Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Музыкалық шығармадағы штрихтармен жұмыс
Қызылорда қаласы, Шиелі кенті,
Әуез мектебінің ІІ санатты мұғалімі
Сұлтанова С.С.

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ол жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында», - деп елбасы Н. Назарбаев айтқандай, еліміздің өркениетті алпауыт мемлекеттерден қалыспай, тең қадам басуы үшін болашақтың тұтқасын ұстар білімді ұрпақ тәрбиелеуді ұстаздарға жүктеуі үлкен жауапкершілікті айғақтайды. Бұл үшін мемлекет тарапынан барлық жағдайлар да жасалуда. Жалпы, ұстаздар қауымын білім мен өнер шыңына құштар, ізденімпаз, шығармашыл, өмірдің шуағы мен нәрін себуші қамалдардың алыбы деп айтуымызға болады.
Ғұлама философ Сократ маевтика тәсілін білім беруде кеңінен қолданған, шәкірттерін ешқашан үйретпеген, оның орнына қойылған сұрақтарының жауаптары арқылы өз бойларындағы білімді еске түсіріп, сыртқа шығаруға мүмкіндік туғызған. Сондағы мақсаты: ұстаз жеңілдететін, ынталандыратын сұрақ, тапсырмалар беру арқылы жағдай жасап, шәкіртіне белгісізді өзі тануға жәрдем беру болатын. Осы тұста Конфуцийдің айтқан пікірін еске алу орынды: «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есімде сақтаймын, өзіме жасатсаң - үйренемін» [1]..
Арнаулы әуез мектебінде оқушылармен жүргізілетін «Фортепиано» класындағы жұмысымыз дайын материалдарды транформациялаудан алшақ, қайта оқушылар өздері өзекті де күрделі шығармаға сын тұрғысынан қарап, ойланып, тереңнен танысып, талдап, бірнеше жаттығулар арқылы жұмыс жасау негізінде нәтижесін жинақтап ортаға салып ойнайды. Осы тұрғыда фортепиано класы бойынша жүргізген оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыра түскен, жақсы нәтижеге жеткізген сабақ жоспарын ұсынуды жөн көрдім.

Сабақтың тақырыбы: Музыкалық шығармадағы штрихтармен жұмыс
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушының өткен сабақтарда алған музыкалық шығармаға қатысты түсініктеріне сүйене отырып, шығарманың орындалуымен жұмыс жасау, штрихтары мен динамикалық белгілерін ажырата білуді үйрету.
б) дамытушылық: оқушыны шығармашылыққа баули отырып, музыканың штрихтарын, динамикалық белгілерін тиянақты, орынды жеткізуге дағдыландыру. Есту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
ә) тәрбиелік: оқушыға жаттығулар мен шығарманың үзінділері негізінде таза, сауатты ойнауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: С. Майкапардың «В садике» шығармасының ерекшеліктерін (тональдігі, өлшемі, штрих, динамикалық белгілері) ажырата алады, фортепиано аспабында шебер ойнауға дағдыланады.
Керекті жабдықтар: Фортепиано, смайликтер, гүл күлтешелері, плакаттар
Қолданылатын әдіс – тәсілдер: түсіндіру, сұрақ - жауап, ой қозғау, аспапта ойнау
Сабақтың мазмұны:

1. Ұйымдастыру кезеңі
а) Сәлемдесу:
- Армысыздар, қадірлі ұстаздар. Бүгінгі шуақты күнде 2 сынып оқушысы С...- мен фортепиано класы бойынша өткізілетін сабаққа хош келдіңіздер.
2.Психологиялық дайындық
(Оқушының көңіл - күйін анықтау)
Алдыңда тұрған смайлик бойынша көңіл - күйіңді білдіре ғой (Оқушы екеуінің біреуін алады, ішіндегі сөзін оқып береді, көрсетеді).

smile жадырап жайнаймын, білімге тоймаймын.

winked әлі де оқимын, көңілге тоқимын.

Көңіл - күй смайлигі оқушының сабаққа деген қызығушылығын оятады. Көтеріңкі көңілмен сабаққа назарын аударады.
3. Өткен тақырыптарға шолу: (5 минут)
Гүл күлтешелерімен жұмыс.

Оқушы гүл күлтешелерінің біреуін қалап алып (кемінде 2), артындағы сұрақтарға жауап береді, өз білімдерін пысықтап, ойнап тексереді.
1. Қызыл күлтеше - неше нота бар? Ата
2. Жасыл күлтеше – до дыбысынан гамма ойна (До – мажор (С - dur)
3. Көгілдір күлтеше – соль дыбысынан гамма ойна (Соль – мажор (Y - dur)
4. Қызғылт сары (оранжевый) күлтеше - Штрих дегеніміз не? Қандай түрлерін білесің?
5. Күлгін (фиолетовый) күлтеше – Қандай динамикалық белгілерді білесің?
6. Көк күлтеше – С. Майкапар кім?
7. Сары күлтеше - С. Майкапардың «В садике» шығармасын ойна

4. Үй тапсырмасын қайталау: (10 минут)
Шығарманы ойнар алдында гаммаға тоқталып өткен абзал. Гамманы (до мажор) ойнауда саусақтардың ұштарын сезінуіне назар аударғанын қадағалап отыру қажет. Жылдамдықты қосу үшін стакатто әдісімен ойнауды сұраймын. Бұл әдіс саусақтардың ұштарын сезінуін жылдамдаттырады, әрбір дыбыстың нақты ойналу барысында оқушының есту қабілеті дамиды.
Самуил Майкапардың «В садике» шығармасының өлшемі, тональдігі қандай? Шығармада қандай штрихтар кездеседі? Оның қандай түрлерін білеміз? деген сұрақтар арқылы оқушының музыкалық шығарманың сипатын түсінгендігін, музыкалық сауаттылығын тексере аламыз. Шығарма қандай көңіл - күйде жазылған? - жылдам. Өте жақсы, әзірше орташа жылдамдықта ойнап көрелік. Осы тұста оқушының біркелкі, саусақтың реттілігін дұрыс қойып ойнауын өзім қадағалап отырамын.

5. Жаңа тақырыпты меңгеру (20 минут)
Оқушының назарын ноталық мәтінге аудара отырып, дұрыс ойнауын қадағалаймын. Бірінші, екінші тактідегі бірінші үлестегі ноталар стакаттоға орындалады, екінші үлесте екпін қойылады. Үшінші такті бірыңғай стакаттоға орындалады. Төртінші тактідегі екі үлестегі ноталардағы жұптық лиганы ойнағанда бірінші үлестегі терцияға екпін жасаймыз, ал екінші үлестегі терция жай орындалуы тиіс. Негізгі тақырып 8 тактіден құралады. Сол қалпында ол тағы да қайталанады.
Ендігі кезекте динамикалық белгілермен жұмыс басталады. Алғашқы сегіз тактіге назар аударайық, шығарманың басы р - пианомен басталып, үшінші тактіде крещендо арқылы төртінші тактіде деминуэндоға ауысады. Дәл осы динамикалық белгілер келесі 5 - 8 тактілер аралығында да кездеседі.

Меццефортедан басталатын шығарманың екінші тақырыбы стакаттомен орындалады. Толқын секілді төрт тактіден кейін қайтадан p - пианодан - жайдан басталып, crescendo - крещендоға ұласады деп түсіндіре отырып, оқушының дұрыс ойнауын талап ете аламыз.
Аккордтарды ойнағанда шынтақтың ілініп тұрмауын мұғаліммен бірге оқушы да қадағалап отыруы қажет, әрбір аккордтан кейін босатуға тырыса отырып, бесінші саусақтың нық басуын сұраймын.
Оқушы өзі шығарманың кульминациясының тура келетін жерін анықтай отырып, оны дұрыс орындауға тырысады.

Осылайша шығарманың көркемдік сипатын ашып, техникалық тұрғыда қиындық тудыратын жерлерін жеке - жеке талдап, жаттығулар арқылы дағдыландырып, оны есте сақтап, толық ойнауға көше аламыз.
6. Қорытындылау: Бүгін біз штрихтың түрлерін, олардың қалай орындалатынын үйрендік. Енді шығарманы орындаған кезде штрихтарды пайдаланып, шығарманы әсемдей, әрлей білуіміз керек. Музыканың жан дүниені тебірентетін үні адамға қайғы үстінде де, қуанышында да,
демалыс уақытында да, еңбек пен тұрмыста да көңіл серігі болады. Адам өз тіршілігін ғана емес, сонымен бірге аңсаған арманын да, көңіл түкпіріндегі үмітін де музыка арқылы білдіріп отырған. Сондықтан біз музыканы қастерлей білуіміз керек.

7. Үйге тапсырма
1. До мажор гаммасын ойнау
2. Смауил Майкапардың «В садике» шығармасын динамикалық белгілермен жатқа ойнап келу

1. Әлімов А. Интербелсенді әдістемені қолдану мәселелері: Оқу құралы. – Алматы, 2013

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама