tengrinews.kz
- 03 мау. 2026 12:31
- 24
Ақтөбеде пакеттен табылған сәбиге Батыр есімі берілді
Ақтөбеде көшеде пакет ішінен табылған нәрестеге Батыр есімі берілді. Сәби қазір ауруханада ем алып, жағдайы жақсаруда.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазір нәресте облыстық балалар ауруханасында жатыр. Түскен кезде салмағы 2 килограмм 900 грамм болса, бүгінде 3 келіден асқан. Дәрігерлердің айтуынша, сәбидің жағдайы орташа ауырлықта бағаланғанымен, барлық талдаулар қалыпты нәтиже көрсеткен.
Сәбиді балалар үйіне жіберуге дайындап жатыр
«Баланың салмағы жас нормасына сай өсіп келеді. Қазір қамқоршы органдар мен полиция өкілдерімен бірлесіп, қажетті құжаттар ресімделіп жатыр. Барлық рәсімдер аяқталғаннан кейін, бала «Үміт» балалар үйіне жіберіледі», - деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Әлия Шарбақова.
Естеріңізге сала кетейік, жаңа туған нәрестені 23 мамырда Ақтөбе қаласының шетінде ағаштың астынан тауып алған болатын. Оны серуендеп жүрген мектеп оқушысы байқаған. Алдымен қыздар қара пакеттегі мысық деп ойлапты. Алайда, жақындап қарағанда, ішінде сәби барын көреді. Сәбидің анасы әлі күнге дейін табылған жоқ.