- 20 қаз. 2022 00:00
- 193
Мемлекетіміз БАҚ-қа қаншалықты тәуелді?
БАҚ-дұрыс я бұрыс ақпаратты арнайы техника көмегімен қоғамға жеткізу, тарату, жария ету. Наполеон: "Жауға қарсы жүздеген мың қол әскерден, төрт газеттің ойсырата соққы беру мүмкіндігі зор", - деп баға берсе, 1840 ж. француз жазушысы О. де Бальзак баспасөзді «төртінші билік» деп атады. Демек, қоғам мен саясатқа БАҚ-ның ықпалы мен маңызы зор. Мемлекет оған тәуелді ме? Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында журналистерге қарата орнықты, ұстамды пікірлер білдірілген. Оған дейін журналистің қалауындағы жазбаларды біздің 100% оқығанымызға күмән келтіруге болады. Бақ мемлекетке тәуелді өмір сүрді. Ендігі, оның міндеттері мен маңызы бағалана бастағанда, тәуелділік кезегін ауыстыру керек. “Журналист- адалдықты, шынайылықты, ақиқатты сүйеді. Тәуелсіз елде тәуменді журналистер болмау керек”, – деп алтын көпірге айналған “Dalamews” арнасының белді журналисі Қуаныш Рахметоллаұлы өз пікірімен бөлісті. “Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ” және “айтпаса шындықтың атасы өледі” деп тағы айтады. Бұл әрбір маманның жадынан шықпау керек. Оның пікірінше: “Алғашқылары жоғарыдағыларға жақпай, халықтың ықыласына бөленсе, екіншілері билікке жағынам деп, қарашаның алғысынан құр қалады”. Кейде өз, кейде сыртқы әсерден өз мақсатымыз бен функциямыздың заңдылықтарын естен шығармау керек. Арзан ақпаратпен бөлісу арқылы өз абыройымыз бен міндетімізден арылу қаупі бар.
Ал қазіргі сәтте мемлекетіміздің ғана емес әлемнің БАҚ-қа деген тәуелділігі артып келеді. Күнделікті өмірде кез-келген жерде үні шығатын радио, әрбір үйдің төрінен орын алған теледидар, қолымыздан бір сәт түсірмейтін ұялы телефон арқылы әлеммен үндесіп, тілдесеміз. БАҚ – бұл мемлекеттік иделогия құралы. Адамзат ежелден-ақ тіл арқылы ақпарат алмасып, жүйелі коммуникация жүргізген. Қазір бұл дүние тек дамыды, өрбіді әрі қолжетімді болды. БАҚ мемлекеттің әлеуметін, саясатын, мәдениеті мен күнделікті тұрмысына дейін бақылау жүргізіп, құнды ақпараттарды иеленеді. Біздің еліміз–тәуелсіздік дәуірінің бастау алғанынан бері баспасөз саласындағы халықаралық беделді құжаттардың аясында БАҚ-тың еркіндігін қамтамасыз етіп келе жатқан мемлекет. Мемлекеттің де БАҚ-қа тәуелді екенін ендігі жасыра алмаймыз. Ата заңымыз және Республика Президенті – ақпарат құралдары бостандығының кепілі. Президент 1998 жылдың 3-шілдесінде БАҚ-ты өндірістік және тарату кезіндегі қосымша құн салығынан босату туралы Жарлыққа қол қойды. Республика 1991 жылдан бері қарай ақпарат құралдары туралы заңнаманы ұдайы жетілдірді. Осы жылғы 28-тамызда «Баспасөз және басқа бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заң қабылданды. Ол елімізде мемлекеттік емес БАҚ-тың пайда болуына және жедел дамуына қолайлы жағдай туғызды. Ақпарат әлемінде бәсекелестік орнады. Неліктен? Себебі, сөз еркіндігі қорғала бастады. Баспасөз бен эфирлерге жаңа мазмұн берген ірі медиа бірлестіктер өмірге келе бастады.
Қорытындылай келе, БАҚ-нейтральды жолды ұстанатые,тың ақпараттың көзі. Қоғам саясатқа, саясат мемлекетке, мемлекет БАҚ-қа тәуелді.
"Тұран" университеті, Журналистика факультеті 1-курс, 2-группа: Серикбай Құндыз