Өнерлі болсаң, озып көр
Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінде
технология пәні мұғалімі
Қосанова Жанар Тілеулесқызы
Өнерлі болсаң, озып көр
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың техникалық пәнінен алған білімдерін іс - тәжрибемен ұштастыра және толық мұғлұмат бере отырып, шығармашылық қабілетін ояту.
Білімділік мақсаты: Білім деңгейін көрсету, жетілдіру, белсенділіктерін арттыру.
Дамытушылық: Оқушылардың эстетикалық талғамын ұштау, өнерге ынтасын дамыту,
ұлттық мақтанышын, сезімін ояту.
Тәрбиелік мақсаты: Өз елін, халқын, Отанын сүюге, құрметтеуге, шеберлікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікке, тәрбиелеу;
Көрнекіліктер: көрме, слайд, конверттер, сулықтар
Барысы
1 - жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар. Бүгінгі оқушылар арасындағы өнер сайысына қош келдіңіздер. Қолөнер – ежелден келе жатқан кәсіп. Ол халықтың өмірімен, тұрмысымен бірге дамып ұрпақтан ұрпаққа беріліп келеді. Қазақ халқы қол өнерін аса жоғары бағалаған. Баланы жастайынан өнерге баулып, жұмбақ шешкізіп, еркін ойлап, кең көсіліп сөйлеуге баулыған.
2 - жүргізуші: Біздің сайыс сабағымыздың да мақсаты тіл ұстартып, ой ұштауға жаттықтыруға, тапқырлыққа, іскерлікке тәрбиелеу. Құрметті ұстаздар, жанкүйерлер «Өнерлі болсаң, озып көр» атты сайыс сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Ендеше сайысқа қатысып, кешімізге нәр беретін топтарымызды ортаға шақырайық.
1 - топ: 5 - сынып қыз балаларынан құралған «Жауқазын» тобы
2 - топ: 6 - сынып қыз балаларынан құралған «Бәйшешек» тобы
3 - топ: 7 - сынып қыз балаларынан құралған «Қызғалдақ» тобы
1 - жүргізуші: Білімі мен өнеріне баға беретін әділ қазы алқасымен таныстырып өтейік:
2 - жүргізуші: Сайыс шарттарымен таныстырып өтетін болсақ:
1. «Сәлемдесу» (өз топтарын таныстыру, эмблема жасау).
2. «Сұрақ - жауап»
3. «Өз өнері»
4. «Мақал - мәтел»
5. «Кім шебер?» сайысы
6. «Үй тапсырмасы» (қолөнер бұйымдары)
7. «Кім жылдам?» сайысы
8. «Сән үлгісі»
1 - жүргізуші:
Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Кілемге біреулер өнер салыпты,
Терме ұстап, енді бірі ши тоқыса.
Оюдан түйін түйіп тамсанып – дей келе, кезекті сайыскерлердің өз топтарын таныстыруына берейік.
2 - жүргізуші: Әділ қазылардан сайысымыздың 1 - шартының бағаларын сұрайық.
1 - жүргізуші:
Білікті жықса біреуді
Білімді мыңды жығады.
Инемен құдық қазғандай,
Білімнің шыңына шығады - дей отырып кезекті білім сайысына берейік. Топ мүшелері сұрақтарға жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.
1. Шашқа тағатын қазақы әшекей (шашбау)
2. Тігін машинасының ең алғашқы жобасын кім ұсынды? (Леонардо да Винчи )
3. Мойынға тағатын әшекей (алқа)
4. Қазақы мата атаулары (барқыт, борлат, бөз, бәтес, шибарқыт, шыт, жібек)
5. Қазақтың дәстүрлі ет тағамдары (қазы, қарта, жал, жая, сірне, шұжық)
6. Жібек мата неден алынады? (тұт құртынан)
2 - жүргізуші: Әділ қазылардан сайысымыздың 2 - шартының бағаларын сұрайық.
1 - жүргізуші:
Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп ал біреуі ән салыпты
Бүгінгі сайыстарда бәйге алуға,
Барлығы да аянбай жан салады.
- Келесі сайысымызды өз өнеріне береміз. Бұл сайыста әр топ өз өнерлерін көрсетеді.
2 - жүргізуші: Әділ қазылардан сайысымыздың 3 - шартының бағаларын сұрайық.
1 - жүргізуші:
Ұққаның жақсы болса,
Жақының көбейеді.
Ұстазың жақсы болса,
Ақылың көбейеді.
- Олай болса келесі «Мақал - мәтел» сайысына кезек берейік. Бұл сайысымызда әділ қазылардың алдындағы конвертке салынған мақал - мәтелдердің жалғасын табулары керек. Әр конвертте 3 мақал - мәтелден, әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Ендеше сайысымызды бастаймыз. Қатысушы топтарға сәттілік тілеп, қошеметтеп қояйық.
Мақал - мәтелдер:
1. Ою ойғанның ойы ұшқыр
2. Өнерлінің қолы алтын, өлеңшінің сөзі алтын
3. Ер қадірін ер білер, зер қадірін зергер білер
4. Қол өнері - кілемде, сөз өнері – өлеңде
5. Шешеннің сөзі мерген, шебердің көзі мерген
6. Қыз еркем, кестесімен көркем
7. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
8. Шебердің қол алтын
9. Бүгінгі істі ертеңге қалдырма.
2 - жүргізуші: Әділ қазылардан сайысымыздың 4 - шартының бағаларын сұрайық.
1 - жүргізуші:
Бұйымдармен заттарды
Сәндеу үшін көрнекті.
Қиында болса қиналмай
Менде үйрендім өрнекті - деп, келесі кезекті «Кім шебер?» сайысына берейік. Бұл сайыста топтарға қонақ күтерде дастарқанға қойылатын сулықтарды бүктеп және олардан бұйымдар жасау.
2 - жүргізуші: Әділ қазылардан сайысымыздың 5 - шартының бағаларын сұрайық.
1 - жүргізуші:
Шебер біздің әжеміз
Шебер біздің атамыз.
Шебер болған бабамыз
Бізде шебер боламыз.
- Келесі кезекте сайыскерлеріміз үйге берілген қолөнер бұйымдарын қорғайды.
2 - жүргізуші: Әділ қазылардан сайысымыздың 6 - шартының бағаларын сұрайық.
1 - жүргізуші:
Бауырласқан тәніміз.
Бұзылмаған сәніміз,
Кең даланың ежелгі,
Қазақ деген халқымыз,
Өзге ұлттай біздің де
Бар қолөнер салтымыз - дей келе келесі «Кім жылдам?» сайысын бастайық. Бұл сайысқа топ басшылары қатысады. Берілген көкөністерді 2 минут ішінде аршуы керек.
- Ал, топ басшыларына сәттілік тілеп, қошеметтеп отырайық.
2 - жүргізуші: Әділ қазылардан сайысымыздың 7 - шартының бағаларын сұрайық
1 - жүргізуші:
Бүгінгі жастарға оқу міндет,
Тек қана оқуменен өнер білмек.
Өнер, білім, адалдық, ар - намысты,
Жоятын надандық қой жаман індет - дей келе келесі сайысымыз «Сән үлгісіне» берейік.
Қыздарымызды қошеметпен ортаға шақырайық
2 - жүргізуші: Әділ қазылардан сайысымыздың 8 - шартының бағаларын сұрайық
1 - жүргізуші:
Білім деген байлық бар,
Еш байлық оған жетпейді.
Жасыңда оқып, жиып ал,
Тепкілесең кетпейді.
2 - жүргізуші:
- Құрметті көрермендер, қатысушылар енді жалпы ұпай санын есептеп жарыста жеңген жеңімпаз топты марапаттау үшін әділқазыларға сөз береміз.
1 - жүргізуші:
Сіздер біздің шебер іскер және қиыннан қиыстырар тапқыр оқушылар өнерін тамашаладыңыздар. Өнер құдіретті күш, адамның жан серігі, рухани байлығы. Кез келген озып шықпайды, талапты, өнерлі оқушы жарқырап біріншілікке шығады. Талант пен өнер атауларының көтерілер шыңы - дарындылық. Осындай сайысқа жиі қатысып, талаптарымыз талмай, дарындылық қасиеттеріңіз арта берсін.
Мұғалім сөзі.
Халқымның қолөнері өрістесін.
Әрқашан Алла берсін берекесін.
Осымен сайысымыз аяқталып,
Өнерлі жастарымыз өсіп - өнсін.