Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы
Қазақ әдебиеті 9 сынып
Пән мұғалімі: Сейтметова Бибігүл

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ
Сабақтың тақырыбы: Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы
Сабақтың мақсаты: Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы туралы өздігінен білім ала отырып, өзара білім алмастыру. Өлеңдерінің тақырыбы мен автор идеясын ашу, әдеби теориялық тұрғыдан талдау жасау дағдыларын қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже: Махамбет Өтемісұлының ақындық, адамдық болмысы, шығармаларының ерекшелігі туралы біледі. Заман талабына сай құрал - жабдықтардығ әдіс - тәсілдерді қолдана алады.
Әдіс - тәсілдер: Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; Оқуды және оқыту үшін бағалау; Талантты және дарынды балаларды оқыту; АКТ - ны қолдану; Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс; Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту.
Ресурстар: Стикер, Кеспе қағаздар, плакат, постер, түсті қағаз, маркерлер, компьютер, интерактивті тақта

Кіріспе
Ұйымдастыру кезеңі: (3 мин)
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Әр оқушы сабаққа есімінің бас әріпінен басталатын тілек айтады, мысалы «Бибігүл – бақыт тілейді»
Сыныпты «Мозайка»әдісі арқылы үш топқа бөлу.
І топ. «Білім»
ІІ топ.«Ғылым»
ІІІ топ.«Өнер»
Әр топқа бағалау парағын таратып беру.
Қызығушылықты ояту (15 мин)
Үйге берілген тапсырмалар бойынша ақынның бір өлеңін әр топтан бір оқушы мәнерлеп жатқа айту және топ мүшелері өлеңнің бір шумағын құрылысына қарай талдау тапсырылады
І топ. «Білім»Ереулі атқа ер салмай
ІІ топ.«Ғылым» Мұнар күн
ІІІ топ.«Өнер» Жалғыздық

Жаңа сабақ
Махамбет Өтемісұлы (1804 ж., Ішкі Бөкей Ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданының Нарын құмының Жанқұс жері. — 1846 ж. қазан 20, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысының Махамбет ауданы) — қазақтың әйгілі ақыны, күйші композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті (1836 - 1837) ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы.
Оқушыларға Махамбеттің өмірі мен шығармашылығы жайлы бейнекөрініс көрсетемін

Байұлы ішіндегі Жайық - Беріш. Нәдір деген кісіден Мәлі (кейбір деректе Құлмәлі, Құлманияз деп айтылады) туады. Мәлінің қазақ әйелінен Өтеміс пен Шыбынтай, қалмақ әйелінен Қобылай туған. Өтемістен - он ұл, Шыбынтайдан - төрт ұл, Қобылайдан - үш ұл туып, Мәлі ұлдың өзінен он жеті немере сүйген адам. Бұл әулет Тайсойған құмындағы іргелі ауылдардың бірі. Атасы Құлмәлі, әкесі Өтеміс те өз заманында айтулы тұлғалар болған, Құлмәлінің тұқымынан би де, шешен де шыққан
Сергіту сәті (2 мин)
Топтық тапсырма: Үш топтың оқушылары бір - біріне сұрақтар қояды?

Ой толғаныс (6мин)
Бекіту сұрақтары:
1. Махамбетті неге жауынгер ақын дейміз?
2. Махамбеттің неше бауыры және неше баласы бар?
3. «Ереуіл атқа ер салмай» атты өлеңінің негізгі идеясы қандай?
4. Ақынның алғаш өлеңдер жинағы қашан шықты?
5. Ақынның ерлікке, Отансүйгіштікке, батырлыққа шақыратын қандай өлеңдерін білесіңдер?
6. Махамбеттің қандай күйлері бар?

Қорытынды (5мин)
«Инсерт» әдісін қолдана отырып сабақты қорытындылаймын.

Бағалау (2мин)
Топ жетекшісі өз топ мүшелерінің жұмысын критерий бойынша бағалайды.
Оқушыларға жиынтық бағасы қойылады.

Рефлексия (2мин)
ББҮ кестесі
Сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жаздырамын.
Үйге тапсырма беру.
«Дауылды жылдың жалынды жыршысы» эссе жазу

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы. слайд жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама