depositphotos.com
- 15 мам. 2026 16:30
- 37
Наймұздан аман қалған 19 жастағы жігіттің таң қалдырған әрекеті
АҚШ-та 19 жастағы Хантер Вайч есімді жас жігіт найзағайдың соққысынан аман қалып, дәрігерлік көмек алғаннан кейін 10 сағаттан соң қайта балық аулауға шығып, жұртты таң қалдырды. Бұл туралы KPTV телеарнасына сілтеме жасап, "Мой Город" хабарлады.
Оқиға Техас штатында болған. Хантер Вайч балық аулап жүргенде найзағай оның іш тұсынан соғып, ауыр жарақат алған. Телеарнаның мәліметінше, оқиға кезінде ол Джаспер қаласында анасымен бірге су қоймасының жанында тұрған, ағашқа сүйеніп тұрғанда найзағай соққан.
Вайч журналистерге өзінің есін жоғалтып алғанын айтты. Оның сөзінше, найзағай оны басқа ағашқа қарай ұшырып жіберіп, салдарынан ауыр жарақаттар алған. "Найзағай ішімнен өтіп, аяғыма дейін жетіп, табанымның үстінен шықты", - деді ол.
Жас жігіт есін жиғанда аяқтарын сезбегенін, оң аяғын да, оң табанын да қозғалта алмағанын айтты. Денесінде күйік іздері мен бетінде көптеген жарақаттар болған. "Ағаш жарылып, оның сынықтары мен топырағы бетіме қарай ұшып түсті. Әлі күнге дейін терімде майда сынықтар мен топырақ қалдықтары бар", - деп бөлісті жас жігіт.
Ауыр жарақаттарға қарамастан, ол ауруханада небәрі 10 сағат қана жатып, ертесіне оқиға болған жерге барып, қайтадан балық аулауға кіріскен.