Жақсы мінез көңілге де жағады Сабақ соңындағы тыныштық сәті (2мин) Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады. Мұғалім жай дауыспен: «Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенемін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»

IX. Үйге тапсырма беру
«Ұқыпты бала – әдепті бала» мәтінін оқып келу.

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы,
Сунақата ауылы №194 орта мектебі
Пәні мұғалімі: Көшербаева Жадыра

Презентациясын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама