Көңілді бау - бақша!
Көңілді бау - бақша!
Балалар көңілді әуенмен залға кіреді. Жапырақтармен билейді.
Жүргізуші:
Думан толы асқарлы,
Күз мезгілі басталды.
Күз әуені кеп жетті,
Әнге бөлеп жастарды.
Нұрға бөлеп өмірді,
Жырға бөлеп көңілді.
Жарқыраған сәулелі,
Күз әуені төгілді.
Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар! Күз мерекесіне қош келдіңіздер!
Балалар орындарына отырады. (жапырақтарды орындықтардың астына қояды)
Тақпақтар:
Қ. Санжар:
Ой, балалар, балалар,
Қоңырқай күз келіпті.
Қурап жапырақ солыпты,
Ел егінін орыпты.
Әсем:
Ұшты талдан жапырақ,
Сары көбелек секілді.
Аспанда жай шатырлап,
Тамшы жерге секірді.
Арнұр:
Самал қозғап қалғанда,
Үзіледі сары алма.
Шолып едім бақшаны,
Қауын біткен сап - сары.
Інжу:
Ел егінін жинайды,
Қырманға дән сыймайды.
Біздің дала бай дала,
Алтын астық айнала.
Нұрсайд:
Дәрумендер тірегің,
Жемістерден аласың.
Жетіспесе бірі оның,
Ауырып сен қаласың.
Меруерт:
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.
Алихан:
Жайдарлы күз, жарқын күз,
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы ен далам,
Дариядай шалқып жүр.
Асылхан Айзере:
Ал, балалар тұрмайық,
Әндетейік жырлайық.
Күзгі балда әдемілеп,
Шырқатып ән салайық.
Жүргізуші: Ән «Күзгі вальс»
(Балалар орындарына отырады)
(Әуенмен Күз ханшайымы кіреді.)
Күз ханшайымы:
Ерінбестен еңбек етіп келетін,
Еңбекшіге бар жемісін беретін
Мен мырза күз ынтымақты еліңе
Берекелі ырыс болып енетін.
- Сәлеметсіңдер ме балалар, және қонақтар. Ой, қандай әдемі балалар! Сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Мен Күз ханшайымы боламын.
Ойын: «Көкөністер мен жемістерді жинау»
Күн ханшайымы: - Балалар, ертегі тыңдағанды жақсы көресіңдер ме?
Балалар: - Иә
Олай болса мен сендерге «Бау бақшадағы бұзық қияр» ертегісін айтып берейін.
- Ертеде бақшада қиярлар өсіпті. (Ортаға қиярлар анасы артында жүреді)
Анасы: Адина: Бақша ішінде отырған,
Көз тартар жасыл түсімен,
Міне менің қиярларым
(Басынан сипайды)
Қиярлар әуенмен билеп ортаға шығады. (Қиярлар билеп болған соң тақпақ айтуға шығады)
Би: « Қиярлар»
1 - Қияр: Сұлтанәлі:
Өнім биыл тамаша,
Көз тоймайды қараса
Жиналыппыз бәріміз
Қайсымыз ең дәмдіміз?
2 - Қияр: Арнұр:
Қарыс - қарыс бойлары
Жазда өсер бақшада
Білектей болып ұзарып,
Жылыжай болар қыстауы
3 - Қияр: М. Санжар:
Дәмім тілді үйірген
Мен тұздалған күйімде!
Жаңа піскен кезімде
Жейді бәрі сүйсіне
4 - Қияр: Мұқағали:
Көктеп ерте өрмелеп,
Өсемін мен бүр жарып
Атым қияр, теріп ал
Жиі - жиі суғарып.
(Тақпақтан соң қиярлар бақшаға барып отырады, бұзық қияр орнында отыра алмайды)
Анасы: Адина
Қиярым, қиярым,
Алысқа ұзама.
Алдыңнан сұр тышқан
Шығып қалар бір қуыстан.
( Анасы шығып кетеді)
Күз ханшайымы:
Қиярлар отбасында бір бұзықтау қияр болыпты. Бір күні орнында отыра алмай, жүйектен жүйекке секіріп, оң солына қарамай қашып кетеді.
(Кенеттен қатты жел соғады)
Жел: Інжу
Желге ешнәрсе тең емес,
Тауда жолын бөгемес,
Дамыл алмай жүгіремін
Бәріңді әуре етемін. У - у - у - у - у ….
(Қиярды айналып залдың ортасына апарып, жел шығып кетеді)
Күз ханшайымы:
Қияр орнынан тұрып, өз жүйегін ағаларын іздейді.
(Залды бір айналып шығады, алдынан қызанақ шығады)
Күз ханшайымы:
Бұзық қияр алдынан өзімшіл қызанақтар шығады.
Қызанақ: Әсем
Піскен кезде қызанақ,
Көз тартар қызыл түсімен
Барма адам сүйсінбей
Тамат шырынын ішпеген?
Күз ханшайымы:
Қызанақ Қиярға былай дейді:
Қызанақ: Әсем
Қияр - ау, қияр - ау
Алысқа ұзама
Алдыңнан сұр тышқан
Шығады бір қуыстан. ( деп шығып кетеді )
Күз ханшайымы:
Кенет алдынан сәбіздер жүгіріп шығады.
Сәбіз: Алихан
Кім бар сәбіз шырынын,
Жастайынан ішпеген?
Мені жеген адамдар
Кем болмайды күшке де!
Сәбіз: Бежан
О, алақай тамаша,
Шашу шашты жапырақ.
Бақтың іші алаша,
Аунар ма едім жатып ап.
Сәбіз сөзі: - Ал, енді мені мұқият тыңда.
Қияр - ау, қияр - ау
Алысқа ұзама
Алдыңнан сұр тышқан
Шығады бір қуыстан. ( деп шығып кетеді )
Күз ханшайымы:
Бірақ оның айтқанын бұзық қияр тыңдамай ары қарай жүгіре жөнеледі. Алдынан домаланып картоп шығады.
Картоп: Ибрахим, Даниял
Мен ұялшақ картоппын
Мен емеспін мақтанар,
Мені жақсы көреді
Үлкендер мен балалар.
Картоп: Ильяс:
Қартоп біздің асымыз,
Жер астында жатырмыз.
Бір тамырдан тараған,
Ағайынбыз бәріміз.
Ибрахим: - Ал енді мені мұқият тыңда!
Қияр - ау, қияр - ау
Алысқа ұзама
Алдыңнан сұр тышқан
Шығады бір қуыстан.
Күз ханшайымы:
Бірақ айтқанын тыңдамай бұзық қияр, бақаға тап болады. Алдынан ағаштан үзіліп түскен алмалар мен шиелерге жолығады.
Алма: Сымбат
Пісіп тұрған алмамын.
Тамсандырар бал дәмім,
Жерге сілкіп түсірме,
Ісіп кетер маңдайым.
Алма: Артықбай Айзере
Мен алмамын, алмамын,
Таңдай татар бал дәмім.
Мына тәтті бал дәмді,
Дастарханға арнадым.
Шие: Аруна
Мен шиемін, шиемін
Күннің көзін сүйемін
Қышқыл шырын менде бар
Төмен басты иемін.
Шие: Дариға
Күн шуаққа маужырап,
Жатыр еді атырап.
Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
Шие: Аруна: Ал енді бізді мұқият тыңда.
Қияр - ау, қияр - ау
Алысқа ұзама
Алдыңнан сұр тышқан
Шығады бір қуыстан.
Жамбыл облысы, Тараз қаласы,
№13 бөбекжай - бақша тәрбиешісі
Салыбекова Гульмира Туленовна
Көңілді бау - бақша! жүктеу
Балалар көңілді әуенмен залға кіреді. Жапырақтармен билейді.
Жүргізуші:
Думан толы асқарлы,
Күз мезгілі басталды.
Күз әуені кеп жетті,
Әнге бөлеп жастарды.
Нұрға бөлеп өмірді,
Жырға бөлеп көңілді.
Жарқыраған сәулелі,
Күз әуені төгілді.
Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар! Күз мерекесіне қош келдіңіздер!
Балалар орындарына отырады. (жапырақтарды орындықтардың астына қояды)
Тақпақтар:
Қ. Санжар:
Ой, балалар, балалар,
Қоңырқай күз келіпті.
Қурап жапырақ солыпты,
Ел егінін орыпты.
Әсем:
Ұшты талдан жапырақ,
Сары көбелек секілді.
Аспанда жай шатырлап,
Тамшы жерге секірді.
Арнұр:
Самал қозғап қалғанда,
Үзіледі сары алма.
Шолып едім бақшаны,
Қауын біткен сап - сары.
Інжу:
Ел егінін жинайды,
Қырманға дән сыймайды.
Біздің дала бай дала,
Алтын астық айнала.
Нұрсайд:
Дәрумендер тірегің,
Жемістерден аласың.
Жетіспесе бірі оның,
Ауырып сен қаласың.
Меруерт:
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.
Алихан:
Жайдарлы күз, жарқын күз,
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы ен далам,
Дариядай шалқып жүр.
Асылхан Айзере:
Ал, балалар тұрмайық,
Әндетейік жырлайық.
Күзгі балда әдемілеп,
Шырқатып ән салайық.
Жүргізуші: Ән «Күзгі вальс»
(Балалар орындарына отырады)
(Әуенмен Күз ханшайымы кіреді.)
Күз ханшайымы:
Ерінбестен еңбек етіп келетін,
Еңбекшіге бар жемісін беретін
Мен мырза күз ынтымақты еліңе
Берекелі ырыс болып енетін.
- Сәлеметсіңдер ме балалар, және қонақтар. Ой, қандай әдемі балалар! Сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Мен Күз ханшайымы боламын.
Ойын: «Көкөністер мен жемістерді жинау»
Күн ханшайымы: - Балалар, ертегі тыңдағанды жақсы көресіңдер ме?
Балалар: - Иә
Олай болса мен сендерге «Бау бақшадағы бұзық қияр» ертегісін айтып берейін.
- Ертеде бақшада қиярлар өсіпті. (Ортаға қиярлар анасы артында жүреді)
Анасы: Адина: Бақша ішінде отырған,
Көз тартар жасыл түсімен,
Міне менің қиярларым
(Басынан сипайды)
Қиярлар әуенмен билеп ортаға шығады. (Қиярлар билеп болған соң тақпақ айтуға шығады)
Би: « Қиярлар»
1 - Қияр: Сұлтанәлі:
Өнім биыл тамаша,
Көз тоймайды қараса
Жиналыппыз бәріміз
Қайсымыз ең дәмдіміз?
2 - Қияр: Арнұр:
Қарыс - қарыс бойлары
Жазда өсер бақшада
Білектей болып ұзарып,
Жылыжай болар қыстауы
3 - Қияр: М. Санжар:
Дәмім тілді үйірген
Мен тұздалған күйімде!
Жаңа піскен кезімде
Жейді бәрі сүйсіне
4 - Қияр: Мұқағали:
Көктеп ерте өрмелеп,
Өсемін мен бүр жарып
Атым қияр, теріп ал
Жиі - жиі суғарып.
(Тақпақтан соң қиярлар бақшаға барып отырады, бұзық қияр орнында отыра алмайды)
Анасы: Адина
Қиярым, қиярым,
Алысқа ұзама.
Алдыңнан сұр тышқан
Шығып қалар бір қуыстан.
( Анасы шығып кетеді)
Күз ханшайымы:
Қиярлар отбасында бір бұзықтау қияр болыпты. Бір күні орнында отыра алмай, жүйектен жүйекке секіріп, оң солына қарамай қашып кетеді.
(Кенеттен қатты жел соғады)
Жел: Інжу
Желге ешнәрсе тең емес,
Тауда жолын бөгемес,
Дамыл алмай жүгіремін
Бәріңді әуре етемін. У - у - у - у - у ….
(Қиярды айналып залдың ортасына апарып, жел шығып кетеді)
Күз ханшайымы:
Қияр орнынан тұрып, өз жүйегін ағаларын іздейді.
(Залды бір айналып шығады, алдынан қызанақ шығады)
Күз ханшайымы:
Бұзық қияр алдынан өзімшіл қызанақтар шығады.
Қызанақ: Әсем
Піскен кезде қызанақ,
Көз тартар қызыл түсімен
Барма адам сүйсінбей
Тамат шырынын ішпеген?
Күз ханшайымы:
Қызанақ Қиярға былай дейді:
Қызанақ: Әсем
Қияр - ау, қияр - ау
Алысқа ұзама
Алдыңнан сұр тышқан
Шығады бір қуыстан. ( деп шығып кетеді )
Күз ханшайымы:
Кенет алдынан сәбіздер жүгіріп шығады.
Сәбіз: Алихан
Кім бар сәбіз шырынын,
Жастайынан ішпеген?
Мені жеген адамдар
Кем болмайды күшке де!
Сәбіз: Бежан
О, алақай тамаша,
Шашу шашты жапырақ.
Бақтың іші алаша,
Аунар ма едім жатып ап.
Сәбіз сөзі: - Ал, енді мені мұқият тыңда.
Қияр - ау, қияр - ау
Алысқа ұзама
Алдыңнан сұр тышқан
Шығады бір қуыстан. ( деп шығып кетеді )
Күз ханшайымы:
Бірақ оның айтқанын бұзық қияр тыңдамай ары қарай жүгіре жөнеледі. Алдынан домаланып картоп шығады.
Картоп: Ибрахим, Даниял
Мен ұялшақ картоппын
Мен емеспін мақтанар,
Мені жақсы көреді
Үлкендер мен балалар.
Картоп: Ильяс:
Қартоп біздің асымыз,
Жер астында жатырмыз.
Бір тамырдан тараған,
Ағайынбыз бәріміз.
Ибрахим: - Ал енді мені мұқият тыңда!
Қияр - ау, қияр - ау
Алысқа ұзама
Алдыңнан сұр тышқан
Шығады бір қуыстан.
Күз ханшайымы:
Бірақ айтқанын тыңдамай бұзық қияр, бақаға тап болады. Алдынан ағаштан үзіліп түскен алмалар мен шиелерге жолығады.
Алма: Сымбат
Пісіп тұрған алмамын.
Тамсандырар бал дәмім,
Жерге сілкіп түсірме,
Ісіп кетер маңдайым.
Алма: Артықбай Айзере
Мен алмамын, алмамын,
Таңдай татар бал дәмім.
Мына тәтті бал дәмді,
Дастарханға арнадым.
Шие: Аруна
Мен шиемін, шиемін
Күннің көзін сүйемін
Қышқыл шырын менде бар
Төмен басты иемін.
Шие: Дариға
Күн шуаққа маужырап,
Жатыр еді атырап.
Ағаштардан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
Шие: Аруна: Ал енді бізді мұқият тыңда.
Қияр - ау, қияр - ау
Алысқа ұзама
Алдыңнан сұр тышқан
Шығады бір қуыстан.
Жамбыл облысы, Тараз қаласы,
№13 бөбекжай - бақша тәрбиешісі
Салыбекова Гульмира Туленовна
Көңілді бау - бақша! жүктеу