Күн шуағын төккен жан
Күн шуағын төккен жан
Мақсаты: Балаларды мейірімділікке, қайырымдылыққа, бауырмалдыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу. Қазақстанның бірінші ханымы «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмір жолы, ұлағатты ұстанымдары арқылы жас ұрпақтың жүрегіндегі өмірге, ата - анасына, ең жақын адамдарына жалпы адам атаулыға деген сүйіспеншілік, махаббат достық секілді ізгілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: суреттер, нақыл сөздер, фото - көрме.
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру кезеңі.
Тыныштық сәті. Ақырын музыка қойылады. «Менің бақытты отбасым» фото - көрмесін жасау. Әркім өзінің отбасы туралы ондағы сүйікті адамдары туралы, сүйікті анасы туралы олардың жақсы қасиеттерін көз алдарынан ойша өткізеді. Осы арқылы оларға деген сүйіспеншіліктері артып, езулеріне күлкі үйіріледі. Мұғалім сол кезде көздерін ашуларын сұрайды. Әр оқушы өз әсерлерімен бөліседі.
I. Әңгімелеу мұғалім
Қымбатты балалар! Біз бүгін «Күн шуағын төккен жан» атты мейірімділік сабағын бастаймыз. Сонымен бірге бұл сабақтың өзіндік тағы бір ерекшелігі бар. Ол -«Бөбек» балалар қайырымдылық қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның сан - сапалы қайырымдылық қызметіне, Сара Алпысқызының туған күніне арналады.
Сара Алпысқызы 1941 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысы Қызылжар ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын қарапайым құрылыс жұмысшысы болып бастаған. Жоғары білімді экономист.
1992 жылдан бастап балаларға рухани, адамгершілік білім беру және тәрбиелеуге байланысты мәселелерді шешуге нақты көмек көрсететін «Бөбек» Республикалық балалар қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті.
Сара Алпысқызы жалпы рухани - адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың қайта өрлеу «Өзін - өзі тану» бағдарламасының авторы болып табылды.
Айназ:
Сара Алпысқызына арнау өлеңін оқу
Еңбек етіп жүр екенсіз, аянбай,
Қиыншылық, кедергіге қарамай.
Тербетесіз, мектеп білім бесігін,
Айқара ашып өмір сізге есігін.
Жүзіңізден жылылық леп жайдарлы,
Шуағынан сәулелі нұр арайлы.
Ақылдылық, даналылық, даралық,
Қазақ қызы бір өзіңнен тарайды.
Сүйсіндім, мен, сізге қарап тамсана,
Жанарыңыз «Сара апай» тамаша.
Ұлылығын көрдім сізден заманның,
Қазақ туын тік көтерген бір ана!
ІІ. Мәтінмен жұмыс
Сара Алпысқызы «Өмір әдебі» деген кітабынан алынған үзіндіні оқи отырып, оқушылар әр адамның өз өміріне өзі жауапты екендігіне назар аударады, өзара пікір алмасады.
«Мен бала күнімде шамадан тыс қарапайым жасқаншақ болдым. Актриса болуды армандадым, рас, актриса бола қойған жоқпын. Бірақ өмірімді бұрмаламай көрсететін бір қарапайым ақиқатты түсіндім. Ал нақтырақ алатын болсақ, адамдарды бір - бірінен ажыратуға болатын басты айырмашылық жан дүниесі мен рухтың үйлесімі арқылы өмір сүру қабілетін айқындайтын олардың санасының даму деңгейі екен».
(Сара Алпысқызы)
ІІІ. Шығармашылық жұмыс.
Оқушылар Сара Алпысқызына арналған өлеңдерді оқиды.
1 - оқушы: Жүрегі кең, ақ пейілді, дара анам,
Шәкірттерің биік өрге самғаған.
Шуақ шашып жер жүзіне мейірімің,
Ел, Анасы атандың сен, Сара апам!
2 - оқушы: Бөбектердің былдырлаған тілдері,
Еліміздің қуанышы гүлдері.
Тарихында қазағымның жасасын,
«Бөбек» қоры еліміздің бүгінгі.
3 - оқушы: Сара апа қадір тұтар қасиетіңіз,
Бізге қымбат әр айтқан өсиетіңіз.
Сіздің әрбір ісіңізден өнеге алып,
Әрқашанда алдыңызда бас иеміз.
4 - оқушы: Сізді көрсем бақытта көрінеді,
Сіз арқылы бақытым өріледі.
«Өзін - өзі тану» пәні арқылы,
Ажыраттым ақ - қараны өмірдегі.
5 - оқушы: «Жылу» Ф. Оңғарсынова.
Ән: «Қос бәйтерек» Орындайтындар: Маратова Аяулым, Сәкенова Ақбөпе
ІV. Қорытынды
Сара Алпысқызының жүректен шыққан жылы сөзі адамды тебірентіп өзін - өзі тануына, өзін - өзі сыйлай білуіне, шын ниет, адал жүрекпен басталған істің нәтижелі болатынын ұғындырады. Әр адамның тұлғалық дамуы әркімнің өзіне, жасалған әрекетіне байланысты болады. Сара Алпысқызының ұлағатты ұстанымдары арқылы жас ұрпақтың жүрегіндегі өмірге, ата - анасына, ең жақын адамдарына, жалпы адам атаулыға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік, махаббат, достық сенімді ізгілік қасиеттерін дамыта түседі.
V. Жүректен жүрекке.
Балалар енді мына Сара анамызға, өз аналарымызға, жақын адамдарымызға ең ізгі тілектерді жазайық. Кім қандай тілек айтқанын тыңдайық. Әркім өз тілегін оқып, жүрекке жабыстырады.
ШҚО, Аягөз ауданы, Өркен ауылы,
“С. Нұғманов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп” КММ
Бастауыш класс мұғалімі Карибаева Жанаргуль Алмановна