Photo: Aaditya Arora (https://www.pexels.com/@aaditya-arora-188236) / Pexels
- 25 нау. 2026 13:30
- 26
Ким Чен Ын АҚШ-ты әлемдік агрессиямен айыптады
Солтүстік Кореяның көшбасшысы Ким Чен Ын АҚШ-ты әлем бойынша агрессия жасап, мемлекеттік терроризмге жол беріп отыр деп айыптады. Бұл мәлімдемесін ол Жоғарғы халық жиналысының 15-ші шақырылымының бірінші сессиясында жасады.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ким Чен Ынның айтуынша, АҚШ-тың әрекеттері елдердің тәуелсіздікке ұмтылысын әлсіретпейді. Керісінше, бұл антиамерикалық көңіл-күйді күшейтіп, гегемонияға қарсы күштердің бірігуіне ықпал етеді.
Солтүстік Корея өз миссиясын жалғастырып, көпполярлы әлем қалыптастыруға үлес қоса беретінін атап өтті. Оның пікірінше, тәуелсіздік үшін күресіп жатқан елдер барлық қиындықтарды еңсеріп, одан әрі күшейе түседі.
Бұған дейін Ким Чен Ын Оңтүстік Кореяны КХДР үшін жау мемлекет ретінде қарастыратынын мәлімдеген болатын. Сондай-ақ, ол елдің ядролық мәртебесінен бас тартпайтынын және Сеул тарапынан кез келген қауіпке қатаң жауап беретінін айтқан.