Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 20 сағат бұрын)
Нұрсұлтан Назарбаев өмірбаяны

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Алматы облысының Қаскелең ауданына қарасты, қазіргі Қазақстан Республикасы Алматы облысының Қарасай ауданындағы Шамалған селосында (2012 жылы елді мекеннің атауы Үшқоңыр деп өзгертілді) 1940 жылдың 6 шілдесінде дүниеге келген. Бұл селоның тарихы Жетісу облыстық қоныс аудару басқармасы «Верный-Ташкент» поштажолы желісінің Шамалған өзенімен қиылысар тұсынан, Верный қаласынан 36 шақырым жердегі Ресейден келген қоныс аударушыларға арнап Шамалғаннан жер учаскесін бөлген 1907 жылдан бастау алады. Қолайлы жайылымдарымен суаттары, шабындықтарымен жемісті тоғайлары бар бұл маңды қазақтар ежелден-ақ мекендеп келгендіктен, ру ақсақалдары өз иеліктерін тартып алуға наразылық білдіріп, отарлау әкімшілігінің бұл шешіміне қарсылық танытып баққан. Алайда билік олардың пікірін құлағына ілмей, 1910 жылы осы арадан Түркістан өлкесінің генерал-губернаторы А.В. Самсоновтың тегі бойынша Самсоновское (ауызекі тілде Самсоновка деп аталған) елді мекенінің іргетасын қалайды. 1913 жылдың 1 қаңтарында селода 146 түтін болса, 1925 жылдың 22 желтоқсанына қарай шаңырақтар саны 309-ға жеткен. 1918 жылғы мамырда селоның атауы Шамалған деп өзгертілген. 1940-шы жылдары Шамалған ортасын қақ жара өзен ағып жататын, жолдарына тас төселе қоймаған әрі өн бойында шам да жанбайтын 13 көшеден тұратын кәдуілгі кеңестік селоны еске салатын. Автомобиль мен трактор атаулы мүлде таңсық еді, жұрт ауылда жаяу-жалпы, атпен және арбамен жүріп-тұратын. Жаз айларында ауыл арқылы мал айдалып өтетін, бақташылар табындарын осы жолмен дала жазығынан тау жайылымдарына қарай өргізетін. Кеңес өкіметінің бай-құлақтарды тәркілеуінен кейін, бұрынғы иелерінен қалған тәуір үйлер оншақты ғана еді, өзгелері уақытша салынған баспаналар болатын. Аула мен ауланың арасы 150-200 метрді құрайтын. Селоның ортасында партия ұясының, ауылдық кеңестің, Д.А. Фурманов пен К.Е. Ворошилов атындағы, 1 мамыр және Еңбекші деп аталатын төрт кеңшардың кеңсесі, наубайхана мен мектеп ғимараттары орналасқан болатын.
Бұл өңірге көп ұлтты сипат тән еді: мұнда жергілікті қазақтардан басқа қырғыздар, татарлар, өзбектер, ұйғырлар, дүнгендер тұратын, ал XX ғасырдың басынан — орыстар, украиндар, мордвиндер де тұра бастады. 1930-шы жылдардан бастап Қазақстанға жер аударылып жіберілген халықтардың, ал кейінірек КСРО-ның көптеген өзге де ұлттарының өкілдері қоныстана бастады.

Нұрсұлтанның әкесі — Әбіш Назарбаев

Нұрсұлтанның әкесі — Әбіш Назарбаев (1898-1971 жж.) Ұлы жүздің Шапырашты руының Көшек тармағынан шыққан, аймақтың старшинасы әрі қоғамдық биі Назарбай Сапақбайұлының (1901 жылы дүниеден өткен) үлы еді. Әкесінен ерте айырылған Әбіш 11 жасында дәулетті орыс отбасы Никифоровтарға батырақ болып жалданып, сонда еңбекте шыңдалып, алғашқы кәсіби дағдыға бейімделеді. Әбіштің көптеген басқа құрбы-құрдастарынан бір өзгешелігі — өзінің еңбексүйгіштігі мен білімге деген ынта-жігерінің арқасында орыс тілін үйреніп алады. Жер жырту-ды, диірменді басқаруды, етік тігуді меңгереді, бағбандық пен сауданың әліппесін ұғынады. Мұның өзі оның ортасы үшін мейлінше сирек кездесетін жәйт еді. Сол заманның шектеулеріне байланысты Әбіш білім ала алмаған. Ол үшін де, оның көптеген өзге замандастары үшін де қатал да тиянақты мектеп — өмірдің өзі болды. Жас кезінде Әбіш қара жұмысшы болған, ара-арасында жеке шаруасымен де айналысқан. 1927-1930 жылдары КСРО-ның алғашқы бесжылдығының ірі құрылыстарының бірі — Орта Азияны Сібірмен жалғастырған Түрксіб теміржол торабының құрылысына қатысқан. 1930-шы жылдардың ортасы-нан бастап Үшқоңыр кеңшарын ұйымдастыруға белсене атсалысқан, ал ол таратылғаннан кейін 1939 жылы Д.А. Фурманов атындағы ұжымшарға кіріп, алғашында сондағы егіншілер бригадасын басқарған. 1940 жылы таудағы қыстаулардың бірінде қоғамдық мал мен мүлікті орттен құтқару кезінде қолын қатты күйдіріп, жарақат алады, бірақ мүғедектігіне қарамастан, ұжымшарда бригадир болып істей береді.

Нұрсұлтанның анасы — Әлжан Назарбаева

Нұрсұлтанның анасы Әлжан Назарбаева (1904-1977 жж.) Қасық ауылында — қазіргі Жамбыл облысының Қордай ауданындағы Талапты селосында, Ұлы жүздің Дулат руының Қасқарау тармағынан тарайтын Жатқанбай молданың отбасында туған. Діни әулетке жатқандығы туралы дерек кейінірек оның отбасының кеңестік билік тарапынан қудалауға ұшырауына себеп болған. Алайда, басына түскен ауыртпалықтар мен сынақтарға қарамастан, Әлжан өзінің ақжарқын қалпын сақтай білген, бұл оның әзілқойлығы мен суырып салып ән айтуға деген бейімділігінен де көрініп тұрған. Ол өмір бойы ұжымшарда қатардағы еңбеккер болып жұмыс істеп, үй шаруасымен айналысқан. Нұрсұлтанның ата-анасы Әбіш өз еркімен жалданып прораб болып жүрген, ал Әлжанның отбасы арнайы қоныс аударылғандармен бірге еріксіз жұмысқа салынган сол Түрксіб қүрылысының басында танысқан. Әбішпен Әлжан 1934 жылы үйленген. Некелескеннен кейінгі алғашқы 6 жылда олардың балалары болмайды, сондықтан коптен күткен мұрагердің дүниеге келуі шексіз қуанышпен қабылданады да, ізгі ниетті ерлі-зайыптылар мұны өздерінің бір-біріне деген махаббаты, адалдыгы мен шыдамдылыгы үшін берілген сый деп түсінеді. Ежелден келе жатқан әдет-ғұрып бойынша, дүние есігін жаңа ашқан нәрестеге ат қою қүрметі әулеттің үлкені — Тетебала әжеге беріледі. Назарбай ата қайтыс болганнан кейін ол іс жүзінде әулеттің басшысына айналып еді. Ата-анасымен бірге немересін тәрбиелеуге ол кісі де көп мейір-шапағатын төгеді.

Нәрестенің есімін Нұрсұлтан деп қояды, бұл Нұр (араб тіліндегі сәуле, жарық, жарқырау, тазалық; Құранда ән-Нұр — Алланың 99 есімінің бірі) және Сұлтан (араб тіліндегі жогары билеуші, әмірші, билеп-төстеуші, үстемдік етуші, мейірбан, ақсүйек, таңдаулы, ең жақсы) создерінің үйлесімі еді. От-басында және бала-шағаның, достары мен қүрбы-құрдастарының арасында Нүрсүлтанды есімін қысқартып әрі қарапайым түрде Сүлтан деп атайтын.
Халық арасында кең тараған немерелерін бейнелі түрде өздеріне бала етіп алу дәстүрі балаға әкесінің кіші інісі иерархиялық мәртебесін береді, Сұлтан соның әсерімен отбасылық қарым-қатынаста әжесін апа (ана), әкесі Әбішті — аға, ал туған анасы Әлжанды жеңеше деп атап кетеді.
Тұңғыштары Нұрсұлтаннан кейін отбасында оның інісі Сатыбалды (1947 ж.т.), қарындасы Әнипа (1950 ж.т.), інісі Болат (1953 ж.т.) дүниеге келіп, өсті.
Нұрсұлтан 5 жасқа келгенше ешқайда шықпай, мал шаруашылығы бригадасын басқаратын әкесі ұжымшардың отарын баққан Үшқоңырда болған. Үшқоңыр қойнауы Іле Алатауының ең көрікті бөктерлерінің бірінен саналады. Нұрсүлтан Назарбаевтың барлық ата-бабалары осы жерде тұрған, мал өсіріп, егін салып, жасампаз еңбекпен айналысқан немесе қолына қару алып, оны сыртқы жаулардан қорғаған.

Оның сегізінші буындағы бабаларының бірі — қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресіне белсене қатысқан белгілі әскери қолбасшы Қарасай батыр Алтынайұлы (1589-1671жж.) еді. Қарасай батырдың қаһармандық ерлігіне деген құрмет ретінде, оның есімі күні бүгінге дейін Шапырашты руының жауынгерлік ұраны болып келеді. Сондай-ақ отырықшылық өмір салтына көшудің белсенді жақтаушысы болып, ағайын-туыстарының диқаншылықты үйренуі үшін көп іс атқарған оның атасы Назарбайдың есімі де халықтың жадында жақсы сақталған. Сол төңіректе ол кісінің есімімен тікелей байланысты «Назарбайдың диірмені», «Назарбай алқабы» деген атаулар осы кезге дейін сақталып қалған. Үшқоңырда 3 ұзын барақ болыпты, олардың әрқайсысында 5-6 мың мүйізді ірі қараны бағып-қағумен айналысатын 10 отбасыдан тұрған. Мәскеуге бағынатын биокомбинаттың филиалы да сонда орналасыпты, оның қызметкерлері малдан сарсу үшін қан алатын. Назарбаевтардың отбасы 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының сұрапылын сонда естиді. Әр шаңырақтың шырқын бұзған соғыс Әбіштің отбасын да орағытып өтпейді. Мүгедектігіне байланысты әскери қызметке жарамсыз деп танылғанына қарамастан, ол өзгелермен бірге әскер мен тылды азық-түлікпен және ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз ету ісіне кіріскен. Әбіш пен Әлжан озінің отбасын азық-түлікпен қамтамасыз етумен бірге, асыраушылары әскерге алынып, майданға аттанған туған-туыстарының, достары мен көршілерінің жанұяларына көмектесу міндетін де өз мойындарына алады. Майданға кеткен ер азаматтардың жұмыс орындарын әйелдер, қарттар мен балалар басқан болатын. Олардың тәулігіне 12-14 сағаттап жұмыс істеуіне тура келген.
Сол уақыттың және сол әлеуметтік ортаның салты бойынша, құйтақандай Нұрсұлтан ата-анасына көмектесе жүріп еңбек етуге дағдыланады, ал есейе келе қолғабысын көбейте түседі: үйдегі мал мен қүсқа күтім жасайды, құдықтан су тасиды, ағаш жарып, комір түеіреді, бақшаны күтіп-баптап, ауладағы тазалық пен тәртіпті қамтамасыз етеді. Кейіннен, есейген кезінде ол сол жылдарды «балалық шақтың қара наны» ретінде сипаттайды, оның әсері санасында «ашқұрсақ әрі суық қысқы ұзақ түндер» ретінде қалып қояды. Бірақ Кеңестер елі ісінің әділдігі мен фашистік Германия сияқты күшті жауды күйрете білген кеңес адамдарының бүкіл рухани және дене күшінің ғаламат жұмылдырушылық қуатына тіпті балалардың өздері де терең сеніммен берілген еді. Соғыс аяқталған жылы Нұрсүлтан 5 жаста болды, бірақ сол кездің өзінде-ақ ол Отанының тағдырына өзінің ортақтастығын өткір сезінеді. Арада жарты ғасыр өткенде ол бұл жөнінде былай деп еске алды: «Отан» сөзін алғаш рет бала кезде, суықтан тоңып, когерген қолдарымызды жертөледегі пешке қыздырып, бір бөлке нанды бәріміз бөліп жей отырып естідік. Ауылдан мыңдаган шақырым жерде Ұлы Отан соғысының жалыны лаулап жатты. Майданнан ауылдас ағаларымыздың, алыс-жақын туыстарымыздың, тіпті, әлі мектепті бітіріп те үлгермеген көрші үйлердегі балалардың қайтыс болғаны туралы қаралы хабарлар — «қара қағаздар» келіп жатты. Аналардың жоқтау айтып жылаган зарлы дауыстары. Үрпиген балалар. Жалғыз ұлдарынан айырылған қарттардың қайғысы… Балаларды аузынан ең аңсарлы армандар айтылатын бейкүнә періштелермен жайдан-жай салыстырмаса керек қой. Пештегі оттың жалынына қарап отырып, біз жаумен шайқасып жатқан жауынгерлерді коз алдымызға елестететінбіз және үлкендерден естіген жалбарынуларды қайталап, Отанымыз үшін мінәжат ететінбіз. Ақырында тілегіміз қабыл болып, біз жеңіске жеттік. Кейіннен, мен комбинат пештерінің алдында түрганда да, айтулы 1986 жылдың желтоқсанында да, өмірдегі басқа сындарлы сәттерде де Отанға деген сезім мен сол оттың жалыны менің санамда бір-бірінен бөлінбес бейнелер ретінде қалып қойды. Тарихтың небір тегеурінді сындарынан сүрінбей отіп, тәуелсіздікке қол жеткізген Қазақстанның аспан түстес көгілдір туында Әлемнің оты — Күн бейнеленген. Ол — ғарыш пен табигат күшінің ғана бейнесі емес, өз армандарының орындалгандарын ақыры коре алмай кеткен бабаларымыздың жүректерінің де жалыны».

