Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Ондық бөлшектерді қосу
Математика 5 сынып
Тақырыбы: Ондық бөлшектерді қосу (слайд)
Мақсаты: Ондық бөлшектерді қосуды меңгерту

Күтілетін нәтиже: Ондық бөлшектерді қосудың заңдылықтарын пайдалана отырып, есептер шығарады. Ережелерді есептер шығару барысында қолдана алады.
Негізгі идеялар: Ондық бөлшектерді қосу туралы білім беру.

«Еске түсіру»сұрақ - жауап
1. Ондық бөлшек дегеніміз не? Ондық таңбалар дегеніміз не?
2. Жай бөлшекті ондық бөлшек түрінде жазу қалай жүзеге асады?
3. Ондық бөлшекті салыстырудың тәсілдері қандай?

1. Ондық бөлшектер ондық жүйеде жазылатын сандар болғандықтан, оларды қосу натурал сандарды қосу ережесі бойынша орындалады.
1 - мысал: 4, 21 және 5, 47 қосындысын табайық.
Ондық бөлшектерді қосу үшін:
1) ондағы аттас разрядтар бір бірінің астында бірі тұратындай (үтірдің астына үтір тура келетіндей) етіп баған түрінде жазу керек;
2) разрядтар бойынша қосу керек;
3) қосындыдағы үтірді қосылғыштардағы үтірлердің астына қою керек.

2 - мысал. 34, 683+8, 564=43, 247
2. Ондық таңбалардың саны әр түрлі ондық бөлшектерді қалай қосады?
Егер қосылғыштарда ондық таңбалардың саны әр түрлі болса, онда ондық таңбалардың саны аз қосылғышқа қажетті нөлдерді тіркеп жазу керек.

3 - мысал: 5, 243+76, 4 =5, 243+76, 400=81, 643
Ескерту: ондық бөлшектерді қосуды меңгергенде, жетіспейтін нөлдерді жазып жатпай - ақ, ойша қосып жазған дұрыс.
3. Ондық бөлшектерді қосуда қосудың қандай қасиеттері орындалады?
Ондық бөлшектерді қосқанда, қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері сақталады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама