Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Мыңбай батыр

Мыңбай жастайынан пысық болып өсіп, «батыл бала» атанады. Ол аңға шыққанда да батылдық көрсетіп, «мерген бала» атанған. Үстіне мінген соң қандай асау тай, құнан түгілі ат туласа да, жығылмайды екен. Мыңбай аттың үстінде өзі отырып, қасына келген адамды жағасынан ұстап жоғары тік көтеріп әкететін күшті де болған.

Мыңбай батыр Сырым батыр және Сүйінқарамен замандас, бірге болған. Бұлар қалмақтарды  Еділ-Жайықтан Маңғыстау, Атырау түбектерінен қуып, Астраханнан әрі асырып жіберген. Ақын Мұрат Мөңкеұлы былай деп жырлаған:

Бисмилла сөз бастайын Жаппар Құдай,
Асылым топырақтан, денем судай.
Өтпеген атса мылтық, шапса қылыш,
Өтіпті Талашыда батыр Мыңбай...

Бірде Мыңбай алыс жолдан шаршап, сусап келе жатып, бір жалғыз ақбоз үйге тап болады. үйде бойжеткен қыз отырады. Әке-шешесі қасындағы ауылға тойға кетіпті. Қыз келген адамнан қорқады.

Оны байқаған Мыңбай батыр: «Қалқам, менен қорықпа. Зияным жоқ адаммын», — дейді.

Қыз шай қайнатып береді. Мыңбай кереге басындағы ілулі тұрған садақты алып, бір-екі рет тартып көреді де, орнына қайтып іліп қояды. Қыз шығып, тойдан келген әке-шешесіне үйде қонақтың барын, оның садақты тартып көргенін айтады. Ұй иесі Мыңбай батырмен танысып, үш күн қонақ етеді. Кетерінде үй иесі Мыңбайға ат мінгізіп, садақты қоса береді.

Оқуға кеңес береміз:

Жұрын батыр

Қаралда батыр

Қозыүй батыр


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама