- 05 нау. 2024 04:33
- 438
Лақтыру, секіру және жүгірудің түрлері
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 1 - бөлім Жеңіл атлетикадағы қозғалыс белсенділіг | Мектеп: № 133 | ||
Күні: | Мұғалім аты - жөні: Смайыл Жанқожа Баукенұлы | ||
Сынып: 3 | Қатысқандар саны: 28 | Қатыспағандар саны: | |
Сабақ тақырыбы | Лақтыру, секіру және жүгірудің түрлері | ||
Оқу мақсаты | 3. 1. 1. 1 дене жаттығуларын орындау кезіндегі негізгі қозғалыс әрекеттерін дамыту. | ||
Сабақ мақсаты | Жаттығуларды орындау барысында қауіпсіздік техникаларын сақтайды. Қысқа қашықтыққа жүгірудің әдіс тәсілдерін менгере алады. | ||
Бағалау критерийі | Қысқа қашықтыққа жүгірудің қауіпсіздік техникасын сақтайды. | ||
Ойлау дағдыларының деңгейі | Біледі, түсінеді. | ||
Тілдік мақсаттар | Пәнге қатысты сөздік пен терминдер: жүру, жүгіру, сөре /старт, мәре /финиш, жүгіру жолақтары, төменгі сөреден жүгіру, сөреден жылдамдық ала жүгіру, мәре сызығынан екпін алып өту. | ||
Диалог құруға арналған пайдалы тіркестер: Талқылауға арналған сұрақтар: Жүгіру кезінде жылдам қозғалыстың қажеттілігі бар ма? Жүгіруден кейін тыныс алуды қалай қалпына келтіруге болады? Жүгіру кезінде болуы мүмкін қандайда жарақаттардың алдын алу әрекеттерін білесіздер? | |||
Құндылықтарды дарыту | Өмір бойы оқуға дайын болуға уәжду. Сабақ кезінде бір - біріне деген әділдік, жауапкершілігін арттыру. | ||
Пән аралық байланыстар | Биология, геометрия пәндерімен байланыстыру. | ||
АКТ пайдалану дағдысы | Лақтыру секіру және жүгіру тәсілдерін бейне жазбалардан және суреттерден көрсету. | ||
Алдыңғы меңгерілген білім | Секіру жаттығулары. | ||
Сабақтың барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс - әрекеттері | Ресурстар | |||
Сабақтың басы | Оқушыларды сапқа тұрғызып, сәлемдесу, рапорт қабылдау, түгелдеу, сабақтың тақырыбымен мақсатын айтып таныстыру. Сапта тұрып жаттығулар орындау, жүру, жүгіру жаттығуығыларын орындату. Тыныс алуды ретке келтіруге арналған арнайы жаттығуларды жасап, сыныпты топқа бөліп жалпы дамыту жаттығуларын орындау. | Әр жаттығу үшін кең, таза бос кеңістік. Ысқырық, секундомер. | |||
Сабақтың ортасы | Тапсырма: Төменгі сөреден шығудың техникасын орындаңыз. Дескриптор: - төменгі сөреден шығу техникасын біледі; - сөрелік сызыққа қолын таянып бір тізерлеп отырады; - бір аяғымен артқы колодкаға тіреліп, екінші аяғына тізерлеп отырады; - екі қолын сөре сызығына қойып, қолдары иық деңгейінде, күш түспейтіндей етіп ұстайды; - басын төмен қараған қалыпта, екі иығын сөре сызығында ұстайды; - аяқтарын сәл түзеп, артқы аяқ тізесін жерден көтеріп, табандарын артқа тіреп, бөксесін көтереді; - берілген командаларды орындайды; - 60 метр қашықтықты максималды қарқынмен жүгіреді. Мен оқушылырдың оқуға белсенділігін арттыру үшін «Кеңес - сабағын» қолданамын. Бұл сабақта негізінен мұғалім оқушылардың өзін - өзі дайындау бойынша, белгілі бір жаттығуларды орындау туралы сұрақтарына жауап береді, оқушымен бірлесіп жалпы және арнайы бағыттағы жаттығулар таңдалып жүргізіледі. | Әр жаттығу үшін кең, таза бос кеңістік. Ысқырық, секундомер. | |||
Сабақтың соңы | Тыныс алу жаттығуларын орындап, сапқа тұрғызу, сабақты қортындылау. «Бағдаршам» әдісімен бағалау, үй тапсырмасын беру. |
Саралап оқыту - көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларды дамытуды қалай жоспарлайсыз? | Бағалау - Сіз оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалайша жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын қадағалау |
- Уақытты ұтымды пайдалана отырып сабақта тапсырманы оқушы мүмкіндігін ескеріп деңгейлік жаттығулармен жүктеймін. - Қабілетті оқушыларға жаттығуларды күрделендіріп, әлсіз оқушыға көмек үшін жеңілдетілген жаттығулар беремін. | - Байқау, тыңдау, сұрақ қою, мақтау әдісімен бағалаймын. - Оқушы өзін - өзі бағалауды қалыптастырамын. - Жүйелі түрде кері байланыс ұсынамын. - Оқушыларды мақсатты түрде оқуға уәждеймін. | - Дене тәрбиесіндегі қауіпсіздік ережесін үнемі айтып оқушы бойына қалыптастыру. - Салауатты өмір салтын насихаттаймын. |
1. Күнделікті жаттығуларды үнемі дұрыс жасап отыру қажет. 2. Денсаулықты күту үшін, әрқашанда таза жүру қажет. |
-
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Дала жарысыМектеп: № 133 жоббмКүні: Мұғалім аты - жөні: Смайыл ЖанқожаСынып: 4Қатысқандар саны: 25Қатыспағандар саны: 0Сабақ тақырыбыОйлы - қырлы жерлері аз далада т...