- 20 ақп. 2020 00:00
- 166
Өзім тойдым...
Біреу үйіне келген қонақтарға қой сояды. Көп етіп ет асады. Қонақтар оған өте риза болып, тоқмейілденіп отырады. Бірақ үй иесі қулық қылып қонақтарды аш қалдырғысы келеді. Алдарына ас келгенде ол өзі үш-төрт асап:
— Басқаны білмейім, мен өзім әбден тойдым! — деп қолын жалап, кейін шегініп шыға келеді.
Қонақтар мешкей екен демесін деп ұялып, олар да қолдарын жаласып, дастарханның жиегін қайырып, тойдық дегендей мезірет көрсетеді. Дастархан жиналады. Қонақтар қаңтарылып аш қала береді.