Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Шығыс септік
Сабақтың тақырыбы: Шығыс септік
Сабақтың мақсаты: 1. Шығыс септігі туралы алған білімдерін жинақтау, тұрақтандыру, сауатты жазу дағдысын жетілдіру.
2. Тілдік қорларын байыту, шығармашылық қабілеттері дамыту.
3. Оқушыларды ұқыптылыққа, ізденімпаздылыққа баули отырып, жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, көрнекілік, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: жұлдызшалар, сөзжұмбақ, тірек - сызба, қима үлестірмелі қағаздар, ребустар, суреттер.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі: Өлеңмен ашу.
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
Болашығым, бақытым, дара тілім.
- Міне, балалар, кемеңгер, ғұлама ақындарымыздың тілі - туған тіліміз қазақ тілі сабағы.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Жұлдызшалармен таныстыру.
- Балалар, бүгінгі сабағымыздағы біліміміздің нәтижесін мына жұлдызшалар арқылы анықтаймыз. Мен қолымдағы жұлдызшаларды дұрыс жауап беріп отырған баланың алдына қоя беремін. Қызыл жұлдызша – «5», көк жұлдызша – «4», сары жұлдызша – «3».
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Адасқан буындарды өз орнына қойып сөз құрау.
3. Үй тапсырмасын қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Сөзжұмбақ шешкізу арқылы бүгінгі сабақтың мақсаты хабарланды.
Шарты: - Мына жақша ішіндегі амалды орындаймыз. Сонда шыққан нәтиже сан сөзінің керекті әрпін, төмендегі сан арқылы анықтаймыз

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама