Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Мен және менің жасөспірім балам
Мен және менің жасөспірім балам
7 - 9 сынып және ата - аналары мен оқушылары / пікірлесу - тренинг/

Мақсаты: ата - аналарды жасөспірімдік кезеңнің ерекшеліктерімен таныстыру.
Ата - ана мен жасөспірімнің арасындағы қарым - қатынасын анықтау
Әдістері: арт - терапия, фото терапия

Кіріспе:
Әрбір ата - ана өз тәжірибесінен біледі: бала дамуындағы жасөспірімдік кезеңнің басталуы оның физиологиясының, психикалық реакциялары мен мінез - құлқының айтарлықтай өзгеруімен байланысты болады. Жасөспірімдік шақты дағдарыс жасы деп атауы кездейсоқтық емес. Жалпы жасөспірімдік кезең 5 – ші сыныптан бастау алады да, әр адамға әрқалай әсерін береді.
Көптеген жайттар жасөспірімнің оны қалай жеңуіне, ата - анасынан осындай қиын кезеңде қандай көмек алатындығына байланысты болады.
Біріншіден, дәл осы уақытта есейіп келе жатқан адамның ата - анасымен болашақ қарым - қатынасының сипаты – олар жақын бола ма, сенімге негізделген бола ма, сыйластыққа толы бола ма, осылар айқындалады. Немесе алшақтау болады, эмоционалдық салқындық, алыстау, тұйықтық пайда болады, олар өмір бойы сақталады, және отбасындағы атмосфераны бұзып, болашақта ұрыс - керіс пен жанжалдарға себепші болады.

Сұрақтар беру ата - анаға: Балаңыздың жасөспірімдік кезеңді басынан өткізгенін білесізбе, қандай өзгерістер байқайсыз? мінезінде, дене бітімінде
Оқушыларға сұрақ беру: жасөспірім кезеңді қалай түсінесің? өзіңнен өзгерістер байқайсың ба?

Бейне материал көрсету
Бұл тамаша бейнематериал сіздердің әрқайсыларыңызға ержетіп келе жатқан баланың мінез - құлқы қандай арынды эмоциялардан болатындығын түсінуге мүмкіндік берді деп ойлаймын. Және ең бастысы, бұл бейнероликтің сіздердің көңіл күйлеріңізді көтергендігіне, жағымды эмоциялар тудырғандығына сенімдімін. Міне, енді біз педагогикалық тұрғыда сауатты әрбір ата - ана өз баласымен қарым - қатынаста білуі, есте сақтауы және басшылыққа алуы тиіс ақпаратты меңгеруге, зерделеуге толық дайынбыз деп ойлаймын.
Осы себептерге байланысты бүгінгі тренинг ұйымдастырылып отыр.

«Ыммен түсінісейік»
Ата - аналарға:
1. Бала тәрбиесіне байланысты бағдарламаларды, ақпараттарды тыңдайсыз ба?
Иә - қол шапалақтайсыз
Жоқ - аяқ тарсылдатасыз
2. Балаңызбен ашық сөйлесесіз бе?
Иә - жымиыңыз
Жоқ - басыңызды ұстаңыз
3. Балаңызға өтпелі кезеңдегі өзгерістерді айтып көрдіңіз бе?
Иә - оң қолды көтересіз
Жоқ - сақал сипаймыз
«Қол шапалақтайық»
Ұйықтағанды жақсы көретіндер
Дәмді тамақтанғанды ұнататындар
Сабаққа кешігіп келетіндер
Жазғы демалысты жақсы көрмейтіндер
Мен ержеттім
Мен бойжеттім
Көңіл - күйі көтеріңкілер
Жалқаулар ғана
Мен әлі кішкентай бала сияқтымын
Сабақты жақсы оқитындар

Танысу «Қуыршақ терапиясы»
Мақсаты: Жиналған адамдар арасында жағымды қарым - қатынас орнату, бір - біріне жақындастыру.
- Құрметті ата - аналар! Бүгінгі тренингімізді «Танысу» жаттығуымен бастағымыз келіп отыр. Ата - аналармен танысуды
«Қуыршақ» терапиясы арқылы жүзеге асырамыз. Бұл қарапайым сулық, бірақ бұның сиқырлы қасиеті бар. Әрбір ата - ана осы фольгадан қуыршақтың бейнесін жасап, оған есімін беріп, өзін бізбен таныстырады.
* Қуыршақты өз қалауыңызша атауға болады.
*Ол сіздің есіміңізбен немесе сізге ұнайтын атпен аталуы мүмкін,
әлде сіздің бала кезіңіздегі өзіңізге ұнаған ат болуы да мүмкін немесе балаңыздың атауын беруге болады.
Ол өзіңіздің қалауыңыз бойынша.
Ал таныстыру кезінде әңгімеңізді «Бір кезде бір қуыршақ болыпты...»деп бастайсыз. Сіз өзіңіз туралы, қайда туып - өскеніңіз туралы, отбасыңыз және балаларыңыз туралы айтып, баяндайсыз.
Балалармен танысу
2 топқа бөлініп, әр топ өзінің мүшелерін бір бет қағазға жазады да, сол баланың қасиеттерін жанына жазады. Бірінші топ өз мүшелерінің қасиеттерін оқиды, ал қарсы топ сол баланы кім екенін тауып алу керек.

«Қарым - қатынас шеңбері» жаттығуы
Барлығы ортаға шақырылады. Ата - аналар сыртқы шеңберді, ал балалар ішкі шеңберді құрап тұрады. Ата - аналар естігенді орындайды.
Балаңызды мектепке қалай шығарып саласыз?
Балаңыздың шашын дұрыстаңыз.
Балаңыз алыстан келгенде, сағынышыңызды қалай білдіресіз?
Балаңыздың қуанышты хабарын қалай қабылдайсыз?
Балаңызды ұйқыдан қалай оятасыз?
Балалар ауысып тұрады
Фото терапия: Қалаған фотоларын таңдап, ішкі ойларымен бөлісу

Арт терапия “Шеңбер бойынша сурет”
Ата - аналар кезекпен баланың суретін салады
Балалар кезекпен қалаған суреттерін салады.

Фототерапия: Ата - анасымен фотоға түсу
Рефлексия: тренингтен алған әсерлерін бөлісу
Тренингіміздің мақсаты өтпелі кезеңдегі оқушы және ата - анаға қолдау көрсету, ата - ана мен баланың бірін - бірі түсінуі үлкен бақыт деп есептейміз сол бақытқа жол көрсеттік деп есептейміз.

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы,
Харкин орта мектебі психологімі Сая Сатыбалдиева

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама