- 05 нау. 2024 04:43
- 422
Махамбеттің Маңғыстауға келуі
Махамбеттің Маңғыстауға келуі
Махамбет Өтемісұлы – қазақтың дауылпаз ақыны. Мектеп бағдарламасында бастауыш сыныптан бастап, қазіргі кезге дейін оның өлеңдерін оқып келеміз. Жалпы Махамбеттің көтерілісінің себебі салықтың өсуі мен жер мәселесі еді. Сондай ақ осындай әділетсіздіктер, түрлі салықтардан түскен ауыртпашылықтар Махамбеттің ызасына тиді. Көтерілістің негізін қалаушылар қарапайым шаруалар ал оны басқарған - Махамбет.
Бір күні Махамбет Айдарханға жақын жерде орналасқан үйдің балконынан қарап тұрады. Сол сәтте балық сататын сатушыға 4 казак орыстың жабылып жатқанын көреді. Ірі денелі біреу келіп 1 орысты құлатып салады қалғандары қашып кетеді. Оны көрген Махамбет бұл кім деп онымен танысып үйіне шақырады. Оның есімі Баба екен ол өзін Маңғыстаудан келіп едім, балық сататын кәсібім бар еді. Ақтұмсық деген жерде тұрам Долги деген балық шаруашылығым бар. Сол жерден балық алып осында сатуға бала-шағамның нанын табуға келіп едім дейді. Махамбет оны ұнатып қалады. Сөйтіп Бабаны балығы таусылғанша өз үйіне 3 - 4 күн қондырады. Сонда Баба мен саған Ақтұмсық деген жерде тұратынымды бірінші күні айттым теңізге жақын жер егер келіп жатсаң сені күтіп алуға дайынмын деп сол жерде қоштасады.
Күндердің күнінде Махамбет Фортқа теңізбен кеме арқылы келеді. Ол сол жерде Сүйінқараның үйіне барып жағдайын айтады. Мен Хиуаға Жәңгірге қарсы қол жинайын деп едім. Маған серік болатын жолдас керек деп.
- Мен Баба деген кісіні көріп едім соны алдырып бере аласың ба? деп айтады. Сүйінқара Бабаны алдырып екеуіне де ат беріп Маңғыстау арқылы Хиуаға аттандырады.
Хиуадан қайтар кезде қыс болып дала қар болады. Сонда екеуі келе жатып үлкен апанды көреді. Баба тұрып:
- бұл апанда қасқыр бар оның терісі бізге керек болып қалар деп шешіне бастайды. Оны Махамбет әзіл ретінде қабылдап сенбей тұрады. Бірде Баба апанға кіріп кетеді тез арада шығып үсті басы су болып шығады. Қолындағы терісін Махамбетке лақтырады да өзі терім қатып қалар деп тезірек киініп алады. Қазақтың салтында аңшы өз Олжасын жолдасына береді екен.
Қорыта айтқанда бұл оқиға өмірде болған. Махамбет өз ауылына қайтып Үбіге келіп маған апаннан қасқырдың терісін алып берген Адайды көрдім деп айтып кеткен екен. Үбі Мұратқа айтқан, Мұрат арқылы халыққа жетіп отыр. Оның дәлелі біз қазіргі кезде оны мұғалімнен естіп мақала қылып жазып отырмыз.
Жазған: Джумабаева Айдана