Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 52 минут бұрын)
Монголия президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

Монголия Президенті Ухнаагийн Хурэлсух Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Ол Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 20-23 сәуір аралығында Астанада болады.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Монголия президенті әкімшілігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайда моңғол көшбасшысын Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ерлан Қошарбаев пен Монголияның Қазақстандағы елшісі Батжаргал қарсы алды.

Сапардың мақсаты

Сапар барысында екі ел басшылары жеке кездесу өткізіп, ресми келіссөздер жүргізеді. Сондай-ақ, баспасөз өкілдеріне ақпарат беріледі. Визит кезінде үкіметаралық және институционаралық құжаттарға қол қойылады. Бұл құжаттар екі елдің құқықтық негіздерін нығайтуға елеулі үлес қосады деп күтілуде.

Экологиялық саммит

Мемлекеттік сапар аясында Монголия президенті Өңірлік экологиялық саммитке қатысады.

Жаңалықтар

Жарнама