Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 сағат бұрын)
Метрополитен. Зат есімнің түрлері
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар атауы: 5. 7. 7. Көлік және жол белгілері
Қазақ тілі 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Метрополитен. Зат есімнің түрлері
Сабақ негізделген оқу мақсаты: 5. О5. Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру.
5. ӘТН. 4. 2. Зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдану.
Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар істей алады: Мәтін мазмұнын баяндайды, мәтін бойынша сұрақтар дайындайды, зат есімнің мағыналық түрлерін атайды.
Оқушылардың көпшілігі істей алады: мәтін мазмұнын түсініп, мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтарды құрастырады, зат есімнің мағыналық түрлерін ажыратып, тұжырымдайды.
Кейбір оқушылар істей алады: Мәтін мазмұнын оңтайлы меңгереді, мәтіндегі негізгі, қосымша ақпаратты анықтауға бағытталған жоғары деңгейлі сұрақтар дайындайды, оқыту мен оқуда көшбасшылық танытады, зат есімнің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында трүлендіріп қолданады.
Бағалау критерийлері: Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады.
Зат есімнің мағыналық түрлерін ажыратады, тиісті қосымшаны жалғап, түрлендіреді.
Пәнаралық байланыс: География

Басы 2мин.
Ұйымдастыру кезеңі.
«Тілектер жауыны» тренигі арқылы жағымды психологиялық ахуал туғызу.
Оқушыларды «Білім бекетіне» жету үшін билет алу арқылы топтастыру.
1 - топ: автобус билеттерін алған жолаушылар
2 - топ: пойыз билеттерін алған жолаушылар
3 - топ: ұшақ билеттерін алған жолаушылар

Ортасы
Үй тапсырмасын тексеру.
1 - бекет. Белгілі бір көліктің тарихы туралы дереккөздерден мәлімет жинап, жазу. (оқушы жұмысын жинап алып тексеремін).

2 - бекет. Ой қозғау. Ассоциация жасау.
Қоғамдық көлік түрлері

Кеме
Автобус
Пойыз
Трамвай
Ұшақ
Метро т. б.

3 - бекет. Оқылымалды тапсырма. Мозаикадағы суретті құрастыру арқылы оның не екенін табу. Сол арқылы жаңа сабаққа бағыттау.
Мадақтау сөздері арқылы бағалау.
4 - бекет. Оқылым тапсырмасы. Топтық жұмыс. Оқулықтағы 145 - беттегі 1 - тапсырмадағы берілген мәтінді оқу.
Оқылымнан кейінгі тапсырма.
А. 1 - топ «Кластер» әдісімен мәтіндегі тірек сөздерді ретімен жазады.
2 - топ. Алдын ала ұсынылған суреттерді мәтін мазмұны бойынша ретімен орналастырып, баяндайды.
3 - топ. Метроның артықшылықтарын дәлелдейді.
«Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы бағалайды.
5 - бекет. Ә. Мәтінді оқыған соң оқушылар сұрақтар әзірлейді.
1 – топ. Мәтін мазмұнын білу, түсіну деңгейіндегі сұрақтарды әзірлейді.
2 – топ. Мәтін мазмұнын қазіргі өмірмен байланыстыра отырып проблемалық сұрақ қояды.

Қызылорда қаласы, Абай ауылы.
Абай атындағы №138 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Әсем Пірімова

Метрополитен. Зат есімнің түрлері. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама