D дәруменінің тапшылығы: білу керек белгілер
D дәрумені «күн дәрумені» деп аталып жүргені кездейсоқ емес — басқа жемір заттектермен салыстырғанда ол тағам құрамында жоқтың қасы, алайда терімізге жылу мен жарық ықпал еткен кезде молынан бөлініп шығады. Бірақ алты ай қыс, үш ай күз кезінде орташа статистикалық адамның ағзасында бұл дәрумен жеткілікті бола бермейді. D дәрумені тапшы кезде не істеу керек? Мақалада осы мәселені толығырақ қарап шығамыз.
Қатер төнген топқа кімдер жатады
Healthista сайтына берген сұхбатында диетолог Ким Пирсон (Kim Pearson) адамды денсаулығына қатер төнген топқа жатқызатын бірнеше факторды атап өтті. Біріншіден, организмде D дәруменін ақшыл теріге қарағанда баяуырақ синтездейтін қара тері. Екіншіден, аяғы ауыр әйел және лактация кезеңі, мұндай кезде кез келген тәуекелден аулақ болу үшін, организмге міндетті түрде тағам қоспалары арқылы түсіп тұруы тиіс. Сонымен қатар мына кісілердің де денсаулығына төнген қауіп бар:
◎ Далаға шығуы сирек егде тартқан кісілер;
◎ Күндізгі уақыттың көп бөлігін кеңседе өткізетін қызметкерлер;
◎ Түнгі ауысымда істейтін, сол себепті күндіз ұйықтап жататын кісілер.
«Мен клиенттерімнің организміндегі D дәруменінің мөлшерін үнемі тексеріп отырамын. Дәруменнің оптималды деңгейі бар адамдар — әдетте тағам қоспалары арқылы дәрумендерді қабылдайтындар немесе әжептәуір уақытын күн көп түсетін елдерде өткізетіндер», — дейді Пирсон.
D дәруменінің жетіспеушілігін білдіретін белгілер
D дәруменінің тапшылығы адам саулығы үшін үлкен мәселе болып табылады, себебі оның ағзада болмауы, зерттеулер деректеріне сүйенсек, жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдығу қатерін арттырады және обыр ауруына шалдығу ықтималдығын жоғарылатады.
Оқуға кеңес береміз:
Жүрек ауруы жөнінде не білуіміз керек?
Қауіпті болуы мүмкін бес белгіні атап өтейік:
Жұқпалы ауруларға жиі шалдыға беру
Иммундық жүйенің қалыпты жұмыс істей алуы үшін D дәруменінің маңызы өте жоғары. «D Дәрумені жеткіліксіз болған кезде иммундық жасушаларымыз қауіпке қарсы қажетті жауап қайтара алмай қалады, жалпы ағзымызды инфекцияларға төзімсіз етеді», — дейді Ким Пирсон. Бұл ретте D дәрумені туа біткен иммунитеттің сапасына ықпал еткеніндей адаптивті иммунитеттің сапасына да ықпал етеді.
Көңіл-күйдің нашар болуы
«Бұған қоса, D дәруменінің мидағы серотонинді қалыпты деңгейде ұстап тұруда маңызы зор», — деп Пирсон сөзін жалғайды. Әңгіме көңіл күйдің жақсы болуы мен өмірге құштар бола алу үшін бізге қажетті нейротрансмиттерлер туралы болып отыр. 2014 жылы Medical Hypotheses-те жарияланған компиляциялық зерттеу D дәруменінің жетіспеушілігі мен маусымдық аффективтік бұзылу (маусымдық депрессия) арасында байланыс барын анықтағанына мән бермеуге болмайды.
Оқуға кеңес береміз:
Өзіңді шын мәнінде бақытты сезінудің 8 ғылыми жолы
Миыңызды жұмыс істеуден бас тартқызатын себептер
Үнемі шаршап жүру
«D дәрумені ішкен асымызды қуатқа айналдыру үшін де қажет, — дейді сөзін ары қарай сабақтаған Ким Пирсон. — Егер сіз әрдайым шаршаңқы сезімде болсаңыз, онда организм қажетті заттарды сіңірмей жатқан болуы мүмкін, ал оған D дәруменінің тапшылығы себепкер болуы әбден мүмкін». Бұл жердің жақсы жаңалығы сол, сіз бұл мәселені тез арада шешуіңіз мүмкін (2016 жылы Medicine журналында жариаланған зерттеу D дәруменін ішу арқылы жағдайды 7-8 күн ішінде жақсартуға болатынын көрсетті).
Сүйектердің осалдығы
Айтылып өткендерден бөлек D дәрумені организмдегі кальций мен фосфат деңгейін реттестіріп отыру үшін де қажет, баршаға мәлім болғандай — сүйек пен тістің саулығы үшін олардың маңызы зор. Зерттеулерге сүйенсек, D дәруменінің қажетті мөлшерде болуы ересектердегі остеомаляцияның (сүйектердің жұмсаруы) және остеопороздың (сүйектің тығыздығының кемуі) алдын алуға септігі бар. 2014 жылы жасалған зерттеу барысында D дәрумені жетіспейтін 50 жастан асқандар жамбас буыны мен тізе буыны ауруларына көбірек шалдығатыны анықталған.
Оқуға кеңес береміз:
Остеопороз
Мешел
Сүзбеге қарағанда кальций мөлшері көбірек 10 азық-түлік
Иценко-Кушинг ауруы
Бұлшықеттегі ауырсыну сезімі
D дәруменінің бұлшықеттердің функцияларына да көмегі бар, себебі оған арналған рецепторлар бүкіл денеге тараған. «Егер бұлшықеттер еш себепсіз-ақ қақсай берсе, ағзадағы D дәруменінің тапшылығы туралы ойланғаныңыз абзал», — деп Ким Пирсон ескертеді. Себебі бұлшықет тінінің жасушаларына енген D дәрумені бұлшықеттердің жиырылу жиілігін арттырып, күшті әрі созылғыш болып қалуын қамтамасыз етеді. Бұл бұлшықет талшықтарының үзіліп кетуі мен ұсақ зақымдануларынан, сонымен қоса жаттығулар кезінде де оларды қорғайды.
D дәруменін қалай алуға болады
Адамның басым бөлігі күннің астында 15-20 минут бойы жүру арқылы D дәруменін жеткілікті мөлшерде ала алады. Бұған ең жақсы уақыт — сағат 11:00 мен 15:00 аралығы. Өз ағзаңызды D дәруменімен қамтамасыз ету үшін, күн көзінде жүру бырысында SPF жақпамайларын қолданбау керек, бұл барлық дерматологиялық ақыл-кеңестерге қарсы келеді.
Тиімді жолдың бірі — азық-түлік. Азық-түлік D дәруменімен күн сәулесіндей ешқашан қамтамасыз ете алмайтынына қарамастан, қоспалармен (витамин т.б) бірге олардың пайдасы бар. Сондықтан, күзде және қыста рационыңызда майлы балық (албырт, скумбрия т.б), жұмыртқа сарысы, ірімшік, бауыр, сондай-ақ D дәруменімен байытылған сүт өнімдері мен дақыл жармаларының болуын қадағалаңыз.
Оқуға кеңес береміз:
Ағзаңызға дәрумен жетіспейтінін бет-әлпетіңізден біле аласыз
Цинга: С дәруменінің тапшылығы
Есте сақтау, зейін салу және ой жинақтауға пайдалы 10 азық
Миға пайдалы және зиянды өнімдер
Қай дәрумен не үшін керек, ненің құрамында қай дәрумен бар екенін білесіз бе?