- 05 нау. 2024 04:42
- 464
Күз берекесі
«Күз берекесі» тақырыбындағы сыныптан тыс өткізілген тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Күз берекесі»
Мақсаты: Табиғат құбылысын байқату, жыл мезгілдерін айыра білуге үйрету. Ел байлығы астықтың жиналуы, пісуі, оның дастарқанға келіп түсуіне дейінгі адам еңбегін дәріптеу. Көкөністер мен жемістерді айыра білуге үйрету. Күз мезгіліне байланысты мақал - мәтелдер мен жұмбақ арқылы ой - өрісін, тілін дамыту.
Көрнекілігі: Жемістер мен көкөністер, нан, мақал - мәтел, күзгі алқап суреті бейнеленген плакаттар ілініп, шарлармен безендірілген.
Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлеметсіздер ме, қадірменді ұстаздар мен қонақтар. Бүгін біз шағын орталық «Бақытты балалық шақ» I тобының балаларымен «Күз берекесі» тақырыбындағы тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз. Бұл ашық сабағымыздың мақсаты балалардың сөздік қорын, ойлау қабілетін, сабаққа деген қызығушылығын арттыру. Табиғатты аялауға, күз мезгілінде қандай өзгерістер болатындығын әңгімелей білуге үйрету. Қысқаша күз туралы айтар болсақ, айнала сап - сары алтын сияқты күйге енгендіктен біз оны «Алтын күз» дейміз. Күзде еңбектің қызған кезі, жеміс - жидектер, астық піседі, оны жинау басталады. Сондықтан күзді «еңбекқор күз» деп атайды. Қазір балаларымыз осы бір тоқсанда алған білімдерін толықтыра отырып, осы тақырыпта тақпақ, мақал - мәтел, жұмбақ шешумен қатар өз өнерлерін көрсетіп «бауырсақ» ертегісінен көрініс қояды. Осы «Бақытты балалық шақ» тобында 17бала, оның ішінде 7қыз, 10 ұл бала тәрбиеленуде. Балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты тәрбие сағатымыз 25 минутқа белгіленіп отыр.
1. Амандасу кезегін балаларға береміз.
Бәрі бірге. Амансың ба – алтын күн
Амансың ба – мектебім
Амансың ба – ұстазым
Амансың ба – достарым.
2. Мұғалім сөзі: Балалар, біз ортаға өнерімізді тамашалатуға алтын күзді шақырайық. Күздің бізге берер сыйы мол. Күз сыйлығын алуға қане бәріміз бірге шақырайық.
3. Балалар: Келші, келші алтын күз
Келші, келші жарқын күз
Мерекені жалғастырып
Ойнап күлші алтын күз.
4. Күз.( әуенмен билеп ортаға келеді)
Армысыңдар, балдырғандар
Күзгі бақтағы қонақтар
Өздеріңе ала келдім
Күздің сыйын көз тартар
5. Мұғалім сөзі: Алтын күз сіз қолыңыздағы жемістерді менің балаларыма таратып бересіз бе?
6. Күз. Жоқ, ол үшін балалар еңбек ету керек, өйткені күздің жемістері,
көкөністері адамның үлкен еңбегімен келеді. Қане мен сендердің өнерлеріңді тамашалайын, содан кейін бір ойын ойнатайын. Ол ойын «көкөніс жинау» деп аталады. Оған үш бала шығып, біреуі жаужұмырды, екіншісі сәбізді, үшіншісі пиязды шатастырмай жинап ыдысқа салу керек.
7. Хор. Күз.
Тоңазып атырап,
Көп жеміс піседі.
Сарғайып жапырақ
Саудырап түседі.
Қ - сы
Күз жомарт дейміз біз
Жемісін жейміз біз. 2 рет.
8. Тақпақтар(хормен)
Бар бізде бау - бақша
Қызыл - жасыл айнала
Осындай біп - биік
Осындай үп - үлкен
Кел ортаға өрігім
1-бала Өрікпін мен өрікпін
Бау - бақшаға көрікпін
Баптап мені күткен соң
Талды бойлап өріппін.
2-бала Алтын, сары, қызыл, көк...
Алуан - алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап.
3-бала
Нарттай қазыл алмам бар
Мәз болады алғандар
Жазда әдемі киінем
Тілді балдай үйірем
9. Сұрақтар.
1) Бір жылда неше мезгіл бар?(төрт)
2) Жыл мезгілдерін қалай атаймыз? (күз, қыс, көктем, жаз)
3) Қазір қай мезгіл?(күз)
4) Әр мезгілде неше ай бар?(үш)
5) Күз мезгілінің айларын қалай атаймыз?(қыркүйек, қазан, қараша)
6) Күзде қандай өзгерістерді байқаймыз?(салқын түседі, күн
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы,
«№19 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Шағын орталық тәрбиешісі Оразбаева Акбаян Муханбетовна
Толық нұсқасын жүктеу