Алғашқы мектеп. Алғашқы мұғалимасы Т.А. Исмаилова

Нұрсұлтан Назарбаев 1948 жылы Шамалған селосындағы Д.А. Фурманов атындағы (1999 жылдан бастап Қарасай батыр атымен аталады) қазақ-орыс орта мектебінің бірінші сыныбына барды, оны біріншіден бастап, төртінші сыныпқа дейін алғашқы мұғалимасы Т.А. Исмаилова оқытты. Ол кезде әке-шешесінің Шамалған селосында өз үйі болмағандықтан, Нұрсұлтан алғашқы екі сыныпты немере ағасы Үмбеттің үйінде жүріп оқыды. Ата-анасы кейіннен осы жерден үй алып, Шамалғанда біршама тұрақтап қалды. Әріден ойлайтын Әбіш, солармен араласа жүріп, Нұрсұлтан орыс тілін жақсы үйреніп алсын деген ниетпен, үйді селоның жоғарғы жағындағы, негізінен орыстар тұратын Подгорный көшесінен әдейі таңдайды. Осы сәттен бастап анасы Нұрсұлтанның бойына қатаң тәртіп пен өзінің жаңа міндеттерін саналы түрде орындайтын білімғе табыну әдетін сіңірді. Нұрсұлтан сабақ оқыған сағаттарда үйде тыныштық орнайтын және, әдетте, ол өзінің мектепке әзірліктерін аяқтамайынша, бірғе ойнайтын құрбылары да үйге кіргізілмейтін болған. Тіпті, достарымен ойнап болғаннан кейін де білімге құштар бала керосин шамының жарығымен кештен таңға дейін жиі-жиі отырып қалатын. Мұның өзі оның ата-анасы үшін әжептәуір қаржылық салмақ та еді: отбасының барлық мүшелері арасынан беймезгіл уақытта шам жағуға тек Нұрсұлтанға ғана рұқсат етілетін. Аса ауыр кезеңде оздері білім алудан қағажу қалған ата-ана балаларының шағын ауыл мектебі беретін білімді толық игеруі үшін осылайша бар ынта-ықыласын салған. Нұрсұлтанның Шамалған мектебіндегі ұстаздары М. Ихамбердин мен К. Омаров (қазақ тілі мен әдебиеті), Т. Сұлтанбеков (орыс тілі мен әдебиеті), С. Мұқанов (тарих), П. Есімова (математика), Ж. Қарасаев (физика), М. Шаменов (биология), Н. Шлыков (дене тәрбиесі мен әскери-патриоттық тәрбие) және басқалар болды.

«Біздер — чемпиондармыз»

Нұрсұлтанның өмірінде дене тәрбиесі мен спорт елеулі орын алған. Дәстүрлі ауыл ортасында өскен бала үшін қазақтың ұлттық ойындары: күресті, көкпарды, бәйгеге шабуды, аударыспақ ойнауды, тақым тартуды, тағы басқаларды игеру үйреншікті жәйт болатын. Ақжарқын әрі ұйымдастыру ісіне бейім Нұрсұлтан балалар арасында жарыстар өткізуді ұнататын. Ал өзі оларға табанды жаттықтырушы әрі қатаң төреші бола білген. Спорт жабдықтарының жетіспеушілігін балалар қолдан жасалған турниктермен, зілтемірлермен, әткеншектермен, кейде тіпті аяқ астында жататын жұмыр тастармен және бөренелермен алмастыратын. Оқушылар қыста шанамен сырғанап, мұз қалашықтарын тұрғызатын да, жазда ұзақты күн буырқанып ағатын тау өзені иірімдерінің мөлдір суына шомылатын. Мұғалім Т. Сұлтанбеков жүргізетін шахмат үйірмесінде балалар дойбы, шахмат пен қазақтың ұлттық ойыны «тоғыз құмалақтың» әліппесін қызыға үйренетін. Үйдегі балалардың үлкені болғандықтан, ата-анасының мұқтаждық қыспағынан тезірек құтылуына көмектесіп, інілері мен қарындасын аяғына тұрғызу үшін Нұрсұлтан жетінші сыныпты бітірісімен мектепті тастап, жұмыс істегісі келген. Бірақ ұлының уәждерін тыңдаған Әбіш қатты ашуланып, оны мұндай асығыс қадамға барудан бас тартқызып, оқуын жалғастыруға көндірген. Оның үстіне, осыдан аз ғана бұрын үздік оқу үлгерімі мен белсенді қоғамдық жұмысы үшін Нұрсұлтан Назарбаев алғашқылардың бірі болып БЛКЖО қатарына қабылданған болатын. Нұрсұлтан уақытша банкке күзетші болып орналасып, онда 3 ай жұмыс істейді. Алайда оған тән өжет мінез бен өзінің қадір-қасиетін сезіне білу талапты жасқа әлеуетін жұмсауға бұдан едәуір лайықты мүмкіндіктерді іздестіруге жетелейді. Сондықтан сол 1958 жылдың жазында Алматыда ол Киев азаматтық авиация институтына түсуге емтихан тапсырды. Қазақ азаматтық авиация басқармасында конкурстық іріктеуден табысты өтіп, авиация жоғары оқу орнына түскен Нұрсұлтан осындай қуанышты хабармен туған ауылына оралды. Бірақ ол күтпеген жағдай болып, ру ақсақалдары да, шақырылған отбасылық кеңес те оның бұл бастамасын құптамай, алыс жерге аттануына қарсылық танытады. Жасы үлкендерді сыйлап өскен, ересектерге қарсы келіп үйренбеген әрі әке-шешесін ренжітпеуді де ойлаған Нұрсұлтан бұл шешімге мойынсынып, астанаға барып, құжаттарын қайтарып алады. Нұрсұлтанның басында бір жазда болған бас айналдырарлық жетістіктер мен жанын жеген осындай сәтсіздіктер тәлкегі оның жанына ауыр жара салды әрі оның алдынан нағыз кемелденудің алғашқы парақтарын ашты. Алайда, ересек өмірге қадам басу, ата-ананың босағасынан алыста беріктік сынағына абыроймен шыдас беру, жақсы мамандықты игеріп, өз еңбегінің арқасында қоғамның толыққанды мүшесі болу арманы оның бойында мызғымастай орын алып еді.

Ересек өмірдің табалдырығында

1960 жылдың 13 сәуірінде үздік оқып, училищенің қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін Украина ЛКЖО-сының Днепродзержинск қалалық комитеті Нұрсұлтан Назарбаевты екінші рет мақтау грамотасымен марапаттады, ал 1960 жылдың 26 сәуірінде ол училищені үздік бітіріп шықты. Емтихан комиссиясының шешімі бойынша оган «8-ші разрядты екінші горновой» мамандығы берілді (қара металлургияда жоғары разряд 10-шы разряд болып саналады). Жылдар өте келе, ол озінің білім алуының нәтижесін бы-лай деп бағалайды: «Иә, шынында да, ешқандай жоғары оқу орны менің 1,5 жыл ішінде Днепродзержинск училищесінде алған білімімді бере алмас еді. Қалай дегенде де, кейін мен институтта металлургия ғылымдарын оқып-үйренетін кезімде маған бәрі де дерлік таныс әрі түсінікті болатын. Ал егер бұған іс жүзінде алған дағдыларымды (училищеде біз күн сайын сабақтан соң 4 сағат өндірісте жұмыс істейтінбіз) қосатын болсақ, бәрі де өзінен-өзі түсінікті болып шыға келеді». Оқуды бітіргеннен кейін Отанына оралған Нұрсұлтан зауыттың ашылуын тағатсыздана күтіп, алған кәсіби білімі мен дағдысын іс жүзінде қолдануға асықты. 1960 жылдың 9 мамырында трест басқарушысының орынбасары И. Ткаченко қол қойған «Қазметаллург құрылыс» тресі бойынша берілген №616 бұйрыққа сәйкес, Нұрсұлтан Назарбаев днепродзержинскілік 18 бітірушілердің қатарында «Домнақұрылыс» құрылыс басқармасына қара жұмысшы болып жұмысқа қабылданды,домнаның құрылысын аяқтауға қатысып, 1,5 ай бойы бетон құюшы болып істеді. 1960 жылдың 27 маусымында «Қазметаллургқұрылыс» тресі бойынша шығарылған №960 бұйрыққа сәйкес, ол мамандығы бойынша домна пештерінің горновойы болып жұмыс істеу үшін Қарағанды металлургия зауытына ауыстырылады және 1 шілдеде Қарағанды металлургия зауытының домна цехы құю машиналарының 5 разрядты шойыншысы болып қабылданады. 1960 жылғы 3 шілдеде, өзінің 20 жасқа толуы қарсаңында, Назарбаев горновойдың көмекшісі ретінде сол кездегі Қазақстан мен Орта Азиядағы алғашқы әрі жалғыз домна пешінің іске қосылуына тікелей қатысады. Тәжірибелі шеберлер Б.В. Яговитовпен және К.П. Геращенкомен бірге, Нұрсұлтан Назарбаев алғашқы қазақстандық шойынды балқытады. Бұл күн тарихқа Қазақстан Магниткасының өмірге келген күні ретінде енді. Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбектегі өмірбаянының басталуы осылайша республиканың өміріндегі айтулы оқиға — Қазақстан қара металлургиясы флагманының табысты іске қосылуымен тұспа-тұс келді. 1970 жылы Нұрсұлтан Назарбаев өндіріс озаттары мен республикаға еңбек сіңірген қайраткерлерінің қатарында «Ерен еңбегі ұшін.

Алыптың тууы. Қазақстанның үлкен металы осы жерден жөнелтіледі

В.И. Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіне» мерейтойлық медалімен марапатталады. Назарбаевтың бастамашылыгы багынысты ұйымдардың аясымен шектеліп қалмай, облыс пен бүкіл республиканың деңгейіне шығады. 1971 жылы Теміртау қалалық комитетінің IV пленумына әзірлік барысында ол Социалистік Еңбек Ері П.Л. Лисовенконың «Жұмыс уақытын үнемдеу үшін» деп аталатын шақыруына үн қосып, «Ауысымдық тапсырманы 7 сагатта орындайық» деген бастама ұсынады. Бригадирлер В. Гущина («Арнайы өндірістік құрылыс» басқармасы) мен Н. Нұрғалиев («Болатқұрылыс» басқармасы) жария еткен бұл бастаманы Қазақ КСР-інің барлық комсомол ұйымдары іліп әкетіп, ол енді «Қазақстан сағаты» деп атала бастайды.

1973 жылдың күзі Нұрсұлтан Назарбаевтың тағдырына жаңа бетбұрыс әкелді, соның нәтижесінде ол заң жүзінде де, іс жүзінде де еліміздің партиялық элитасының құрамына енді. Жұмысында байқалған жоғары кәсібилік, стратегиялық ойлау және күмәнсіз ұйымдастырушылық дарын оның кандидатурасын Қарағанды металлургия комбинаты партия комитетінің хатшысы қызметіне ұсыну үшін даусыз негіз болып еді. КОКП иерархиялық құрылымының ауқымында мұндай кадрлық орын ауыстыру тұтастай бір буындар мен деңгейлерді артқа тастай отырып, күрт жоғарылау дегенді аңғартатын. Мәселе мынада еді: Кармет сол кезде бүкілодақтық мәні бар стратегиялық объекті атанған болатын, сол еебепті, Қарағанды металлургия комбинаты парткомы хатшысының лауазымы КОКП Орталық комитетінің номенклатурасына кіретін де, оны тікелей өздері бекітетін. Қармет партия ұйымдастырушысының лауазымы қаншалықты мәртебелі болғанымен, соншалықты тәуекелді де еді: кәсіпорынның ахуалы, жеңістері мен құлдыраулары үшін ол одақтық басшылықтың алдында директормен бірдей тікелей жауап беретін. 1977 жылдың наурызында Назарбаев Қарағанды облыстық партия комитетінің өнеркәсіп жөніндегі хатшыеы, ал сол жылдың желтоқсанында екінші хатшысы болып сайланады. Енді оның міндет аясына қара металлургияға басшылық жасаумен бірге, көмір өнеркәсібі, энергетика, машина жасау салаларын үйлестіру де кіреді. Өңір үшін көмір өндіру саласының маңызын ескере келе, Назарбаев ең алдымен көмір өндірудің көлемін арттыру жөніндегі міндетке ден қойды, ол металлургия мен энергетиканың қауырт өсуі жағдайында едәуір артта қалып еді әрі көмірге сұраныстың күрт өсуін қанағаттандыра алмайтын. Қалыптасқан жағдайды шұғыл шешу мақсатында ол ғалымдар мен мамандардың үлкен тобын жинап, солардың қатысуымен «Қарағандыкөмір» өндірістік бірлестігінің жұмысын тексертуді ұйымдастырды. Соның нәтижелері бойынша Қазақстанда алғаш рет ашық әдіспен Бөрлі және Шұбаркөл көмір кеніштерін игеру басталды.

КОКП Орталық комитетінің куәлігі

Н.Ә. Назарбаев 1984 жылдың 22 наурызында 43 жасында Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы болып тағайындалып, КСРО-дағы одақтас республиканың ең жас премьер-министрі атанды. Оның үкімет басшысының лауазымына тағайындалуы іс жүзінде Кеңес Одағында қайта құрудың басталуымен тұспа-тұс келді. КОКП Орталық комитетінің жаңа бас хатшысы М.С. Горбачев жариялаған қайта құру, жариялылық пен жеделдете даму бағытын барлық кеңес халқы сияқты, Назарбаев та дәуірдің объективті пісіп-жетілген белгісі әрі іс-әрекетке басшылық ретінде үлкен ықыласпен қабылдады. Өзі Министрлер Кеңесінің төрағасы болып тағайындалардан сәл ғана бұрын Н.Ә. Назарбаевтың ол кезде әлі КОКП Орталық комитетінің хатшысы болып істейтін М.С. Горбачевпен айтулы кездесуі болған. Сонда Горбачев: «Қалай деп ойлайсың, өзіңінің жөн арқаң мықты ма еді?» — деп сұраған. «Алда қиын кезеңдер тұр, — деп түсіндірді ол. — Тегеурінді шайқастар мен күрестер болады. Оңайға түспейді». Н.Ә. Назарбаевтың қазіргі заманғы, қуатты әрі өсіп-өркендеген мемлекет құрудағы да, Қазақстанның көпғасырлық тарихының тұла бойындағы да аса айрықша еңбегін бүкіл халық болып тануының заңды актісі оған Елбасы конституциялық-құқықтық мәртебесінің ресми берілуі болды. Н.Ә. Назарбаевтың қатқыл сөздермен білдірген қарсылығына қарамастан, Қазақстан халқы өзінің заңды өкілдері Парламент депутаттары арқылы — 2010 жылдың 14 маусымында бұл мәселе жөнінде бірауыздан шешім қабылдады. Қағидаттық тұрғыдан алғанда, бұдан көп бұрын Н.Ә. Назарбаевтың тұлғасы мен атқарған істеріне деген құрмет сезімнің белгісі ретінде, бірқатар шет елдерде оның есімі көзінің тірісінде мәңгі есте қалдырылып, тиіеті мемориалдық объектілер салынуын ескергенде, бұл шешім әбден қисынды болып көрінеді.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама