Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Журналистің қызметі қаншалықты еркін?

Ең әуелі "Журналист деген кім?" - деген сұраққа жауап алайық. Журналист - ақпарат кеңістігінде белгілі бір тарапты нақты ұстанбайтын, әрі өз еркінен тыс өз субъективті және объективті пікірін жұмысына араластарымайтын ақпарат таратушы маман. Журналист әмбебап ақпарат алмастырушы қызметін атқарады. Оның функцияларына болған оқиға, ситуация, белгілі бір ақпаратты баяндап қана қоймай, оны сапалы түрде сұрыптай алуы шарт. Қоғам әртүрлі адамдардың шоғырланған орыны болғандықтан, ол жердегі ақпараттарды дұрыс тарата білуі үшін де ол саладан белгілі бір мөлшерде хабары болуы тиіс. Жарты сағат бұрын орын алған қылмыстық ситуация, қала аймағының бір бөлігінде орын алған халық наразылығы салдарынан туған митинг, түрлі оқыс ситуациялар мен төтенше жағдайлар. Ал информацияны барлық ақпарат көздерінен дер кезінде әрі сапалы, нақты деректер жасай отыра алу маңызды іс. Демек, журналисттің функцияларын орындау барысында оның әмбебаптылық қасиеті дамитынын байқаймыз. 

Ендеше, неге үшінші биліктің қызметін еркін емес деп атайды? Жоғарыда көрсетілгендей журналист алатын ақпараттарды беталды таратпайды, оның қызметінің ауырлығы да сол, қолданылған материалдар мен алынған, таратылған ақпараттар үшін және әрбір сөзі үшін жауап береді. Журналистердің сөз еркіндігі жайлы заң бар. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі 451-ші: Заңы Бұқаралық ақпарат құралдары туралы ережесінің 2-ші бабы, 1 бөлімінде: "Сөз, шығармашылық бостандығына, өз көзқарастары мен сенiмдерiн баспа арқылы және өзге де нысанда бiлдiруге, ақпараттарды заңда тыйым салынбаған кез келген әдiспен алуға және таратуға Қазақстан Республикасының Конституциясында кепiлдiк берiледi. Цензураға тыйым салынады" делінген. Біз бұл мағлұматтарды біле отыра, журналисттің сөз еркіндігі перспективасында шығармашылық, жеке индивидтік, ой-пікірлік  еркіндіктің жоқ екенін байқаймыз. 

Дегенменде, бізге белгілі әлеуметтік желілерде белсенді және қоғамда аса танымал журналисттердің өз өмірлері жайлы әлеуметтік желіде бөлісіп қана қоймай, мемлекет пен қоғамдағы жағдайларға араласуға тырысатын әрекеттердің де баршылық екені мәлім. Олардың қатарына журналист, тележүргізуші, әлеуметтік желілер продюссері Дина Төлепберген, белгілі экс-журналист, кәсіпкер Динара Сатжан және т.б.

"Тұран" университеті, Журналистика факультеті 1-курс, 2-топ: Амиреев Ахансері Мақсатұлы


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама