Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Көңілді ойындар
Білім беру саласы: «Қатынас», «Таным».
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Тіл дамыту, Сенсорика, Жаратылыстану.
Тақырыбы: «Көңілді ойындар».
Мақсаты: Түрлі ойын тапсырмалар арқылы балалардың қиялы мен қабілетін жетілдіру. Балалардың сөздік қорын толықтыру, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру. Балаларды ұйымшылдыққа, достыққа, бір - біріне көмектесуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Қолданылған технология түрі: ТРИЗ.
 Сөздік жұмыс: Сайқымазақ.
 Билингвальды сыңары:
жасыл - зеленый, сары - желтый, қызыл - красный, көк - синий.
Заттық дамыту ортасы: түрлі - түсті шарлар, пішіндер, қима қуыршақтар, қима суреттер.
 Мотивациялық - қозғаушылық
Шаттық шеңбері
Біз әдепті баламыз,
Жайнай берсін даламыз.
Табиғатты сүйеміз,
Қамқорлықпен қараймыз.
Балалар шеңбер бойына тұрып өлең жолдарын қайталайды.
 Ұйымдастырушылық - ізденістік
 - Балалар қазір жылдың қай мезгілі? (Қазір жылдың көктем мезгілі).
- Көктем мезгілінде неше ай бар? ( наурыз, сәуір, мамыр).
- Көктем мезгілінің ерекшеліктерін атап жіберейікші?
- Күн жылынады, қар ериді, құстар жылы жақтан ұшып келеді.
- Дұрыс айтасыңдар балалар, көктем мезгілінде күн жылынады, айналадығы қар, өзен, көлдердегі мұздар ериді. Жаңбыр жиі жауады, кемпірқосақ шығады. Талдар бүршік атады. Көктемнің алғашқы гүлдері бәйшешек, қызғалдақ гүлдейді.
Тосын сәт: Хат тасушы келеді.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар. Бұл «Балапан» тобы ма? (Балалар амандасады)
- Иә.
- Мен «Балапан» тобына хат әкелдім.
Тәрбиешіге хатты беріп: - Балалар менің басқа да топтарға тарататын хаттарым бар, соларды таратайын. Сау болыңдар.
Тәрбиеші: Балалар бұл хат бізге кімнен келді екен, ашып оқып көрейік.
- Сәлем балақайлар! Мен шарларымның түстерін шатастырып алдым. Сендер маған шарлардың түстерін дұрыс табуға көмектессеңдер, мен сендерге қонаққа барамын.
 Сәлемнен Сайқымазақ.
- Балалар, біз Сайқымазаққа көмектесеміз бе?
- Олай балса, Сайқымазақтың шарларын жібінің түстеріне қарай орналастырып берейік.
Ойын: «Түстерін тап»
Шарты: жіптердің түстеріне қарай шарларды орналастыру.
Әуен ырғағымен сайқымазақ келеді.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Менің шарларымның түстерін дұрыс тауып бергендерің үшін сендерге көп рахмет.
- Балалар, Сайқымазақтың шарларының түстерін атап шығайықшы?
Балалар шарлардың түстерін атайды.
Билингвальды сыңары: жасыл - зеленый, сары - желтый, қызыл - красный, көк - синий.
- Балалар, біз Сайқымазаққа мына көңілді қуыршақтарды үлкеннен кішіге қарай орналастырып көрсетейік.
Балалар қуыршақтарды үлкеннен кішіге қарай дұрыс орналастырады.
Сайқымазақ: Балалар! Сендер мені таңғалдырдыңдар, енді мен сендердің көңілдеріңді көтерейін.
Сергіту жаттығуы.
 
Балалар Сайқымазақпен әуен арқылы қимыл - қозғалыс жасайды.
Сайқымазақ балаларды мақтайды.
- Балалар біз бойымызды сергітіп алсақ Сайқымазаққа пішіндер туралы айтып берейік.
- Қандай пішіндерді білеміз? (Үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер).
- Енді осы пішіндерді алмаларға орналастырып көрсетейік.
- Алдымен алмалардың түстерін атап жіберейікші, мынау алманың түсі қандай?
- Сары алмаға қандай түсті пішінді орналастырамыз?
- Келесі алманың түсін кім айтады?
- Жасыл түсті алмаға қандай түсті пішінді орналастырамыз?
- Келесі алманың түсін кім айтады?
- Қызыл түсті алмаға қандай түсті пішінді орналастырамыз?
Балалар тақтада және партада тұрып орындайды.
Сайқымазақ: Балалар сендер өте білімді, тапқыр бала екенсіңдер.
Мен сендерге өзімнің көңілді тәттілерімді алып келдім.
Қоштасып шығып кетеді.
Рефлексифті - түзетушілік:
Оқу қызметін қорытындылау.
- Балалар біз кімнің шарларының түстерін тауып бердік?
- Сайқымазақ сендерге ұнады ма?
- Алмаларға қандай пішіндерді орналастырдық?
 Оқу қызметінің соңында балаларды мақтап, мадақтау.
Күтілетін нәтиже:
 Біледі:
үлкен - кішіні салыстыруды, түстерді, пішіндерді ажыратады.
 Меңгеруі:
жаңа сөздерді меңгерді.
Жасай алуы: тапсырмаларды дұрыс орындай алады.

Тараз қаласы
№13 бөбекжай- бақша тәрбиешісі Даутова Нургуль Бахбергеновна

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама