- 18 жел. 2023 00:00
- 248
Кенесарының жеңілу себебі
...Қырғыз бен қазақтың арасында келіссөз жүргізіп, бітім жасап қайтуға Бөгенбай қарт қырғызға барады.
«Қырғыз-қазақ бекер жауласпайық!» — дейді Бөгенбай. Ол келген соң, бата қылу үшін қырғыздар айшық мүйіз көк қошқарды алып келеді. Бөгенбайдың айтқан батасы: «осы келісімді кімде-кім бұзса, осы көк қошқардай бауыздалсын», — депті.
Қайтып келіп Кенесарыға айтқанда, Бөкеге айтқаны:
— Бөке, қартайған екенсің, менің күткен келісімім бұл емес еді ғой. Бөкең:
— Ә, солай ма? Ә, қартайсам, қартайған шығармын. Төреге ерген ер-тоқымын арқалайды дегендейін, енді қалған арғын-қыпшақты осылай еткің келді ме? — деп, етегін үш қағыпты. Ал, енді маған еретін арғын-қыпшақ, маған еріңдер, төреге ергендерің осы жерде қалыңдар! — деп шығып кетеді.
Сонда Кененің әйелі Күнімжан:
— Әлгі қарт қайнаға етегін үш қақты-ау, байқадыңыз ба, ренжітпесеңіз жақсы болар еді, — дейді. Кене:
— Уай, алжыған қартты қой! — депті.
Осы сөзді есіткен арғын-қыпшақ Бөкеңнің соңына еріп кетіпті.
Осыдан кейін Кененің ісінің оңбауына, жеңілуіне себеп болған осы дейді.
Оқуға кеңес береміз:
Сырымның Нұралы ханды шабуы (ІІ нұсқа)
Баймағамбет сұлтан мен Сырым батыр