- 05 нау. 2024 04:33
- 693
Жүгіру, секіру және лақтыру әрекеттерінен құрылған қозғалмалы ойындар, дала жарысы
| Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Жеңіл атлетика | Мектеп: № 133 | ||||
| Күні: | Мұғалім аты - жөні: Смайыл Жанқожа | ||||
| Сынып: 4 | Қатысқандар саны: 25 | Қатыспағандар саны: | |||
| Сабақ тақырыбы | Жүгіру, секіру және лақтыру әрекеттерінен құрылған қозғалмалы ойындар, дала жарысы | ||||
| Оқу мақсаты | қимыл - қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір жаттығулардағы реттілігін білу және орындау | ||||
| Сабақ мақсаты | Сабақ кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтайды. Жаттығудың жүгіру, серпілу, ұшу, қону техникасының фазаларын орындайды. | ||||
| Бағалау критерийі | Жүгіріп, секіру техникасын қолданады. Жаттығуларды реттілігімен орындайды. | ||||
| Ойлау дағдыларының деңгейі | Қолдану. | ||||
| Тілдік мақсаттары | Пәнге қатысты сөздік пен терминдер: екпін алып жүгіру, секіру, ұшу, аяқты қайшылу, ауада серпілу, екі аяқпен жерге түсу, құмды шұңқыр, ұзындық өлшеу құралы және де топтық эстафеталық жұмыс. | ||||
| Диалог құруға арналған пайдалы тіркестер: Талқылауға арналған сұрақтар: Бір орыннан тұрып секірудің әдісін білесіз бе? Эстафетаның қанша түрі бар? | |||||
| Құндылықтарды дарыту | Сабақ кезінде бір - біріне деген әділдік, жауапкершілігін арттыру. | ||||
| Пән аралық байланыстар | Физика пәнімен байланыстыру. | ||||
| АКТ пайдалану дағдысы | Эстафетаның әдіс тәсілдерін видео көріністерін көрсету. | ||||
| Алдыңғы меңгерілген білім | Шағын допты алысқа лақтыру | ||||
| Сабақтың барысы | |||||
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс - әрекеттері | Ресурстар | |||
| Сабақтың басы | Сапқа тұрғызу, сәлемдесу, кезекшіден рапорт қабылдау, сабақтың тақырыбымен мақсатын айтып түсіндіру, саптық жаттығуларды орындау, алаңда жүру және жүгіружаттығуларын жасау. Тыныс алу жаттығуларын орындау. Сыныпты топқа бөлу. Жалпы дамыту жаттығуларын орындау. | Әр жаттығу үшін кең, таза бос кеңістік. Ысқырық, секундомер. Метр өлшегіш, құм төгілген шұңқыр | |||
| Сабақтың ортасы | Тапсырма: Жүгіру, секіру және лақтыру әрекеттерінен құрылған қозғалмалы ойындар, дала жарысы әдістерін орындаңыз. Дескриптор: - эстафеталық секіру техникасын біледі; - жүгіріп келіп, аяқты бүге секіреді; - секіру сызығына келіп итеріледі; - аяқты қайшылап, ауада қалықтап ұшады; - қолды алға созып аяқты кеудеге ие бүгіліп қонады; - секіргенде жүгіру, серпілу, ұшу, қону техникасының барлық фазаларын орындайды. Оқушылырдың оқуға деген белсенділігін арттыру үшін түрлі әдістерді қолданамын. Сабақ барысында «Дала жарысы» ойынын ұйымдастырып ойнатамын. | Әр жаттығу үшін кең, таза бос кеңістік. Ысқырық, секундомер. Метр өлшегіш, тырма, құм төгілген шұңқыр Секіруге арналған орын | |||
| Сабақтың соңы | Сапқа тұрғызу, тыныс алу жаттығуларды жасап, бастапқы қалыпты келтіру. Сабақты қорытындылау, «Смайлик» тарату әдісімен бағалау, үй тапсырмасын беру. | ||||