Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
sin x=a, cos x=a қарапайым Тригонометриялық теңдеулерді шешу
Ашық сабақ: «sin x=a, cos x=a қарапайым Тригонометриялық теңдеулерді шешу»
Алгебра 10 сынып
Сабақтың тақырыбы: «sin x = a, cos x = a қарапайым тригонометриялық теңдеулерді шешу»
Сабақтың мақсаты: Қарапайым тригонометриялық теңдеулерді шеше білу дағдыларын қалыптастыру.
Білімділік: қарапайым тригонометриялық теңдеулер шығару дағдысын қалыптастыру және олардың дербес түрлерін анықтауды үйрету, есептер шығаруда формулаларды орынды қолдана білуге бағыттау.
Дамытушылық: оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру және шығармашылықпен жұмыс істеу қабілетін дамыту,
Тәрбиелік: өз пікірлерін жүйелі, еркін жеткізуге, бірлесіп жұмыс істеу арқылы ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, бірін - бірі тыңдауға, жеке тұлғаның қабілетін дамытуға, математикалық тілде сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, топтық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, презентация, түрлі түсті сызба - суреттері.
«Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ,
ал біліктілік – сол білімді іске асыра білу дағдысы»
Ахмет Байтұрсынов

Сабақтың жүру барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі:
а) Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа қатысын тексеру;
ә) оқушылар назарын сабаққа аудару;
б) сабақ мақсатымен таныстыру;
Алдын - ала бөлінген топ бойынша сыныпты «Синус», «Косинус», «Тангенс» және «Котангенс» - топтары бойынша отырғызу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 8 мин
а) «Синус», «Косинус», «Тангенс» және «Котангенс» әрбір топ өзінің тобы туралы қысқаша таныстырады.
1 – топ: синус; В нүктесінің ординатасының ОВ радиусқа қатынасы α бұрышының......... деп аталады.
2 – топ: косинус; В нүктесінің абсциссасының ОВ радиусқа қатынасы α бұрышының......... деп аталады.
3 – топ: тангенс; В нүктесінің ординатасының абсциссаға қатынасы α бұрышының......... деп аталады.
4 – топ: котангенс. В нүктесінің абсциссасының ординатаға қатынасы α бұрышының......... деп аталады.

Батыс Қазақстан облысы,
Сырым ауданы, Жымпиты селосы
Жалпы білім беретін Қ. Мырзалиев атындағы орта мектеп
Закир Арайлым Закарияевна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама